Құйып алған көзімнің жанарына,
Көз алдымнан кетпейді дала мына.
Сол дала ғой, жығылсам, шөбін төсеп,
Қамыққанда қараған қабағыма.
Асыр салып көк шүйгін белдерінде,
Айдын шалқар шомылдым көлдерінде.
Пана болған кең дала тағы маған,
Қайғы бұлты кездейсоқ төнгенінде.
Ат қып мініп шыбықты қуған қаңбақ,
Жағасында өзеннің жүрген аунап.
Сол дала ғой балалық бал шағыммен
Бар шағымды қазіргі тұрған жалғап.
Күн шыққанда көрінген бүкіл ғалам,
Түн болғанда жұлдыздар жыпырлаған,
Шынықтырған шілденің …