Көп балалылық көбейгені қуантады

Жарнама

Елімізде соңғы жылдары көп балалылар саны көбейіп, отбасын мазарға емес, базарға айналдырып
отырған жанұяларды көптеп көзіміз шалатын болды. Əрине, кең жазира даланы мекен еткен халық
үшін бұл қуанышты жағдай. Статистистикалық санақтарға жүгінсек, 2018 жылы Қазақстан халқының
саны 18 321 606 адамға жеткен болса, дəл қазір 18 468,900 адамнан асқан. Бұл еліміздегі ең ұлы
құндылық адам санының жылдан жылға өсіп келе жатқанының айғағы. Дəл қазіргі Еуропа халқының
қартайып, ит пен мысыққа əуесі ауған кезеңде «əр қазақ — менің жалғызым» дегендей, ең басты
байлығы адам санының көбейуі қуантарлық жағдай.

Халқымыздың басынан талай зұлмат өтсе де, жойылып кетпей, елдігін сақтауының сыры да ата-
бабаларымыздың «Дүниеге бір қозы келсе, бір жусан артық шығады», деген тəуекелмен өмір сүруінен
болса керек. Кейде көп бала сүйіп, тұрмыс тауқыметін көріп жатқан жандарға қарап, «Асырай
алмайтын болса несін туады» — деп данышпансып жататындарды байқаймыз. Бұл адамның ойлау
жүйесінің тек материалдық құндылықтарға байлануының себебінен болатын пікір дер едім. Себебі,
маңдайымызға жазылған ризық 2 бала тусақ та, 7 бала тусақ та белгіленіп қойған.

Сондықтан, кедейліктің себебін баланың көптігіне байлап қою қате пікір. Қазақ бабам қандай қиын заманда өмір
сүрсе де «Бала өз нəпақасын өзі ала туады»- деп кедейлігін бала-шағаның көптігінен көрмеген.
Керісінше:,» Баласы көп іс бастайды, түйесі көп көш бастайты», деп, балаларын қолқанат көрген.
Тек көңіл қынжылтатын мəселенің екінші жағы, дүниеге сəби əкелген кейбір ата-аналардың бала
өміріне жауапкершіліксіз қарауы. Əрбір дүние есігін ашқан сəби — аманат. Ең алдымен махаббат пен
қорған болуды қажет етеді. Отбасындағы жанжал, мейірімсіз ана, қатігез, ішкіш əке — осының бəрі
баланың тұлға болып қалыптасуына зиянын тигізіп, болашақта биікке самғауына кедергі болуда.
Əсіресе, ажырасу деректерінің көбейуі, психологтардың айтуынша, баланың санасында өшпейтін
жара қалдырады екен.

Сондықтан, «адам ұпағымен мың жасайтынын» дегендей, , еліміздің шаңырағының биік,
керегесінің кең болуы жолында қосқан үлесіміз, иманды да бақытты ұрпақ тəрбиелеу боп қала бермек.
Ендеше, осынау кеңшілік заманда, шүкірімізді көбейтіп, балаларымыздың болашағының жарқын
болуын тілейік, Алладан.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz