Ертеңгі күнің бүгіннен басталады

Болашағың өз қолыңда өзгерткін,
Дайындалсаң оқуыңа кекер кім?
Білмеймін- деп қол сілтей сен бергенше
Уақыт бөлсе сәл болсада дегенім.

Өтіп жатыр қымбат уақыт тоқтаусыз,
Сен отырсың армансыз не, мақсатсыз.
Бір мәнісі болып қалар деген ой
Құрбосқа қаласың ғой грантсыз.

Отырсың сен телефоның қолыңда,
Санаңда тек күлкі менен ойын ба?
Ата-анаңды кім асырайды ойлашы,
Осы сұрақ өзіңе сен қойдың ба?

Баста қазір , әлі бәлкім кеш емес,
Оқысаң сен жаман болды, бұл демес.
Арманыңа қадам жаса қазірден,
Ертеңгі күнің басталады бүгіннен.

Биылғы бітіруші түлектер! Оқу бітіп , жоғары оқуға тапсыруға біраз ғана қалды. Осы қалған алтын уақытты орынымен жұмсап , дұрыс дайындалайық. Ойын , күлкі, қыдыру оның бәрін грантқа түсіп алып та тындырасыңдар. Өз болашақтарың өз қолдарыңда ғой. Сендерді бағып -қаққан , тұмсықтыға шоқтырмай тырнақтыға алдырмаған өсірген ата-аналарыңды ертең кім асырайды?. Қазір бір бөлмеде телефонмен отырған шығарсың уақытыңды бекерге жұмсап, ананы қарап, ойын ойнап. Сонда сенің ата-анаң , анаңның ақ сүтіне деген алғысың осы ма? Жарайды, оны қоя тұрып келешекте өз отбасыңды қалай асырайсың? Оқымасаң  ауыр жұмыс істеп жүресің , өз денсаулығыңды өзің құртып. Қазіргі заман оқығандікі! Сондықтан тынбай еңбектеніп оқылық. Оқысаң әйтеу бір жерді тесіп шығарың анық.

Ертеңің бүгіннен басталады . ҰМЫТПА!

Кунат Еркебулан

0
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии