Бісмилла сөздің басы бір дегенде,
Оқиғаны ширатайын бұл өлеңде,
Ертеде хан болыпты ақылы көп,
Патшалық құрыпты жарты әлемге.
Әлгі патша жасында еңбек етіп,
Ақылды басшы қыпты өмірінде.
Алланың қалауы болғаннан соң,
Жетіпті патшалықтың төріне де.
Бір күні әлгі патша перзентіне,
Үн қатыпты ойменен тербеліне,
Ал балам ер жетіпсің байқағаным,
Қызмет қылшы сен енді өз еліңе.
Байлықтың бәрін берем теңгені де,
Алдыңа жайып салам көмкеріле.
Әлемнің барын шарла, дүние кез,
Ақыл айтам құлақ салсаң сөздеріме.
Қайда болсаң іс қылғын қуанатын
«Үйлер салғын» болып өткен жерлеріңе,
Салған үйдің сандарын көбейте бер,
Бірақта бір шарт қоямын үйлеріңе.
Сол үйлер өз үйіңдей жарық болсын,
Барған кезде қонағы қарық болсын.
Әлгі үйде мен қонақ болған кезде,
Жақыныңдай жүздері жарық болсын.
Әлгі жігіт жер менен ел кезіпті.
Барған жерге үй салуды тездетіпті.
Әкенің рұқсат берген дүние малын,
Жұмсапты таусылғанша лездетіпті.
Мал дүние жұмсаса кемееді.
Арада айлар, жылдар уақыт өтті,
Жігітке елге қайтар кез келеді.
Әкешім айтқаныңды орындадым,
Бұлжытай өзің қойған талаптарын.
Барған жерге үйлер салдым ел аралап,
Кей біреуін бос қойдым, құлыптадым.
Ұлыңа разы болғын әкетайым.
Аманатын өзіңінің орындадым.
Әлгі патша күрсініп баласына,
«Түсіндім ақылыңа салмасына.
Тәрбие берген кезде ұмытыппын»
Салмақ болды бұл бала қу басыма.
Қу дүние өзің тапқан құнды болар,
Өзгенің мал мен мүлкі түкке тұрар.
Мен жиған байлықтың бәрін шаштың
Ақылға малғұн келіп тұзақ құрар.
«Ел арасы үйлер сал» деген сөзім,
Дос тауып тапқын дегем өмір көзін.
Өз досыңның үйінде пенде шіркін,
Еркіндікпен сезінеді адам өзін.
Досыңның үйінде жарық болар,
Өз үйіңдей ішіне шаттық толар.
Ал сенің салған үйің бос қалады,
Қамалсам әлгі үйлер қабір болар.
Не ексең алдыңнан сол шыға келер.
Еккен ағаш күтім қылса жеміс берер,
Ұрпақтың қамын жасап ойланбасақ,
Ағайын ақылсыздар қайдан келер?!
13.10.2012