Суицид

Суицид

Бір індет басқалы жастарды…

Қаншама жас тамды?

Қаншама шаңырақ бос қалды.

Өрімдей балалар,

Топырақ жастанды.

 

Бір күндік ашуға беріліп,

Бір күні бітпестей көрініп.

Бір ғұмыры келмеске кеткенде,

…Көзден жас төгіліп,

Жоқтайды егіліп.

 

…. не пайда?

Неліктен?

Бүгінгі жастарың желіккен?

Имансыз бос қалған жүректі,

Жын ойнақ айырып еріктен.

 

Елітіп, санасын шайқаған,

Шайтаны сыбырлап айтад ән.

Ашуын алған соң ажалдан,

Өмірге келмейді қайтадан.

 

Қарашы!

Өзіңе қол жұмсап өлгенмен,

Айықпас жаныңның наласы,

Жазылмас жүректің жарасы.

Өзіне қиянат жасаған,

Адамның…. тым ауыр жазасы.

З. Жайнарбек

 

 

+6
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии