Ғаламтордың пайдасын айтсақ, шаш етектен. Ал, зиянын бүгінгі тақырыптың зердесінен ысыралық. Дұрыс, әуелі қай нәрсенің болмасын екі жағын таразылап алмасақ, артынан орны толмас олқылыққа ұрынып, опық жейтініміз анық. Сол себепті де біз интернеттен келер пайданы ғана иіріп алу жағын қарастырдық, басқасынан бұрын әрине. Айталық, жер жаһанды жайлаған ғаламторсыз бүгінгі жұмысымызды әрбір қимыл-әрекетімізді көз алдымызға елестете …
Ай мен күннің аманында ұлттық сусындардан айырылып қалмайық
«Қымыранды бірқатар өңірлерде шұбат дейді. Кітаптарда, арнайы сөздіктерде де кейде шұбат, кейде қымыран деп жазады. Қай-қайсысын айтса-дағы таңдайыңызға тәп-тәтті әрі сәл-пәл ғана қышқылтым, жұмсақ-жұмбақ, мамық-мақпал, дәмді-нәрлі дүние білінер. Тіліңізді үйірер. Осы Оңтүстікте, оның ішінде ойсылқараны көбірек күйттейтін Қызылқұм мен Созақ атыраптарында қымыран деп атайды». «Қызылқұмның қымыраны» жайында жазушы, журналист Мархабат Байғұттың шығармасынан шағын сөз бұл. …
Жастар қылмысы жасарып барады
«Қуанбаңдар жастыққа, Елірме күлкі, мастыққа. Сыпайы жүр де, шаруа ойла, Даңғойланып қақтықпа». Қара жұрттың қамын ойлаған ақыл ойдың алыбы ақын Абайдың жастарға айтқанынан алар тәлім көп. Қалың дүниедегінің бәрін қомақты ойлармен жеткізген жанның өнегелі өлең жолдарын қомағайлана, құныға оқисың. Қарымы кең қауқарлы, тамырлы ой сілемдерін туғызған тұлғалардың жақсысын жастайымыздан жадымызға түйгендіктен болар, арсыздықтан аулақ өстік. …
Білімсіз адам — бүліктің бел баласы
Білімсіз адам — бүліктің бел баласы. Бұдан біз, іліммен іргеңді бекітсең ғана ізгілік жетегінде жүретінімізді ұғамыз. Хақ дін Ислам осыған үндейді. Қараңғылық қағынан жарыққа шығу үшін Құран кәрімнің алғашқы аяты «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен!» деп келеді. Өйткені, оқу мен жазуды тірлік тынысы деп ұғып, илләһи заңдылықпен ұштастырған ұрпақтың ұтары көп.
Алайда, бір анық бүгінде кітап оқу …