Бұл очерк 2009 жылы Хабар телеарнасының «Жастар Жанары» байқауында жеңімпаз деп танылды.
30 желтоқсан 1990 жыл.
Тағы бір күн аяқталды. Бүгінгі күн азаппен, қиындықпен өтті. Бірақ мен еш өкінбеймін. Ең бастысы, Динара аман қалды. Түскі 12-де төртінші қабаттан құлап түскен екі жасар қызды «жедел жәрдем» көлігімен әкелген кезде, «өмірге енді ғана қадам басқалы тұрған бүлдіршіннің сынған …