Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Магистранты
МУРАТ КЕЛЕШ
Ұлы уәзір өзінің «Сиясет-наме» атты шығармасын Меликшах сұлтанның сұрауы бойынша жазған. 1086 жылы Меликшах сұлтан өзінің қол астындағы Низам әл-Мүлік, Шәрафу-л Мүлк, Тажу-л Мүлк және Мәжду-л Мүлк сияқты мемлекет қайраткерлеріне: «Іштеріңдегі әрқайсысың мемлекетіміздің жағдайы туралы ойлансын, қазіргі кезде ненің жақсы екендігін ойлансын, ғимарат-шатырымыз бен кеңесімізде бұл шарттардың (жұмыстардың) орындалмау себептерін немесе бұларды бізден жасыру себептерін анықтасын, бұрынғы падишахтардың (патшалардың) атқарып, ал біздің атқара алмай жатқан қандай жұмыстардың бар екендігін бақылап қарасын. Бұрынғы әміршілердің, сондай-ақ Селжұқ сұлтандары мен өзге де падишахтардың жүргізген заңдары мен шұғылданған мәселелерін қарастырсын. Бұларды бізге жазып көрсетсін. Біз де діни және дүниелік жұмыстардың өз заң-ережелеріне қарай қалай жүргізілгендігін көріп, соған қарай жұмыстарды тапсырайық. Арғы дүниеде азап тартпауымыз үшін жақсылық пен жамандықтың не екендігін білейік. Осыған орай Ұлы Аллаһ Тағаланың әмірлерін орындауға тырысайық. Өйткені, бізге бұл дүниеде падишах болуды нәсіп еткен Аллаһ Тағала бізді өзінің ризық-нығметтерін бөлеп, ал дұшпандарымызды лағынеттеді. Бұдан кейін мемлекетімізде Аллаһтың әміріне немесе заңдарына қайшы келетін, бұларға зиянын тигізетін жағдайлар мен іс-әрекеттер болмауы керек» [1] — деп, оларға саясат
туралы кітап жазуларын бұйырды. Осыған орай ұйымдастырылған жарыстың нәтижесінде Низам әл-Мүліктің шығармасы ең озық шығарма ретінде таңдалып алынып, Меликшах сұлтанға ұсынылды. Низам әл-Мүлік Меликшах сұлтанның айтқанындай мемлекетті қалай дұрыс басқару керектігі, діни және дүниелік істерге қатысты сақтық шараларының алынуы, өмір сүру ережелері, саяси және діни істердің жүргізілуі туралы кітап жазды. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Низам әл-Мүліктің «Сиясет-наме» атты еңбегі падишахтың ойынан шыққан, оның талап-сұранысын қанағаттандырған шығарма болып саналды.
Бұл шығарманың мазмұнынан байқалатындай, Низам әл-Мүліктің негізгі мақсаты Селжұқ мемлекетінің басқару механизмін қалай болса дәл солай түсіну (қабылдау) емес. Ол, өзінің бұл еңбегінде өз заманындағы діни сенімдер мен түсініктерге қарай жұмыс жүргізетін мемлекеттік қызметкердің (маман) қандай болатындығын, сондай-ақ жетістікке қол жеткізетін іскер басшының қандай жұмыстар атқаруы керектігін түсіндіруге тырысқан. Ұлы уәзір кітабын жазып бітіргеннен кейін Меликшахтың артынан Бағдатқа барады. Келеңсіз бір жағдайға тап болып қалармын деген ойдан қауіптеніп кітабын падишахқа беру үшін жеке хатшысы Мухаммед Мағрибиге аманат етіп береді. Мағриби батинилердің көтерілісіне мемлекет әскері тойтарыс бергеннен кейін кітапты Меликшах сұлтанға береді. Бұл уақыт орта ғасырда өмір сүрген әйгілі Ислам ойшылы Имам Ғазали қайтыс болған 1111 жылға дейінгі кезең еді. Өйткені Ғазали бұл кітап туралы естіп, өзі де осы кітаптан пайдаланған. Нәтижеде, «Сиясет-наме» шығармасы толық кітап ретінде 1098-1111 жылдар аралығында жазылған[2].
«Сиясет-наме» шығармасы мен оның авторы кейінгі дәуірлерде көптеген мақтауларға ие болғанымен, кейбір жазушылар тарапынан сынға алынған. Низам әл-Мүлік діни білімі мен ғылыми ойлары басым болған мемлекеттік қайраткер болғандықтан, оған көбінесе осы жағынан сын айтқан. Өйткені, оның «Сиясет-наме» шығармасының 30-шы тарауы түгел дерлік Исламға қайшы келетін «шарап кеңесінің құрылуы мен оның шарттарына» арналған [3]. Яғни, көріп отырғанымыздай ұлы уәзір бұл мәселеде Исламның ереже-заңдарын еш білмейтін адам сияқты әрекет етіп, шарап кеңесін әдеттегі «ресми кеңеске» ұқсатып жазған. Ислам заңдары тұрғысынан сынға алынған бұл тарау, негізінде Селжұқтықтардың патша сарайындағы өмірі мен сарай мәдениетінің ішкі жағын суреттеген қызықты да маңызды тарау болып саналады. Бұл жерден сарай мәдениетінде өткен дәуірлерге тән ерекшелік ретінде ескі түрік әдет-ғұрыптарының да сақталғандығын көре аламыз. Низам әл-Мүліктің бұл әйгілі шығармасы парсы тілінде жазылған және 51 тараудан құралған. Бұл шығарманы зерттеп
қарағанымызда кейбір тараулардың өте қысқа, ал кейбір тараулардың ұзақ екендігін көреміз. Сондай-ақ автор бұл еңбегінің оқырман қауымға ауыр болмасын жеңіл оқылсын деп, кітабында әртүрлі хикаялар мен Құран аяттарын да жазып кеткен.
Оның бұл шығармасын зерттеп қарағанымызда, Низам әл-Мүлік өзінің бұл еңбегінің құнды шығарма екендігін атап көрсеткен. Оның пікірі бойынша, «Ешбір падишах және әміршінің бұл кітапқа ие болуынан және оның ішіндегілерді білуінен басқа амалы жоқ. Әсіресе, өмір сүріп жатқан осы замандағы адамдар бұл кітапты міндетті түрде оқуы керек. Оны шын ықыласпен зейін қойып оқып шықса, олардың діни және дүниелік істер туралы білімі арта түсіп, дос пен дұшпанның жағдайын жақсы ажырататын болады. Өйткені бұл жерде жазылған мағлұматтар арқылы үкімет, мәжіліс, кеңес, мал-мүлік, салық, сондай-ақ халық және әскердің жағдайы туралы мәселелерді біледі.» [4].
Бұл шығарманы құрайтын елу бір тарауды қарастырғанымызда Низам әл-Мүліктің бұл тарауларды белгілі бір ретпен, жүйемен жазбағандығын, ойына келген кезде жазғандығын көреміз. Бірақ, барлық тараулардағы мәселелердің бір-бірімен байланысты екендігін көрінеді. Шығарманы белгілі бір тақырыптарға бөліп қарастырсақ, оны оқып түсіну жеңіл болады.
1) Басшы (билеуші) мен үкіметке қатысты тараулар 1. тарау: Сұлтанды (патша) мақтау-мадақтау, халықтың және дүниенің жағдайы туралы 12. тарау: Падишах және әміршілердің Аллаһ Тағаланың нығметін мойындауы туралы 2. тарау: Падишахтың өз заманындағы әділетсіздікті жойып, әділдікті орнатуы туралы 8. тарау: Дін және діни заңдарды зерттеп, бақылау туралы 11. тарау: Падишахтың жазған жарлықтарына және айтқан мәселелеріне құрмет көрсету туралы 17. тарау: Падишахтың туыстарының жұмыстарының қалай атқарылатындығы туралы 18 тарау: Падишахтардың мемлекеттің жұмыстары үшін ғалымдармен кеңесуі туралы 20. тарау : Падишахтың бөлмесінің дайындалуы, безендірілуі және әртүрлі қарулардың жасалуы туралы 30. тарау: Шарап кеңесінің құрылуы және оның шарттары (ереже) туралы 31 тарау: Падишахтың алдында құлдар мен қызметшілердің тұратын жері туралы
35. тарау: Сарай күзетшілері, қарауылдар мен сақшылар туралы 36. тарау: Құлдар мен қызметшілердің құқығын қорғау туралы 37. тарау: Падишахтың дастарханының қалай әзірленуі, қызметшілерінің кімдер болуы керектігі туралы 39. тарау: Падишах міндетін атқарғанда ойланып шешіп қабылдау туралы
40. тарау: Жазаны орындау әмірлері мен жазаға тарту құралдары туралы 41. тарау: Падишахтың Алланың құлдарына мейірімді болуы, сый-құрмет көрсетуі/атақ-дәрежелері туралы 42. тарау: Екі жұмысты бір адамға тапсырмау, жұмыссыздарға жұмыс беру және оларды жұмыссыз қалдырмау, жұмысты діндар және қабілетті адамдарға беру, дінсіздерге жұмыс бермей оларды айналасынан қуу туралы 43 тарау: Әскер қолбасшыларының атақ-даңқтарының қорғалуы және өнерпаздар туралы 44. тарау : Мемлекеттің және діннің дұшпандарын, дінсіздер мен Харижиттердің іс-әрекеттерін қадағалау туралы 49. тарау: Падишахтың қазынаға ие болуы және оны ретке келтіру туралы 50. тарау: Әділдікті талап еткендердің санын азайту, оларға тез жауап беру, ақысын беру туралы 51. тарау: Аудандардан есеп алу және мұны бір жүйеге қою туралы
2) Үкімет қызметкерлеріне қатысты тараулар 4. тарау: Ғалымдар, уәзірлер мен құлдардан үнемі есеп алу туралы
5. тарау: Олардың халықпен қалай қарым-қатынас жасайтындығын тексеру мәселесі туралы 6. тарау: Қазы (сот), би-шешен және қауіпсіздік қызметкерлерінің жұмыстары туралы 7. тарау: Салық қызметкері, қазы (сот), қауіпсіздік істері басшысының, аудан басшысының жағдайын тексеру және мұның саяси шарттары туралы 9. тарау: Мемлекеттің алдыңғы қатарлы өкілдері және олардың күн-көріс жағдайы туралы 19. тарау: Жалғыз бастылардың күн көріс жағдайы және оларға жұмыс беру туралы 34. тарау: Қателіктер жасағанда мемлекеттік қайраткерлерді жазаға тарту туралы 38. тарау: Халықтың іс-әрекеттері жайында абай болу
