Нағыз дос адамзатта аз болады

Нағыз дос адамзатта аз боладыНе жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң – ұйықтамайды ол дағы.

Қараңызшы бір шумақ ғана өлеңде нағыз досқа өте әдемі және нақты сипаттама берілген. Шынында да өмірде біз білмейтін қаншама адам бар. Олардың мінезі, табиғат тарту еткен қасиеттері де әртүрлі. Әрине, достың болғаны жақсы. Дейтұрғанмен адамзатта нағыз дос аз болады деген сөз өте көрегендікпен айтылған деп ойлаймын.

Негізінде адамдар бір-біріне адал сеніп, кіршіксіз сезімде қарым-қатынас жасауы мүмкін. Олардың өмірге деген көзқарасы бірдей болуы ғажап емес. Сондықтан балалық кездегі дос, сыныптас дос, курстас дос, жұмыстас дос болып айтыла береді. Яғни, достық адамдар арасындағы сыйластықтан туындайды. Бір-бірінің мойнына түсіп жататын тағдыр тауқыметін көтерісетін, қиындықта жәрдемдесетін, жалпы тығыз байланыс, өзара шынайы қарым-қатынас пендені біріне-бірін жақындастырып, өмірін нұрландырып, ұлы достыққа айналып отырады. Шын достық жас талғамайды, ұлтқа бөлінбейді. Оны ұлы тұлғалардың өмірінен әсіресе ақын- жазушылардың тағдырынан айқын аңғаруға болады. Бірақ қазіргі кезде шынайы дос табудың өзі қиынға айналып бара жатқан секілді. Өйткені, бақай есепке, үнемі біреудің үстінен пайда табуға, ұпайын жинауға ұмтылатын, шынтуайтқа келгенде алдап кетуге дайын тұратын «достар» көбейіп бара жатқан секілді. Бірін-бірі қызғаныштан көре алмайтн достар да болады.

Достықтың адал және алдамшы болатынын кезінде Әбунәсір Әл-Фараби бабамыз жазып кеткен екен. Ұлы ғұлама «Достықтың екі түрі болады. Оның біріншісі — адал дос, екіншісі — айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс. Адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татып, қандай жағдайда да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ. Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген жөн» депті.

Иә, бұл өмірде адамзаттың нағыз досы өте аз болады, біреу әлде асып кетсе екеу ғана. Менің де бір ғана нағыз досым бар. Бірақ ол өзімнен жырақта. Дегенмен телефон арқылы жиі-жиі хабарласып, кейде өзара пікірлесіп отырамыз. Осындай да нағыз достың қасында болғаны да жақсы. Әйтсе де, сағынысып көріскенге не жетсін. Нағыз досым-менің шынайы тілекшісімін. Сондықтан нағыз достың қадірін ұмытпайық, достар!

 

Автор: Айнұр Маханбетова
штаттан тыс тілші

 

+14
-1

Share This Post

guest
1 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Димаш
Димаш
1 жыл бұрын жазылды

Қайдай стиль
Ауызекі сөйлеу стилі
Көркем әдебиет стилі
Ғылыми стиль
Публицистикалық стиль
Ресми іс-қағаздар стилі