Жақсылыққа жол ашсам

Жақсылыққа жол ашсамЖасым бітті, жыламаймын мен енді,
Ұуат жинап, беріктенер кез келді.
Құрттай жеген жүректегі дертті енді,
Жақсы күшке айналдырар кез келді.
Бұл күшпенен жақсылыққа жол ашсам,
Бұл күшпенен қараңғыда нұр шашсам,
Бақытты жан болмас мендей әлемде,
Жүректегі жараларға ем болсам.
Тірі жанға тисе екен бір пайдам
Бұл өмір, соғыс сынды, бір майдан.
Бұл соғыста бір бейбаққа көмек берсем,
Шыққандай болармын мен терең сайдан.
Біреуге көмек берсем, рахаттанам.
Рухым менім, нұрға толып, бір шаттанам.
Жарқыраған жақұттан да, алтыннан да
Жаратқанның разылығы қымбат маған.
Пайдасыз жан болғым келмейді менім,
Пайдасыз болғанша, жақсы барып өлгенім.
Мақсатым бар алдымда белес-белес
Бұл өмірге бір іс үшін мен келгенмін.
Біреуге көмектессең, болмассың төмен.
Көмек десе, намысымды жерге көмем.
Үлкен болсын, мейлі, ол, кіші болсын,
Бәрін бірдей туыстас бауыр көрем.
Берерімнен, алары көп бір адам,
Болғым келмейді мен ондай, ондай адам.
Берермін мен, мен бәрін, жанымды да,
Тура жолға сен егер бассаң қадам.
Тура жолда жүрейік, адаспайық,
Надандықпен жамандықтан алыстайық.
Барайықшы, қастарына жақсылардың,
Жақсы істі үйренуге біз бастайық.
Жүректерге толтырайық кітап нұрын,
Жүректерге егейікші иман гүлін.
Ол гүлдер бүршік атып, жайқалғанда,
Басқаларға берейікші, бір тал гүлін.
Олар да болмасын,
Мақұрым бақыттан.
Олар да қалмасын,
Осы тура бағыттан.
Олардың да жүректері нұрға толсын,
Олардың да имандары күндей болсын.
Жүр бауырым,
Жүр бауырым, көрейікші.
Жақсылықтың сәулесін берейікші,
Қиындықтар кездеседі әлі талай,
Белімізді бекем буып, төзейікші.
Үйретейік, жақсылық адамдарға,
Қымбат қой зәулім үй, сарайдан да
Үйренейік олармен, үйретейік
Қиналмасын рухымыз жан шыққанда.

***

Қалайша

Мен қалайша жатармын төзіп,
Қалайша отырамын көзімді жұмып,
Егер сен кетіп бара жатсаң,
Дүние мен мансапты қуып,
Бұл сөзім көре алмай тұрған сөз емес.
Бұл өмір сағым сынды бір елес.
Мәңгілікте, болайық біз бақытты,
Сүрінбейік сынақтардан белес-белес.
Дүние жима демеймін, дүниеңді жи
Көмек беру жолында, олады қи.
Қорықпа, қайтарымы жүз есе ғой,
Мәңгілік өмір үшін, нәпсіңді тый

Автор: Шекер

+5
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии