Кей—кейде атамекеніңнен бірер жыл жырақ кеткеннің де пайдасы бар ма деп қалдым. Бөтен жұрттың білімі мен ғылымын, дағды—дәстүрін, мәдениетін, дінін өз көзіңмен көресің, оған байыптай қарайсың, озығы қайсы, тозығы қайсы – салыстырасың, салмақтайсың, белгілі бір ой түйесің. Мәселен, өзім білім алып жүрген Ньюкасл университетіне қарасты кішігірім мешітке жұма намазға барғанымда, мынадай таң қалдырарлық жағдайға тап …