Қытай экспансиясы ақырында VIII ғасырдың ортасында-ақ қытайлық Тан империясының Орта Азия шекарасын толықтай жаулап алуына әкелді. Бірақ түркі халықтар оларға төніп келе жатқан қауіпті ұғып, арабтармен бірігуді ұйғарды және де зұлым көршісінің зұлымдығының алдын алды. Бұл былай болытын…
749 жылы корей текті қытай генералы Гао Сянь Чжи (өте батыл, ұзын бойлы, кең иықты адам) Ташкентті жаулап алып, қала басшысын өлтіреді. Қайтыс болған қала басшысының баласы әкесінің кегін алмақ болып және қала билігін қайтару мақсатында арабтардан көмек сұрайды. Осы негізде және де Таразда қамауда қалған арабтарға көмек ретінде халиф орынбасары Абу Муслим қытайға қарсы Зияд бин Салихтің бағынышындағы қаруланған жасақ жібереді. Жол-жөнекей арабтарға Түркеш қағанатының құрамындағы түркі тайпалары қосылады.
Өркениеттер (ислам және қытай өркениеттерінің) шайқасы болып табылатын шешуші қақтығыс 751 жылы Талас өзенінің бойындағы Талас алқабында, Атлах қаласының маңында орын алады. Егер шайқасты бастаса, қандай орасан зор шығынға ұшырайтының түсініп, екі жақтың әскері бір-біріне қарама қарсы қалыпта төрт тәуілік бойы қалт қарап тұрды. Бесінші күні қытай тылына тан әскерінің құрамына кіретін қарлұқтар соққы берді (олар қытайлықтар арабтардан жаман деп ойлаған болатын). Қытайлықтар сасқалақтап қалды. Әскер қашуға кірісті, ал біріккен араб пен түрік күштері абыржып қалған қытай әскерін соққыға жықты.
Генерал Гао Сянь Чжи бұл қақтығыстан аман-сау сытылып шығып, қытай гарнизондарының қорғауына кіріп үлгерді. Қытайда генералды кешірді.
Осыдан соң кешікпей Қытайға жаңа қасірет төнді – 756 жылғы Ань Лушань әскербасының көтерілісі. Бұл Тан династиясын әбден қажытты. Бүлікшіл генералдың көтерілісі кесірінен император шекара гарнизондарын шығысқа жіберуге мәжбүр болды. 763 жылы көтерілісті басқаннан соң Қытайдың жаулаушылық саясатты жалғастыруға әлі болмады. Сөйтіп қорғаныс қамына кірісті. Орта Азия құтқарылды.
Ортағасырлық қытай жазбалары мен әдебиеттерінде Талас қақтығысы нәтижесінде болған қытай халқының қасіреті көрнекі баяндалған. Олар үшін бұл – нағыз апат болатын.
Талас өзенінің бойындағы жеңіс Орта Азия мұсылмандарының тарихында мәңгілік алтын әріптермен жазылып қалды.
Картина: Кулбатыров Рашид «Кочевники»
Автор: Ерлан Ильяс