Мырзагелді Кемел- адамгершілік асыл қасиеттер мен жалпыадамзаттық құндылықтарды кең насихаттайтын танымдық- тағылымдық еңбектердің авторы. Оның есімі Лао-Цзы, Конфуций, Бальтасар Грасиан, Луйза Хей, Пауло Коэльо сынды әлемдік  философ- жазушылардың  кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған көрнекті қаламгер ретінде көпшілікке жақын таныс. М.Кемелдің «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ», «Ақыл қалта», «Сөз- құдірет», «Мың ой», «Өнеге», «Көңіл күнделігі» және т.б. кітаптары- …