Толғанып таң қаламын пасықтарға,
Қанымды ұрттап ішер қасықтарда.
Елім деп еңіремес ер қазақтың
Жетімдігін жеп жатыр сасық қарға.
Ей, айтыңдаршы,
әлі менің елімде пасық бар ма!?
Иә, толғанып, қайғыға шалынып, тасынып аласың бұдан. Тарихта қазақ деген ел болмаған, қазақ тілі жоқ, жазусыз қайдағы тіл, қазақ тілінде бірде-бір әдеби еңбек жоқ деп қазақ деген елді жоққа шығарған Шірігенскийдің (Жириновский) сандырағын естігенімде, төбеме жай түскендей намыстан өртене жаздадым. Ұстазым (Жансанов Медет) сол нәрсені көрсетпегенде, басқалары секілді сайран салып жүре берер ме едім.
Ана тілі қазақтың дара тілі,
Ананың ақ сүтімен дарыған да.
Қасиеті жойылмас ана тілі,
Ана тілдің тұғыры біздің қолда.
Сол тілдің өзіміз ғой жанашыры,
Ол өлсе, мен де өлермін, тайсалмаймын,
Тілім менің – көзімнің қарашығы.
Біздің билік өтірік айтады да, сосын патриот болыңдар дейді. Қазақты аяп отырған жоқ олар. Біздің бұрымды қыздарымызды шетелде коммерциялық жолмен ақша табады дейді. Қу қытай болса: «Қазақтың қонақжайлылығы соншалық, үйіндегі қызын қойныңа салып береді» деді. Қара көз қарындастарымыздың еңсесін түсіріп жатты осындай балағат сөздермен.
Қазақты қазақ қылу өзіміздің қолымызда. Менің жалғыз басым қайда жетеді, жасым болса 15-те. Сол басыммен қазақты қайда барып көтерсем де, жалғыз менің қолымнан келмесі анық. Бірлік болмай, тірлік жоқ демекші, қазақтың тура жолдан адаспауын Алладан тілеймін!
Аманжол Жанбота
Алматы облыстық И.Нүсіпбаев атындағы №4 мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы