Ана тілегі

Жарнама

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз — өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз — өмірдің бастауы , тіршіліктің тірегі. Бұл қасиеттер қыз ғұмырға әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылған .. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі толқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

Ақпақ гүлдей үміттен жаралып ең.
Ұзатылып барады енді қызым,
Бүгінгі той қоштасу балалықпен,
Басқа бақта өткізбек жаз бен күзін»…

…Кеше ғана балапандай бүлдіршін бүгінде білім алып бой жетті. Енді Қанатың қатып, ұшып кетпек ұядан. «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Қыз өсірді енді оны құтты жеріне қондырады. «…Өзі өскен ортасына симастан , түзден бақыт іздейді қыз деген» сөз бар…. Көктемдегі қарлығаштай айналасына шуақ шашатын көркінде, ақылында, мінезінде сан түрлі қасиеті мен қадірін ағайын туыстың бәрі біледі.

«Қыз бала – қонақ » деген осы екен. Ата-бабаның салт-дәстүріне сай ұзатылып барады.. . Кеше ғана «іңгәлап» өмірге келгенің де, тұлымшағың желбіреп жүгіріп жүргенің де, шашыңа ақ бантик тағып алғаш мектеп табалдырығын аттағаның да, жоғары оқу орнына түскенде «Мама, Папа! Мен студент атандым!» деп қуаныштан жүрегің жарыла сүйінші сұрағаның да… – бәрі-бәрі де кеше ғана сияқты еді. Уақыт неткен жүйрік десеңші! Енді міне бүгін өмірлік серік-сыңарыңды тауып, ұядан ұшқалы тұрсың. Сені жат босағаға қанша қимасақ та табиғаттың талабы, өмірдің заңы осылай екен ғой – қыз бала жат жұрттыққа жаралған . Сен арқылы өрісіміз кеңейіп, жаңа жекжаттар тауып, құда-құдағи болып жатырмыз. Сен енді екі елдің арасындағы елшісің. Алдыңда жаңа өмір, жаңа орта, жаңа туыстар мен достар күтіп тұр. Сол ортамен тіл табысып, үйренісіп, босағасын аттаған әулетіңе туған қызындай болып сіңісіп, кететініңе сенемін. Алтыным деп мақтанып, басыңа бақ қонсын деп тілеуші едік.. Сол сәт бүгін келіп тұр Ақ тілек енді ақталар. Бақытты өмір бақытты күндерден түрады. Ана ретінде екі жасқа толық бақытты ғұмырға жетерліктей сондай бақытты күндеріңнің көп-көп болғанын тілеймін. Бір-біріңнің айнаң болыңдар, бір-біріңнің тірегің болыңдар, бір-біріңнің жүрегің болыңдар, бір-біріңнің шырағың болыңдар !…

Бұлақтың суындай сәт сайын жаңарып жататын құдалық деген ата-бабалардан бермен жасап келе жатқан салт-дәстүр бар. Ұл ержетсе бақытын қыздан іздейді, қыз бойжетсе бақытын түзден іздейді. Бұл жаратылыс заңы.. «Егіз арна қосылса — аяғы теңіз болғай , екі жас қосылса — аяғы сегіз болғай» деген баталы сөзді ата-бабаларымыз айтып кеткен. Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген. Тамырымыз тереңдеп, жапырағымыз жайыла берсін деген ақ бата бар. Жақсы болса кұдалар да бір жұртың . Ақылды құдаң — құрдасыңдай, ақылды кұдағиың – сырласыңдай болады.

Біздің еккен дәніміз пісіп , ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады. «Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны туыстық қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, Ағайынның ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да қыз. Әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне сіңіреді. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып өсірген. Қызымыз — елгезек мінезі мен өнерін оздырған қазақтың текті қызы. Сырт пішіні сұлу, жаны сезімтал, ықылас – пейілі дархан. «Көрсін, білсін, үлгі тұтсын деп жаратылған қыздың үлгісі. Білімі мен біліктілігі заманына сай азаматтық деңгейге жеткен қыз . Қанаттыға қақтырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткізіп өсірдік. Ендігі жерде « Бізден – өтті, Сізге – жетті» дегізетін қыз бала – өзге елдің аманаты екенін мойындайсың….

Маншук Мамбетова. Атырау облысы , Құлсары қаласы.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz