Кептірілген құрма

Жарнама

finikiКептірілген құрма – кептірілген жемістердің арасындағы ең атақтысы. Ол өзінің тіл үйірер керемет дәмімен ғана емес, сондай-ақ денсаулық үшін зор пайдасымен де қуантады. Күніне бір-екі уыс құрма жеп тұрсаңыз ауру-сырқаудың көбін ұмыта аласыз! Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған. Мысалы, құрма құрамындағы А дәрумені ағзада қатерлі ісік жасушаларының қалыптасуына тосқауыл қояды.

Дәрумендер мен минералдарға толы құрма ағза функцияларын жақсартады және жалпы өз-өзіңізді жақсы сезінуіңізге көмектеседі. Ол үшін құрманы күнделікті рационға кіргізу керек.

Құрма құрамы темірге бай. Ал темірдің қызыл түйіршіктер мен гемоглобин деңгейін қалпына келтіретіні және де жасушаларға оттегіні жеткізу процесін жақсартатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан да құрма анемия кезіндегі бірден-бір көмекші.

Біздің ағзамыз қоректік заттардан да басқа әртүрлі минералды заттарды қажет етеді және бұл минералдарды біз тағы да осы құрмадан табамыз!

Асқорытуға байланысты проблемаларда да құрма көмектеседі. Құрмада болатын жасұнық қорының арқасында ішек жолдары тазарып, оның жұмысы қалпына келеді. Сондай-ақ құрманың іш жүргізетін қасиеті де бар, сондықтан іш қату мәселесі құрманың арқасында шешіледі.

Кептірілген құрма жүрек бұлшық етін нығайта отырып, жүректің дұрыс жұмыс жасауына ықпал етеді. Бұлшық етті нығайтатын бұл қасиеті жүкті әйелдерге өте қажет, себебі жатыр бұлшық етінің мықты болуы босануды жеңілдетеді және қауіпсіздендіреді.

Құрма құрамындағы глюкоза мен фруктоза әп-сәтте денеге күш беріп, төзімділікті арттырады. Ал салмақ жинай алмай жүрсеңіз, құрма сізге калориямен қамтамасыз етіп, бұлшық ет массасын арттыруға көмектеседі.

Жасушаларды жаңартып, көнелерін жоюға ықпал ететін А дәрумені де осы құрмадан табылады. Көп ұзамай-ақ теріңіз сау әрі әсем болып кеткеніне көз жеткізесіз. Құрма құрамындағы В5 дәрумені шашпен байланысты мәселелерді, соның ішінде сынғыштық пен ұштануын болдырмайды. Ол сонымен қоса басқа дәрумендер мен минералдардың шаштың бар ұзындығын қоректендіруіне ықпал етеді.

Мұхаммед пайғамбар (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі болсын!) өз шәриф хадисінде былай деген: «Кімде-кім аш қарынға күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым жеті әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады» (Муслим).

Әсел Шынтас


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz