Дереу іске кірісуді үйрен

Күн нұрын шашып тұрған көктемнің бір күнінде, бір бала далада ойын салып жүріп, үлкен ағаштың астынан өтіп бара жатқанында ағаштың үстінен басына бірнәрсе құлап түседі. Ол басын ұстап төмен қарағанында жерде жатқан торғай ұясын көреді, ұя ішінде торғай балапаны аузын айқар ашып шиқылдап жатыр. Торғайды жанындай жақсы көрген бұл бала торғай балапанын осында қалдырып кетсе не аштан, не біреудің азығы болып өлетінін біліп, оны ұясымен бірге үйіне алып кетіп, кішкене өсіргеннен кейін барып сыртқа жіберуге шешім қабылдады. Сөйтіп ол торғай балапанын ұясымен бірге үйне қарай алып кете барды.

Үйдің алдына келгенде, анасының сырттан жануарларды үйге алып келуіне тыйым салғаны есіне түседі. Бірақ қолындағы аштан шиқылдап жатқан торғай балапанын қайтадан тал асына апарып тастауға жаны ашыды, сөйтіп торғайды ұясымен бірге ақырыпдап есік алдына қойып, өзі бірінші кіріп анасынан рұқсат сұрап шығатын болды. Баласының шын жүректен өтініп сұрап тұрғанын көрген ана жүрегі қатыгезтік таныта алмай, өз рұқсатын береді. Қуанышы қойынына сыймай сыртқа жүгіріп шыққан бала есік алдында қалдырып кеткен торғай балапанын таппайды, тек аузындағы торғай жүнін тазалап отырған қара мысықты ғана көреді. Бала қара мысыққа қарап есік алдында ұзақ уақыт бойы көңілсіз отырды.

Бұл оқиға баланың жүрегіне қатты әсерін тигізді, ол ұзақ уақыттан кейін ғана “өзіңнің дұрыс деп ойлаған ісің болса ешқашан кейінге қалдырмай іске асыру керек” екенін түсінді. Бұл бала өскеннен кейін АҚШ-тағы әйгілі университеттердің біріне оқуға түседі, кейіннен IT саласында аты алтын әріппен жазылған адамдардың біріне айналды. Ол 600 доллармен өзінің ісін бастап, бүгінгі таңда жылына 3 миллиард доллар айналымы бар, 30 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған үлкен компания басышы болды. Бұл әйгілі кәсіпкер сұқбаттарында әрдайым балалық шағындағы сол бір оқиға оның өмірінің өзгерісіне үлкен әсер тигізгенін айта отырады. Сол бір оқиға оның арманына жету құпиясын ашты – шешім қабылдаған ісіңе дереу кіріс, сонда ғана армандарыңа қол жеткізе аласын.

Іспен айналысқан кезде жоғары белсенділікпен айналысу керек, қорқыныш, уақыты келмеді деген сияқты сылтаулардың артына тығылмай, мақсаттарыңның артынан бірден іске кірісіп, істің барысында барып стратегияларыңды жетілдіре түсу керек.

Ерболат Еділ
24.04.19

+1
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии