Аурудың келер шағын ойламайды.
Күнәнің зардаптарын білер боса,
Ешбір жан жамандыққа жоламайды.
Ақиретке шын иман келтіргендер,
Бұл өмірде тірі жанды қорламайды.
Құранның шын ләззатын сезінгендер,
Батыстың өлеңдерін тыңдамайды.
Шариғаттың үкімін қабылдаса,
Адамзат бір тиында ұрламайды.
Демократия құлағынан су ішкендер,
Ақсақалдың ақылын тыңдамайды.
Тәкаппарлық теңізіне шомылғандар,
Алладан тура жолды сұрамайды.
Адамның ең жаманы екі жүзді,
Жаратушы оларға қарамайды.
Иманмен тақуалық қатар болса,
Ондай жан қыл көпірде құламайды.
Ұрпақтың қамын ойлап қам жасаған,
Қарттықтың қақпанында жыламайды.
Ақында өмір дәмін татынбаса,
Елім, жерім, дінім деп жырламайды.
Өмірдің шын ляззатын сезінбестен,
Уақытты өлтіру керек деп асығады.
Тәңірдің хақпен берген дініне емес,
Шайтанның шатағына бас ұрады.
Ақиқатты айтқанда басың кетсе,
Шындық деген қанша бізден қашық әлі.
Жалғандықпен өмір сүрген қоғамыңда,
Бағы да басқалардан тұр тасып әні.
Агенттің бармағын білген жастар,
Ата тегін сұрасаң ах ұрады.
Анасына ақ тілек жазбаса да,
Перне тақта алпыс рет басылады.
Ассалауын ауыстырып басқа сөзбен,
Hello, привет – жан-жаққа шашылады.
Қысқа көйлек киіп жүрген қарындастар,
Ұзын етек киюге мастанады.
Ұрпақтың тәрбиесін сұрасаңыз,
Ананың құрсағынан басталады.
Құрсақта жатқан ұрық төрт айдан соң,
Періште жан үрлеумен басталады.
Алланың қаһарына ұшырағандар,
Тозақтың тамұғына тасталады.
Алладан тура жолды сұрамаған,
Ақиқатқа жақындық қыла алмайды.
Сұраққа алған кезде жаратушы,
Сырт пішін, бай кедейге қарамайды.
Әр бір істе тәңірді есіңе ал,
Жаратушы сүйген құлын қорламайды.
Нәпсіңді жең, сабырлы биязы бол,
Менмендік жақсылыққа апармайды.
Дүниеңнен зекет бер, жомарттық қыл,
Кедейлік саған келіп жоламайды.
Жандос
+4
0