Балалар әлемін түбегейлі тани білсек….

Жарнама

balabaksha«Өнерге – педагогика, педагогикаға — өнер шеберлігі керек» деген аталы сөз бар. Педагогиканың субъектісі де, объектісі де адам. Басқа ешбір мамандық адам жан әлемімен тікелей байланысқа түспейді. Баланың жан дүниесі — өмірдің шаң-тозаңдары қонбаған кіршіксіз әлем. Бала жан дүниесі жасандылық пен жалғандықсыз ақиқатты аңсайды. Баламен қарым-қатынаста шындық үстемдік етуге тиіс. Мұғалімге баланың білуге тиіс ақпараттарды ащы ішекті аршығандай іріктеп алу оңай шаруа емес. Адамзат идеал тұтатын ізгілік, ар-ұят, борыш пен парыз, адалдық пен әділдік көзін қайдан іздеу керектігіне жол сілтейтіндердің бірегейі де мұғалім.

Адамзаттың өз ұрпағына білім мен тәрбие беру ісінде қалыптасқан құндылықтары мен ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелері баршылық. Ұрпақ тәрбиесі алаңдатарлық деңгейге жеткен бүгінгі тұста тәрбие экологиясына баса назар аударылуы қажеттілікке айналып отыр. Адамзат ақыл-ойның жетістіктерінің керектісін іріктей білу, ізгілік пен зұлымдық белдескен мына заманда тәрбиені неден бастап, ненің ықпалынан қорғау шекарасын белгілеу, адамнан адам жасау мен маман жасаудың аражігін ажыра алу т.б. мәселелер ұрпақ тәрбиесіне байланысты проблемалардың өзекті тақырыбына айналып отыр. Қазіргі кезде адамгершілік моралдық бейнеміз адамзаттың табиғи жаратылысына сай болмай тұрғанын дәлелдеп жатудың қажеті болмас. Тәрбиенің басты ұстанымы – бала құқығы мен мүддесін қорғауды, олардың жеке басы мұқтаждықтарына педагогикалық қолдау көрсете алуымыз керек. Бұл аталған жұмыс бағыттарын ұйымдастыру үшін мектептерде үйлестіру орталықтары құрылып, оған педагог- ұйымдастырушы, тәлімгер тәрбиешілер, коррекциялық педагогика маманы – педагог-психолог, оқушылардың тұрмыстық мәселелерімен айналысатын педагог-социологтар тартылса құба құп. .

— Қазіргі әлемдік педагогикада тәрбие қызметі екі позицияда қарастырылады. Алдымен, тәрбие — әлеуметтік процесс. Бұл позицияда тәрбие — жеке тұлғаның рухани-адами құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен реттілікті, моральдық этикалық нормалар , қарым-қатынас мәдениетін басшылыққа алады. Екінші позиция, тәрбие – индивидуальдық процесс. Бұнда әрбір субъектінің жеке басы ерекшелігі мен басқалардан өзгешілігі, әлсіз жағы мен күшті жағы, ақыл-ойы, қабілеті, таланты, өнері, бейімділігі ескеріледі. Тәрбиені әлеуметтендіру және индивидуализациялау арқылы тәрбие процесінде қоғамдық мүдде мен жеке индивид мүдделерін үйлестіріледі.. Тәрбиенің әлеуметтік мәні – тұлғаны қоғамдық мүддеге лайықтау, тәрбиені даралау мәні – тұлға тәрбиесін жеке басы мүддесіне лайықтау. Сондықтан да мектептің тәрбие беру бағдарламасы – қажеттілік және еріктілік заңдылықтары мен принциптері, жұмыс нормаларын негізге ала отырып жасалуға тиіс.. Қажеттілік педагогикасы – мемлекеттік мақсат пен мүддені абсолюттендіреді. Жеке тұлғаның қоғамдық қажеттілікке лайықталған моделін қарастырады. Еріктілік педагогикасы — әрбір тұлғаның жеке басы өмір сүру стилі, көзқарасы, танымы, өзін-өзі тану, өмірден өз орнын табу, өз тағдырын өзі шешу еркіндігі, өз бетінше өмір сүру автономиясын анықтайды.

Баланың табиғаты,өскен орта,қоғамдық құбылыстар тәрбиеде негізгі роль атқарады. Бала табиғаты деп отырғанымыз – балалар әлемі. Оның құндылығы педагогикадағы басты мәселе. Педагогика классиктері дәлелдеуінше,балалық дегеніміз – оны өмірге дайындау ғана емес,сол өмірдің өзі. Баланың өз құндылығы,өз ортасы бар. Олар ата-аналарына емес,уақытқа ұқсас болы өседі. Өмір,тіршілік-объектив дүние. Ол

әркімнің қалауына көне бермейді. Бүгінгі таңда балалар әлемінің табиғи заңдарына,әлеуметтік ортаның жаңа сипатына,нарық қатынастарының қажеттілігіне сәйкестендірілген жаңа тәрбие жүйесі іздестірілуде. Алдымен бала физиологиясы мен психологиясына сәйкестелген ұстанымдармен мектепті,мұғалім-тәрбиешілерді қамтамасыз етудең,ата-аналардың тәрбие беру мәдениетін жетілдіріп,тұрмыстық қызмет көрсетумен шектелмей,балалар әлемін түбегейлі түсінген тәрбиешіге айналауын қажет етеді.

Мектептің оқу-тәрбие қызметі педагогикалық қамқорлық пен қолдаудан тұруы керек.. Мектептерде осының соңғы екеуіне терең мән берілмей жүргені жасырын емес. Педагогикалық .қамқорлық деп – баланың оқуына жасалатын,қызығуы мен сұранысын қанағаттандыруға бағытталған жұмыс түрлерін айтады. Педагогикалық .қолдау – балалардың дене және психикасын сауықтыру арқылы білім алудағы қиындықтарды жеңу,өзін-өзі тани білу арқылы өз мүмкіндіктеріне көзін жеткізу мақсатындағы жұмыстар. Педагогикалық қамқорлық пен .қолдау арқылы балалардың білімге деген құлшынысын,ынта-жігерін арттыруға болар еді.

Сәкен Бозаев 
Атырау облысы , Құлсары қаласы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz