Ораза устаушының өміріндегі бір күн

Жарнама

Кіріспе

Әлемдердің Раб­бы­сы болған Аллаға мадақ. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның от­ба­сы­на және са­ха­ба­ла­ры­на Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!

Міне, Ра­ма­зан айы да келіп жетті. Бұл ай – Құран айы… Бұл ай – кешіру айы… Бұл ай – игі істер айы…

Бұл Ұлық ай ұлы ма­ра­пат­пен және теңдессіз артықшылығын ала келді.

Бұл айдың артықшылықтар өте көп. Олар­ды атап өтсек:

Алланың елшісі (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген екен: «Ра­ма­зан ай туғанда Жұмақтың қақпасы ашы­ла­ды да, Тозақтың қақпасы жа­бы­ла­ды, ал шайтандарға кісен са­лы­на­ды» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Алланың елшісі (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) тағы да бы­лай де­ген екен: «Бес уақыт на­маз, жұмадан жұмаға дейінгі на­маз, Ра­ма­зан­нан Рамазанға дейінгі ұсталған ора­за осы уақыт аралықтарында жасалған күнәлардың (егер үлкен күнәлардан ти­ыл­са) кешірілуіне се­беп­кер бо­ла­ды» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Алланың елшісі (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай айтқан: «Ра­ма­зан ай­ын­да Алланың сый­ы­на бөленетіндігіне үмітпен және сеніммен ора­за ұстаған адамның бұрыңғы күнәлары кешіріледі» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Осы­лар­мен қатар Алланың елшісі (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген екен: «Құдіретті және Ұлық Аллаһ айт­ты: «Адам ба­ла­сы жасаған амалдарының барлығын өзі үшін жа­сай­ды, тек қана ора­за­дан басқасын. Шын мәнінде, Ора­за­ны – Мен үшін ұстайды және Мен ол үшін сыйн беремін» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Алланың елшісі (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген: «Аллаһ жо­лын­да бір күн ора­за тұтқан кез кел­ген адамның жүзін Аллаһ Тағала міндетті түрде осы бір күн үшін жетпіс жыл Тозақ оты­нан аулақ қылады» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Осы аса ұлық артықшылықтары үшін Алланың елшісі (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген: «Ра­ма­зан айы бас­та­лып және аяқталғаннан кейін де кешірімге бөленбеген кісі қорлыққа ду­шар болғай» [ат-Тир­ми­зи].

Кәне, дай­ын­быз ба?

Қымбатты ба­у­ы­рым! Міне бұнда қандай пай­да бар екені саған мәлім бол­ды. Енді сен қандай сыйға бөленетіндігіңді білесің. Мұхаммедтің (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) мұрасы ту­ра­сын­да не ойлайсың? Бұл мұрадан бас тар­ту­ды ойламайсың деп ой­лай­мын. Мұра та­ра­ты­лу­да, ал сен жай отырсың ба? Саған бұл мұра тиесілі ма, жоқ па де­ген сұрақ сені толғандырмай ма?

Қымбатты ба­у­ы­рым, орныңнан тұр да, «атыңды ер­т­те», саған не дайындалғанын, не тиесілі екенін білуге ұмтыл! Өз жүрегің мен тәніңді осы күндер мен түндерде ықыласпен амал қылуға дай­ын­да, жігерлен.

Және де мы­на­ны ұғып ал – рахатқа ра­хат­та­на оты­рып, ал тыныштыққа тыныштықта, жайбарақат оты­рып қол жеткізу мүмкін емес.

Сенің осы ай­да Аллаға құлшылығыңды жігерлендіруіңе көмектесу үшін мен ора­за ұстаған адамның бір күнінің си­пат­та­ма­сын дай­ын­да­дым: бұл күні ол мәңгілік игілікке қол жеткізу үшін және Аллаһ ал­дын­да дәрежесін көтеру үшін қандай ғибадаттар, ізгі амал­дар жа­сай­ты­нын си­пат­тай­мын. 

Ора­за ұстаған адамның бір күні:

— Бұл айырықша күн, ғибадатқа то­лы күн…

— Көптеген игі істер күні…

— Күнәлардан ти­ы­лу күні…

— Өзара көмекке, ма­хаб­бат, сүйіспеншілікке, құлшылыққа то­лы күн…

— Жұмаққа апа­рар күн…

Бұл күні нен­дей жағдайлар бо­ла­ды?

Ба­сы: Жүректің оя­нуы

Қымбатты ба­у­ы­рым, бұл күннің ба­сы қамсыз ұйқыдан жүректің оя­ну­ы­нан, өзіңнің қандай жағдайда екеніңді ұғынудан бас­та­ла­ды. Раббың сені барлық жамандықтан бүркеп, жа­за­дан сабырлықпен сақтап отырғанын біле тұра, бейғамдық пен нәпсі құмарлығына ора­нып отырғандығыңды ұғынудан бас­та­ла­ды. Алланың осы мейірімділігін біле оты­ра, сен Одан қашқақтайсың, Одан теріс айналасың…

Егер осы ұғынуға шы­найы ни­ет пен нық ықылас қосылса, он­да ол осы­нау қасиетті айдың пай­да­лы да мәнді өтуіне әкеледі.

 Таң атар ал­ды уақыты

 Қымбатты ба­у­ы­рым, бұл уақыт аса таңғаларлық уақыт, бұл уақытта сенің барлық тілектеріңе жа­у­ап қайтарылады (яғни қабыл бо­ла­ды), бұл уақыт – Аллаһ Тағаланың ең төменгі аспанға түсетін уақыты. Бұл уақыт түннің үштен бірінің соңғы ширегі.

Әбу Ху­рей­ра­дан (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) берілген ха­дис мы­на­ны ба­ян­дай­ды: Бірде пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай депті: «Әрбір түннің үштен бірінің соңғы бөлігінде Аллаһ тағала ең төменгі аспанға түсіп, «Кім тілегінің қабыл бо­луы үшін Ме­нен тілек тілейді екен? Кім Ме­нен өзінің мұқтажын сұрайды? Кім Мен оны кешірсін деп Ме­нен кешірім сұрайды екен?» дейді» [әл-Бұхари, Мус­лим].

 Ал сен ше? Ал сен, менің құрметті ба­у­ы­рым, бұл уақытта не істейсің? Не­ге саған көзіңнен өкініш там­шы­сын та­мы­зып, Аллаһ тағаладан осы уақытта кешірім сұрамасқа? Не­ге өз мұң-мұқтажыңды ай­тып Аллаһ тағалаға мұңыңды шақпасқа? Дәл осы уақытты пай­да­лы өткізген аб­зал: Ал­ла­ны зікір етіп, Оған бер­ген нығметтері үшін алғыс ай­тып, Құран оқып, кешірім сұрап, өз өкінішіңді, тәубеңді қайта қайта білдіріп өткізген дұрыс.

 Су­хур – таң сәрідегі ас.

Су­хур – бұл да бір құлшылық. Алай­да көптеген адам­дар бұл құлшылық түріне немқұрайдылықпен қарайды. Олар кешкі ас­ты тоя жеп ала­ды да, сәресідегі асқа тұрмайды. Сөйтіп ұлы игіліктен құр қалады. Анас бин Мәліктен (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) кел­ген ха­дис­те бы­лай делінген: Пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген екен: «Таңсәріде тамақтаныңыз, әлбетте су­хур­да бір бе­ре­ке бар» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген екен: «Таңсәрідегі ас­та бе­ре­ке бар. Оны қалдырмаңыз, тіпті егер тек бір жұтым су ішуге ту­ра кел­се де. Шын мәнінде Аллаһ пен Оның періштелері таңсәріде тамақтанған адамдарға игіліктерін сый­лай­ды» [имам Ах­мад].

Анастың айтқанынан Зайд бин Сабиттің бы­лай де­ген сөздері келтіріледі: «Бірде, ра­ма­зан айының кезінде біздер пайғамбарымвзбен (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бірге таңсәріде тамақтанып алдық, со­дан соң ол намазға тұрды.» (Анас ай­та­ды): «Мен бы­лай деп сұрадым: «Азан мен сухурдың ара­сын­да қанша уақыт өтті?» Ол: «елу аят оқып бо­ла­тын­дай уақыт өтті» деп жа­у­ап қайырады [әл-Бұхари, Мус­лим].

Ора­за тұтар алдындағы түндегі ни­ет.

Мұсылман адам міндетті түрде ора­за тұтар алдыңғы түннің кез кел­ген бөлігінде ниетіне түзеп алуы қажет, тіпті ол таңсәрі алдындағы соңғы сәттер бол­са да (таңсәрі дегеніміз күн шығатын уақыт емес, таң на­ма­зы­на шақырылатын азан уақыты екенін білуіміз ке­рек). Адам жүрегімен нық ниеттенуі ке­рек және де тілмен ай­туы шарт емес. Хаф­са­дан (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) берілген ха­дис­те пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай дегені ба­ян етіледі: «таңсәріге дейін ора­за ұстауға жүрегімен ни­ет қылмаған адамның ора­за­сы қабыл бол­май­ды» [Абу Да­уд, ат-Тир­ми­зи, ан-На­саи].

Мұсылман адам таң на­ма­зы­на дай­ын­да­лып та­ха­рат (дәрет) алуы тиіс. Бұл ту­ра­сын­да пайғамбарымыз бы­лай дейді: «Кім жақсылап дәрет ал­са, оның күнәлары денесінен ары­ла­ды, тіпті тырнақ ас­ты­нан бол­са да шығады» [Мус­лим].

 Тағы бір ха­дис­те бы­лай делінеді: «Тазалық – иманның бір бөлігі» [Мус­лим].

 Таңғы на­маз  (әл-Фаджр)

 Мұсылман адам таңның қызара басталғанын байқаған бой­да ас-су­дан тый­ы­луы ке­рек, ал азан шақырылып жатқанын естісімен, оның айтқандарын қайталап, одан соң «/Ал­ла­хум­ма, Раб­ба ха­зи­хи-д-да‘ва­ти-т-там­ма­ти ва-с-са­ля­ти-ль-къа’има­ти, ати Му­хам­ма­дан аль-Ва­си­ля­та ва-ль-фа­ды­ля­та ва-б‘ас-ху ма­къа­ман мах­му­дан ал­ля­зи ва‘ад­та-ху! Де­ген сөздерді ай­туы тиіс. Бұл төменде келтірілген ха­дис­те ба­ян­да­ла­ды. Джа­бир бин Абдуллахтың (Ал­лах оған ра­зы бол­сын!) сөздерінен пайғамбарымыздың (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай дегені келтіріледі: «Ақірет күні менің қорғауыма «Ей, Аллаһ, айтылған азан мен оқылатын намаздың Раб­бы­сы, Мұхаммедті Уәсиләға және жоғары дәрежеге жеткіз, және Өзің оған уәде ет­кен мақтаулы орынға бағытта!» де­ген сөздерді айтқан адам ілігеді» [әл-Бұхари].

Мешітте жамағатпен бірге оқылған на­маз.

 Со­дан соң таңғы на­маз­ды жамағатпен бірге оқыған жөн. Аб­дул­лах бин Омардың (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) айтқанынан пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай дегені мәлім: «Жамағатпен оқылған на­маз жалғыз оқыған на­маз­дан жи­ыр­ма жеті есе артық дәрежеде» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Міндетті (па­рыз) таң намазының ал­дын­да екі рәкат қосымша на­маз оқыған дұрыс. Айшаның (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) бы­лай айтқаны келтіріледі: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) ешбір қосымша на­маз­ды таң намазының алдындағы екі ра­кат на­маз­дай бұлжытпай оқымаған еді» [әл-Бұхари, Мус­лим].

На­маз­дан кейінгі зікір.

Абу Ума­ма (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) ба­ян­дай­ды: «Бірде пайғамбардан (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай деп сұраған екен: «қай дұғаға жа­у­ап алуға көбірек үміт бар?», сон­да ол: «Түн ішінде және па­рыз на­маз­дар­дан кейін Ал­ла­дан жал­ба­ры­нып сұралған дұғалар» деп жа­у­ап береді»

Таң на­ма­зын оқып болған соң Аллаһты келесі сөздермен зікір ет­кен аб­зал: «Астағъфиру-Лла­ха (3 рет)/ Ал­ла­хум­ма, Ан­та-с-Са­ля­му уа мин-кә-с-саләму, та­ба­рак­та, йа За-ль-жа­ля­ли уа-ль-ик­рам!"

— "Лә иләха иллә Лла­ху уах­да-ху лә шарикә лә-ху, лә-ху-ль-муль­ку, уа лә-ху-ль-хам­ду уа хуа ‘алә кул­ли шай­ин қъади-рун! Лә хаулә уа лә қъууата иллә би-Лләхи, лә иләха иллә Лла­ху уа лә на’бу­ду иллә ийа-ху! Лә-ху-н-ни’ма­ту, уа лә-ху-ль-фад­лю уа лә-ху-с-са­нау-ль-ха­са­ну! Лә иләха иллә Лла­ху мух­ли­си­на лә-ху-д-ди­на уа ләу кәриха-ль-кәфирун. Ал­ла­хум­ма, лә ма­ни’а ли-ма а’тай­та, уа лә му’тыйа ли-ма ма­на’-та уа лә йан-фа’у за-ль-джад­ди мин-кә-ль-джад­ду».

 "Суб­ха­на Лла­хи (33 рет), Әль-хам­ду ли-Лләхи (33 рет) Ал­ла­ху ак­ба­ру (33 рет),со­дан соң «лә иләха иллә Лла­ху уах­да-ху ля шарикә лә-ху, лә-ху-ль-муль­ку уа лә-ху-ль-хам­ду уа хуа ‘аля кул-ли шайй­ин қадирун!» дегенді ай­ту ке­рек.

Таңғы зікір

Осы­дан соң мұсылман адам таңғы зікірді орындағаны аб­зал. Мы­са­лы келесілерді айтуға бо­ла­ды:

 - «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін 3 рет­тен оқу;

 - аят «әл-Күрсиді» оқу;

 - және де келесі дұғаларды оқуға бо­ла­ды: Ал­ла­хум­ма, би-кә ас­бах­на, уа би-кә ам­сай­на, уа би-кә на­хйа, уа би-кә на­му-ту уа иляй-кә-н-ну­шу­ру (бұл таңертең оқылады).

Ал­ла­хум­ма, би-кә ам­сай­на, уа би-кә ас­бах­на, уа би-кә на­хйа, уа би-кә на­му­ту уа иләй-кә-ль-ма­сы­ру (бұл кеш­ке оқылады).

— Би-сми-Лля­хи алләзи лә йа­дур­ру ма’а ис­ми-хи шай­ун фи-ль-ар­ди уа лә фи-с-са­маи уа хуа-с-Са­ми’у-ль-‘Али­му».

— Ал­ла­хум­ма, Ан­та Раб­би, лә иләха иллә Ан­та, халәкъта-ни уа ана ‘аб­ду-кә, уа ана "аля ‘ах­ди-кә уа уа’ди-кә ма-ста­та’ту. А’узу би-кә мин шар­ри ма са­на’ту, абу’у лә-қа би-ни’ма­ти-кә ‘аляййя, уа абу’у би-зан­би, фа-ғъфир ли, фа-ин­на-ху лә йағъфи-ру-з-зу­ну­ба иллә Ак­та! Осы және де басқа сүнненттен белгілі дұғаларды таңертең және кеш­ке оқыған дұрыс.

Таң атқанша мешітте бо­лу.

Мұсылман адам таңғы на­маз­ды оқып болған соң сол оқыған жерінде таң атқанша отырғаны аб­зал. Бұл уақытта ол Құран оқып, не­ме­се Аллаға жал­ба­ры­нып, дұға тілеуіне бо­ла­ды. Со­дан соң, екі ра­кат «ад-Дұха» на­ма­зын оқығаны жөн.

Түскі намазға (зухр не­ме­се бесін на­ма­зы) дейін

Таң атқан уақыт пен бесін на­ма­зы­на дейінгі уақытты әр адам әртүрлі өткізеді. Оқушылар мектептеріне, сту­ден­т­тер уни­вер­си­тет­ке, қызметкерлер қызмет орын­да­ры­на ба­ра­ды. Ал кейбір адам түнгі құлшылықтарға күш жи­нау үшін дем ала­ды. Ал тағы біреулер бұл уақытты басқа да құлшылық түрлеріне ар­най­ды. Бұл құлшылытар ту­ра­лы осы жолдаудың аяғында сөйлесеміз.

Түскі на­маз (аз-Зухр)

Мұсылман адам келесі на­маз­ды тағатсыздана күтеді, себебі ол оның маңыздылығын же­те түсінеді. Со­дан соң мұсылман адам жамағатпен бірге на­маз оқиды және де алдыңғы қатардан орын алуға ты­ры­са­ды.

Абу Ху­рей­ра­дан (Аллаһ оған ра­зы бол­сын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай дегені келтіріледі: «Егер адам­дар азан сөздерін қайталаған үшін және жамағаттың алдыңғы қатарында тұрып на­маз оқыған үшін қандай са­у­ап бо­ла­ты­нын білсе, он­да олар міндетті түрде соған ұмтылар еді» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Одан соң мұсылман қосымша на­маз оқуына бо­ла­ды, бірақ ол нәпіл на­маз­ды үйде оқығаны жөн.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын) бы­лай дейді: «Ер адамның оқыған намазының ең жақсысы — оның үйінде оқыған на­ма­зы, тек па­рыз етілген на­маз­дан басқасы» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Ибн Омардың (Аллаһ оған ра­зы бол­сын)  сөзінен келтіріледі: «Мен пайғамбарымызбен (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бірге түскі намазға дейін екі рәкат және түскі на­маз­дан кейін екі ра­кат на­маз оқитынмын» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Тағы да мы­на­дай ха­дис келтіріледі: «… ол (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) түскі намазға дейінгі төрт рәкат қосымша на­ма­зын ешқашан қалдырмайтын» [әл-Бұхари, Мус­лим].

Пайғамбарымыздың тағы да мы­на­дай өсиеті мәлім: «Кімде кім түскі намазға дейін төрт рәкат, және одан соң төрт рәкат на­маз оқыса, Аллаһ ол адам үшін тозақ отын ха­рам еттеді» [ат-Тир­ми­зи].

Түскі на­маз бен екінті намаздың аралығы

  — осы жолдаудың соңында біздер құлшылықтың әр түріне тоқталып өтеміз.

 - Осы уақытта мұсылман адам таңертең ұйықтамаған бол­са, түнгі құлшылықтарға күш  жи­нау үшін ұйықтап алу­ы­на бо­ла­ды.

Екінті на­ма­зы (ал-Аср)

  — азаншының айтқан аза­нын тыңдап, сөздерін қайталау, азан­нан кейін жоғарыда ай­ты­лып кет­кен дұғаларды оқу.

 - па­рыз етілген екінді намазының ал­дын­да нәпіл на­ма­зын оқу. Ибн Омардың (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) сөзінен келтіріледі: пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген екен: «Екінді намазының ал­дын­да төрт ра­кат на­маз оқыған адамға Алланың мейірімі бол­сын» [ат-Тир­ми­зи].

 - Екінті на­маз­ды мешітте жамағатпен бірге оқу.

Кешкі зікір.

Со­дан соң таңғы зікір бөлімінде атап кет­кен зікір сөздерінің кейбіреуін айтуға бо­ла­ды.

Екінті на­ма­зы мен кешкі (ақшам) намазының аралығы.

Осы жолдаудың соңында келтірілетін әртүрлі құлшылықтарды жа­сау.

Кешкі на­маз (ақшам не­ме­се ал-Мағриб).

— азаншының айтқан аза­нын тыңдап, сөздерін қайталау, азан­нан кейін жоғарыда ай­ты­лып кет­кен дұғаларды оқу.

-Ауызашарға асығу. Себебі Пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) бы­лай де­ген: «Егер адам­дар ауыз ашуға асықса, әрдайым игілікке кенеледі».

 - құрмамен не­ме­се су­мен ауыз ашу

 - ауыз ашар дұғасы. Пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!): «Шын мәнінде, ора­за тұтушының ауыз ашар­да сұраған дұғасы, жа­у­ап­сыз қалмайды» [ибн Мад­жа].

— Азан мен иқамат арасындағы дұға.

 - кешкі на­маз­ды мешітте жамағатпен бірге оқу.

 - кешкі намазға дейінгі және кейінгі қосымша на­маз­дар­ды оқу.

 Аб­дул­лах бин Муғаффал (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) бы­лай ай­тып кет­кен еді: «бірде пайғамбарымыз (оған Аллаһ тағаланың сәлемі мен игілігі бол­сын!) «кешкі на­маз ал­дын­да на­маз оқыңдар» деп үш ре­ет қайталады және де үшінші рет­тен соң «бұл ерікті түрде оқимын деушілер үшін» деп қосты [ал-Бу­ха­ри].

Түнгі (құптан) на­маз (әл-Иша)

— азаншының айтқан аза­нын тыңдап, сөздерін қайталау, азан­нан кейін жоғарыда ай­ты­лып кет­кен дұғаларды оқу.

— азан­нан кейін екі рәкат қосымша на­маз оқу.

 - Азан мен иқамат арасындағы дұға. Аб­дул­лах бин Муғаффал (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) бы­лай айтқаны мәлім: «бірде пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай де­ген: «әрбір екі шақырудың (азан мен иқамат) ара­сын­да – дұға» деп үш рет қайталайды және үшіншісінде «бұл өз еркін білдірушілер үшін» деп қосады [ал-Бу­ха­ри, Мус­лим].

 - Түнгі на­маз­ды мешітте жамағатпен бірге оқу.

 - Түнгі на­маз­дан кейін екі рәкат қосымша (сүннет) на­ма­зын оқу.

Ат-Та­ра­у­их на­ма­зы

Әрбір мұсылман ра­ма­зан ай­ын­да осы қосымша на­маз­ды мешітте жамағатпен бірге оқығаны аб­зал. Абу Ху­рей­ра­дан (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай дегені келтіріледі: «Кімде кім ра­ма­зан уақытында Алланың сый­ы­на үміт пен сеніммен түнде на­маз оқыса, Аллаһ оның бұрынғы күнәларын кешіреді» [ал-Бу­ха­ри, Мус­лим].

Мұсылман бұл на­маз­ды имам­мен бірге аяғына дейін сабырлықпен, шыдамдылықпен оқығаны дұрыс. Өйткені пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай айтқан: «На­маз­ды имам­мен бірге аяғына дейін оқыған адамға түнімен на­маз оқығандай са­у­ап жа­зы­ла­ды» [ат-Тир­ми­зи, Абу Да­уд].

Ұйқы

— Мұсылман ағзасы жақсылап тынығуы үшін ер­те­рек жатқаны аб­зал. Себебі, ұйқысыз түндердің кесірінен оның көп уақыты тек­ке кетеді. Және де ер­те жа­ту Сүннентке лайықты. Абу Бар­за (Аллаһ оған ра­зы бол­сын!) айт­ты: «Алланың елшісі (Алланың оған игіліг мен сәлемі бол­сын!) түнгі намаздың ал­дын­да ұйықтағанды және одан кейін әңгімелесуді ұнатпайтын» [ал-Бу­ха­ри, Мус­лим]. Яғни пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) құптан на­ма­зын оқып бо­лы­сы­мен ұйқтайтын болған екен.

Имам ан-На­уа­уи: «түнгі на­маз­дан кейінгі әңгімелердің құпталмауының себебі адам ұйқысынан қалады да, түн ортасындағы намазға не­ме­се таңғы намазға тұруына бөгет бо­ла­ды. Ха­дис­те көрсетіліп отырған әңгімеге пай­да­сыз әңгімелер жатқызылып отыр, ал егер пай­да­лы әңгіме ай­ты­лар бол­са, ол құпталады» деп айтқан.

— ұйықтар ал­дын­да белгілі бір зікір сөздерін атқан жөн.

— ұйықтарда дәретпен ұйықтаған дұрыс. Және де оң жаққа қарап жа­ту ке­рек.

Ұйықтар ал­дын­да оқылатын зікір сөздері.

 - екі алақанды қосып жай­ып «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып алақанға үру. Со­дан соң алақандармен барлық басың мен бетіңнен бас­тап денеңді си­пау ке­рек (осы­ны 3 рет жа­сау қажет).

 - Аят әл-Курсиді оқу. Бұл аят­ты ұйықтар ал­дын­да оқыған адам­ды Аллаһ кез кел­ген зұлымдықтан сақтайды және адам таңертең ұйқыдан оянғанға шейін оған шай­тан жо­ла­май­ды.

 - Би-сми-кә, Ал­ла­хум­ма, аму­ту уа ахйа. «Ей, Аллаһ, Сенің атыңмен өліп, Сенің атыңмен тірілемін».

Құлшылықтың әртүрлі түрлері

Бұл жер­де біз мұсылман адам кез кел­ген өзінің қалаған уақытында жа­сай ала­тын құлшылық түрлерін атап көрсетеміз.

Олар келесілер:

1)     Құран оқу. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!): «Құран оқыңдар. Шын мәнінде ол қиямет күнінде оны оқығандар үшін шапағатшы бо­ла­ды» [Мус­лим].

2)     Құран жат­тау. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!): «Сендердің араларыңдаңы ең жақсыларың – ол құранды жат­тап және басқаларға үйреткендерің».

3)     Ал­ла­дан кешірім сұрау («Истиғъфар»).

Ана­стан Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай дегені келтіріледі: «Адам баласының барлығы да қателеседі, ал қателесушілердің ең жақсысы бо­лып өкініп кешірім сұраушылар та­бы­ла­ды» [ат-Тир­ми­зи, ибн Мад­жа].

4)     Ал­ла­ны зікір қылу. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай деді: «Раб­бы­сын ес­ке алып зікір етуші мен зікір етпеушінің арасындағы айырмашылық өлі мен тірінің арасындағы айырмашылықтай» [ал-Бу­ха­ри].

5)     Ора­за тұтушылар үшін ауыз ашар жа­сау. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай деді: «Ора­за тұтқан адам­ды тамақтандырған адам ора­за тұтқанмен бірдей сауапқа кенеледі».

6)     Садақа. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай деді: «Кімде кім садақа ретінде адал жол­мен тапқан бір түйір құрманы бер­се, Аллаһ оны оң Қолымен қабыл етеді, және де сен­дер құлыншақтарыңды өсіргендеріңдей етіп ол  садақаны да үлкен тауға айналғанға шейін өсіреді [ал-Бу­ха­ри, Мус­лим].

7)     Өз қолымен тапқан адал та­быс.

8)     Науқас адам­ды зи­рат ету. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай деді: «кімде кім науқас адамның не­ме­се исламдағы бауырының халін сұрап бар­са, періште оған: «Бақытты бол, Аллаһ жолыңды аш­сын, Жаннатың төрінен орын алғайсың» деп айқай са­ла­ды.

9)     Адам­дар­ды та­ту­ла­с­ты­ру. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай де­ген: «Сен­дер­ге ора­за, на­маз және садақадан артық дәрежедегі нәрсені ай­тай­ын ба? Са­ха­ба­лар: «Ия, уа Аллаһтың елшісі». Сон­да пайғамбар: «(иман келтірген) адам­дар­ды та­ту­ла­с­ты­ру» [Абу Да­уд, ат-Тир­ми­зи].

10)  Міскинденр мен жесірлерге қамқор бо­лу. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын) бы­лай де­ген: «Ке­дей-кепшік пен жесірге қамқор болған адам Аллаһ жолындағы муджаһидке тең» [ал-Бу­ха­ри].

11)  Жетімге қамқоршы бо­лу. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын) сұқ саусағы мен ор­тан­шы саусағын көрсетіп оты­рып бы­лай де­ген: «Мен және жетімге қамқор болған адам Жан­нат­та осы­лай бол­мыз» [ал-Бу­ха­ри].

12)  Иман келтіргендерге қуаныш сый­лау. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай де­ген: «Ең игі істер: мұсылман бауырыңа қуаныш сый­лау – оның қарызын өтеу, оны тамақтандыру» [ал-Байхақи].

13)  Жамандыққа жақсылықпен жа­у­ап қайтару. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай де­ген: «… ал егер оны біреу балағаттаса, ол «менің аузым берік» десін» [ал-Бу­ха­ри, Мус­лим].

14)  Қайғы кешіп жүрген адамға көмек көрсету. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай де­ген: «кімде кім мұсылман адам­ды осы дүниенің қайғысынан арыл­т­са, ол адам­ды Аллаһ қиямет күніндегі қайғы-қиынншылықтардың біреуінен арыл­та­ды» [Мус­лим].

15)  Шариғат ілімін үйрену. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай де­ген: «білім та­лап ету әрбір мұсылманның міндеті бо­лып та­бы­ла­ды» [ал-Байхақи, ат-Та­ба­ра­ни].

16)  Ата-ана үшін дұға сұрау және олар­ды мейірімге бөлеу. Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі бол­сын!) бы­лай де­ген: «Шын мәнінде Аллаһ өзінің тақуа құлын Жаннаттағы дәрежесін жоғарылатады, сон­да ол адам: «Ей, Аллаһ, не үшін?» деп сұрағанда Аллаһ: «Сенің ұлың сен үшін кешірім сұрағаны үшін» деп жа­у­ап береді екен» [имам Ах­мад].

 Орыс­ша­дан аударған: Шын­тас Асель

 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz