Он екі айдың сұлтаны, ақ пен қараны айырушы, Алланың рақымы жауған, сабырлық айы, Құран айы, тағатсыздана күткен — Рамазан айымызда келді.
Рамадан араб тілінен аударғанда «күйдіру, өте ыстық» деген мағына береді екен. Яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіру деген мағынаны білдіреді.
Рамадан — әрбір ақыл – есі дұрыс, блиғатқа толған және мұсылман болған әрбір адамға парыз екені баршамызға да сонау бала кезден –ақ белгілі нәрсе. Рамазан айында ораза тұтудың парыздығы туралы Аллаһ Тағала Бақара сүресінің 185 аятында « Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде — кім ауру болып немесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді » делінген. Яғни, Аллаһ Тағала бізге ешқашанда ауырлық емес, жеңілдік қалайтыны жайлы да баяндалған.
Және де Аллаһ Тағала Құранда Бақара сүресінің 183 аятында: « Ей, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау міндет етілгендей, сендерге де ораза тұту парыз етілді. Мүмкін тақуалыққа қол жеткізерсіңдер », дейді. Яғни біз 11 ай бойы тәнімізді азықтандырсақ, енді бір ай рухымызды азықтандыру керекпіз.
Рамадан – мұсылманның бес парызының бірі. Ал кімде – кім шамасы келе тұра ораза тұтпаса, оның мойнына күнә болып жазылатынында жақсы біледі. Сондықтан, бұл ай – сауаптар еселенетін ай, жылына бір – ақ рет келетін зор мүмкіндік айы. Пайғамбарымыз ( с. ғ. с.) Рамазан жайлы бір хадисінде « Егер адам баласы Рамазан айының не екенін лайықты түрде түсіне білсе, бір жылдың бастан – аяқ Рамазан болуын қалар еді», — деген екен. Яғни біз тек қана тамақ ішуден ғана тыйылмай, ізгілікті істер істеп, ерекше рухани баюымыз, жүректі жұмсарту қажетпіз. Құран түскен ай болғандықтан Құранға ерекше мән беріп, оқу керекпіз.
Бір ай ораза ұстаған адам сауапқа ғана кенеліп қоймай, оразаның денсаулыққа тигізер пайдасы да мол екен. Қазіргі таңда батыста «кейбір ауруларды аштықпен емдеуге болады» деген жаңалықта ашылуда, бірақ бұл нәрсе мұсылмандарда әлдеқашан дәлелденіп қойылған екен.
Ораза ұстау медициналық дәлелдеулер бойынша, адамның организмін ауруларға қарсы тұрғызуын, яғни иммунитетін нығайтады екен. Лейкоциттің көрсеткіші 10 есеге жақсарып, қандағы натрийдің көбеюін жоғарлатып, кальцийдің шамадан өсуіне кедергі жасайды. Асқазан жарасының пайда
болуының басты себебі болатын, артық қышқылдың жиналуын алдын алады. Ашыққаннан кейбір тері аурулары жазылады. Күні бойы тынбай жұмыс істейтін асқазанда оразаның арқасында орта есеппен күніне төрт сағат тынығады екен. Және оразада асқазан бойындағы шлактардан, артық майлардан арылып, жаңа күш жинайды. Ал, бауырға оразадан артық ем жоқ екен. Жалпы, ораза бүкіл дененің қайта қалыптасуына көмектесіп, иммунитетті жоғарлатып, жасушалардың жаңарып, ескі жасушалардың жойылып, адамның жасаруына септігін тигізеді.
Француз биологы, ішкі ағзалар бойынша білікті маман дәрігер болган, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде «Адамдардың барлығы ғасырларда ораза тұтқан. Сондай — ақ, барлық діндер тамақ, судан тыйылып, ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан кейін әлсіздік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге тері астында сақталған майларда қимылдап, ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзінде сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл – болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді.» деп Каррель өз еңбегінде ашығудың яғни оразаның адам ағзасына тигізер пайдасын айтып кеткен. Ал, ол нәрсе бізде бұрындары Алла тағаланың өзі дәлелдер келтірілген. Тағы да сол сияқты Макфон деген америкалық дәрігерде оразаның денсаулыққа пайдасы жайлы түрлі еңбектер жазған.
Иә, ораза – тәннің де саулығы болып табылады. Рамазан айында «денсаулығымды жақсартамын, яки болмаса, арықтау керек т. б.» деп басқа ниетпен ұстауға болмайды. Ораза – Алла мен пенде арасындағы көрінбейтін байланыс. Яғни, біз ораза арқылы Аллаға қаншалықты жақын екенімізді, қаншалықты жақсы көретінімізді дәлелдеу керек екенбіз. Негізінде, Рамазан айы басқа айларға қарағанда артықшылығы көп. Ол – сынақ айы,сабырлық, кешірім, мейірім, озін – өзі тәрбиелеу айы, Құран айы, рухани жаңғыру т.с.с ай екен. Аллаһ Тағала бір құдси хадисте : «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Алайда, оразаны, жөні бөлек,оның сауабын өзім беремін.» деп, Аллаһ Тағала оразаның сауабын өзім беремін дегеннен кейін болды емес пе?! Неткен үлкен бақыт! Сол себепті құрметті бауырлар, жылына бір – ақ рет келетін Рамазан айын құры бос уақытпен, өкінішпен өткізіп алмайық. Барынша Раббымыздың разылығын алуға, рухани тазаруға, өзімізді тәрбиелеуге, көптеген жақсылық істер істеуге талпынайық. Рамазан айы мүбәрәк болып, баршамыздың Алладан ниет еткен тілектеріміз қабыл болсын!