3) Елшілер және қауіпсіздік мәселелері туралы тараулар 10 тарау: Тілшілер мен пошташылардың мемлекеттің жұмыстарына
қатысты мәселелерде сақ болуы туралы 13. тарау: Мемлекет пен халықтың игілігі үшін тыңшылар жіберу және сақтық шараларын алу туралы 14. тарау: Әрқашан бейбітшілік пен татулықтың болуы үшін елшілер мен хабаршылар жіберу туралы
15. тарау: Елшілердің мас кезінде және сау кезінде абай болулары туралы 21. тарау: Елшілердің іс-әрекеттері туралы
4) Халық және құлдарға қатысты тараулар 11. тарау: Маңызды істер үшін падишахқа құл жіберу 26. тарау: Түрікмен құлдарды түріктердің басшылық және басқа да қызметтерінде пайдалану 27. тарау: Құлдардың атқаратын жұмыстары және оларды жұмыстарын істегенде әуре-сарсаңға салмау туралы 28. тарау: Сарайдағы құлдардың міндеттері туралы 29. тарау: Халықтың және зиялы қауым өкілдерінің келуіне рұқсат беру
5) Әскери құрылымға қатысты тараулар 22. тарау: Әскер тұрақтайтын жердегі жайылымды жерлер туралы 23. тарау: Падишахтың барлық әскерінің мал-мүліктерін анықтап алу туралы 24. тарау: Әскерге әр ұлт пен қауымнан сарбаз алу туралы 25. тарау: Падишахтың сарайында әр ұлт өкілінен әскери сарбаздың болуы және олардың тамақ, жатын орын мәселелерінің қамтамасыз етілуі туралы 32. тарау: Әскердің қажеттіліктері мен талаптары, штаб қызметтері туралы 33. тарау: Қару-жарақ, соғыс құралдарын білу туралы 44. тарау: Мемлекеттің және діннің дұшпандарын, дінсіздер мен Харижиттердің іс-әрекеттерін қадағалау туралы 45. тарау: Маздектің (маздеизм) бас көтеруі, оның діні және әділ Нушиверан тарапынан өлтірілуі туралы 46. тарау: Отқа табынушы Синдбадтың пайда болуы және Нишапурда мұсылмандарға қарсы бас көтеруі 47. тарау: Карматилер мен Батинилердің Кухистан, Ирак және Хорасанда пайда болуы [5].
Қорыта айтқанда, артынан өшпес із қалдырған Селжұқ мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан уәзір Низам әл-Мүлік; оның атқарған істері мен қызметтері, Селжұқ мемлекеті мен халқына сіңірген еңбектері, өзінен кейінгі мемлекеттік қайраткерлерге насихат кітабы жазып кеткен «Сиясет-наме» атты еңбегі тек түрік-Ислам тарихында ғана емес, сонымен бірге барлық халыққа жол көрсететін
шығарма ерекше орын алады. Ұлы империялық басқару дәуірінде мемлекеттің екінші адамы болған Низам әл-Мүлік, өзінің баршаға үлгі боларлықтай адамгершілік қасиеттерімен, мемлекет пен халық үшін жасаған істерімен, қызметтерімен көпшіліктің мақтауы мен алғысына бөленген.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Nizamü‟l-Mülk, Siyerü‟l-Mülük veya Siyasetname, nşr. Mehmet Altay Köymen, Ankara 1976, s. 1-2, Başlangıç Faslı.
2.Kadir CANATAN ‘’Geleneksel Siyaset Ve Devlet Felsefesinin Bir Yorumu Olarak “Siyasetname” — Büyük Devlet Adamı Nizamülmülk’ün Devlet Ve Siyaset Anlayışı Üzerine-‘’ Turkish Studies International Periodical For the Languages, Literature and History of Turkish or Turkic: Volume 4/7 Fall 2009
3. NİZAMÜLMÜLK, Siyasetname, Çeviri: Nurettin Bayburtlugil, Dergâh Yayınları, İstanbul.
4. NİZAMÜLMÜLK , Siyasetname- Farsça Aslından Çeviren: Mehmet Taha Ayar Hasan Ali Yücel Klasikler Dizisî Türkiye İş Bankası Kültür Yayınları 1799 s.3 Başlangıç faslı. 5.http://sakligezegen.blogcu.com/siyasetname-nizamulmulk/3272863 02.01.2015 21:04