Мен, елімнің гүлденуі үшін не істей аламын ?

Мен, елімнің гүлденуі үшін не істей аламын ?Сұрақтың бәрі бірдей – жауап беруге лайық емес. (Т. Фуллер)

Бәріміз, бәріміз – бір ауылданбыз. Білсек бауырласпыз. Айтсақ ауылдаспыз. Бұл ауылға қайдан келдік ?, қашан келдік ?, не үшін келдік?…

Бұл ауылға кім келіп, кім кетпеді. Бұл ауылға себеппен келіп, себепсіз кеткім келмейді.

Бұл ауылда бәрі де болған, бәрі де болмақ. Бұл ауыл бізге беймәлім үйлесімдердің үйіндісі.

Біздің үй бұл ауылдың бел ортасына байланған. Байқап қарағанға әр үйдің салты басқа, иттерінің қарақасқа келетіні әуел бастан анық. Біздің үй туралы талай-талай таңға айтылар тамаша аңыз әңгімелер жетіп артылады. Биыл біздің үйге 550 жыл болады. Бұл ауылда мәңгіліктің бейнесі болып қалатын бір үй болса, ол – менің үйім, ол – қазақ үйі. Біз бұл үйді біреуден тартып, болмаса сұрап немесе айламен алдап алған жоқпыз. Иә, тартыстық, туған үй үшін. Тартысам десең тұратын жеріңді айт, деп табыстық. Иә, сұрадық, көктен де, көк көзден де Күлтөбенің кеңесі көңілге қонбағанда. Алудай-ақ алыппыз, ал беруде алдымызға үй салдықпа? Тоғыз бөлмем бір төбе, Тәшкенім бір төбе еді ғой. Қазтарханым, мен сенен қалай бас тартамын. Омбым, Орынборым, егіздерім. Өз үйіңде өзіңе орын жоқ болса, бұл ауылдың кеңдігінен не пайда? Батыс бөлмеңнен шығыс бөлмеңе жету үшін жеті күн аздық ететін, он төрт бөлмелі үйіңді  айласыз алдырмадық десек, артық айтқандық.

Біздің үйдің есігі бір кездері шығысқа қарайтын. Бүгінде батысқа бұрылып тұр. Есігіміз қайда қараса да құлпысыз. Босаға аттаған жыланға да, жуанға да басына ақ құйып шығарып салу ата салтымыз. Ерте, ерте, ертеде деп  ертегі  төгетін әжелерім, аузын ашса жүрегі көрінетін апаларым, ақылы асқан әпкелерім, қылықты қарындастарым – сендерсіңдер шаңырақ шамы. Шаңырағым шайқалмаса екен. Шамдарым сөнбесе екен.

Бәріміз бір үйденбіз. Білсек бір атаның балаларымыз. Айтсақ айнала алмай ат өлетін, айыра алмай жат өлетін азиялық скифтерміз.

Мені мына жарық әлемге жалғаған жалғыз үй,  мен сен үшін не істедім? Мен сен үшін не істей аламын? Жүйкемді тұманға, жүректі күмәнға жықпай тұрған жалғыз ойым бар. Менің үйім – менің тілімнің, ділімнің, білімнің үйі болуы керек. Менің үйімде кел демек бар, кет демек жоқ. Кеткендерге көктеу жоқ. Менің үйімде бұл ауылдың бір кереметі жоқ. Жеті кереметті жиып беріп жүгінсеңде, мен үйімнің бір тасына тең көрмеймін.

Қасиетті қара шаңырақ, құлыныңмын. Бүгініңмін. Сенен татып дәм-тұзымды тірі жүрмін. Сенде туғандар бақытты, бақытсызбын дейтіндер бақалар. Себебі мен бақаның бағынан сұңқардың сорын сүйемін.

Қасиетті қара шаңырақ, отыңмен кіріп күліңмен шықсам арман бар ма? Кезінде Керей мен Жәнібек жаққан қазақ отына кім қас болмады? Ғасыр мен тасырды жеңіп, сексен алтының желтоқсанында желіп, бүгінгі үйге тәуелсіздікті теліп берген – қазақ оты. Оты жоқ отбасылар қанша ма?

Төленген теңгелері, біздің үйдің жеңгелері май құйыңдар – қасиетті қазақ отына. Қазақ барда қазақ оты өшпейді.

Қасиетті қара шаңырақ,  сен жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қар кешіп гүлденгенсің. Әлі де гүлдейсің. Келесі жыл көрінсе болды, көрме өткіземіз. Көрменің көркі сен болғанда, көрем деп келгендерге көз керек болады-ау. Біздің үйде мынадай бар, мынадай бар дегенде…

Гүлденген үйді гүлдетем деп кім айтады?

                                                                               Қырықбаев Ринат

+2
-1

Share This Post

guest
1 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
серик
серик
6 жыл бұрын жазылды

Мен қазақпын деп жүрегім соғады,
Қазақсың ба бауырым.
Қазақтарға жөн корсет.
Жолкорсететі адам жоқ , қазақка.
Пана болдық қытайға соғыз кезінде.
Корсеткен рахыметі осыма,
Қытай біздің жеріміз кір алса , басы алды қазақты.
Біз сорлы қазақ пыз ғой ,
Азияны мекен еткен.
Мен жерім үшін, елім үші өлугеде дайыммы.
Ата бабадан қалған жерімізді қытайға бермейміз.
Біз қазақпыз,
Қазақ жерін қорғаймыз.

Бүл жерді қаншама батыр қорғаған,
Әсіресе маңғолменен, орыстан.
Оян қазақ,
Оян қазақ бауырлар.
Жерді қытайға бермеймін,
Нұрсүлтан назарбаев сен мені тында
Қаншама адам қайтыс болды,
Осы жер сақтап қалу үшін.
Оян қазақ .. Оян қазақ деген жүрегім.