Абай өз заманында “Қазақ қасында жүрген бiлiмдiнi, зерделіні мойындамайды, бiр белдiң астындағы бiреудi данышпан десе соған ат сабылтады, аруақ көтерiп, пiр тұтады. Ал, сол бел астындағы “данышпанның” өзiнiң қасындағы бiлiмдiнiң қолына су құя алмайтынын бiлмейдi”-деп сынаған ғой. Адам қабілетін дер кезінде тани білу кезкелгеннің қолынан келе бермейтін шаруа. «Адамды адам түсінбейді , түсінуге ғана ұмтылады» …
Мұғалімнің кәсіби беделі туралы ой
«Күн сайын талап пен талғам жаңарып жатқан қарқынды даму кезеңінде мұғалімдер өз бет-бейнесін, кәсіби беделін, мамандығына сай мәртебесін орнықтыра алуы қажет. Ұстаздық еңбек асқан талғампаздықты, мол адами қасиетті, рухани тазалықты қажет ететін, жауапкершілігі мол, аса күрделі мамандық. Ұстаздың бойында бала қызыға қарайтын, мен де осындай болсам екен деп еліктейтін қасиеттер болғаны дұрыс. Себебі баланың ұстазына …
Ұлттық өнер — өміршең қазына
Сыры ғасырлар бойы сақталған өнер қазынасының бір арнасы — Қазақстанның батыс өңірінің күйшілік, әншілік, жыршылық дәстүрі мен ән өнері . Осы өнер қазынасын зерттеп , өткен кезеңдерде өмір сүрген өнер иелерінің әндері мен әншілік дәстүрлерін лайықты түрде өз орындарына қоюға қадам жасап жүрген өнер зерттеушілерінің бірі , жас ғалым — Тұрмағанбетова Бақыт Жолдыбайқызы .
Бақыт Жолдыбайқызы …
Әкенің мейірімді бейнесі
Кей мезгілде «егер әкем тірі болса…» деген ой мазалайтыны бар.. Әйткенмен өткен күн тек естелік қана… «Әкелеп», асқар тауымыздың мойнына асылып, еркелеме-генімiзге он жылдай болыпты . Біз ол кезде студент едік. Екі апам және мен , кішкене інім бар. Есейдік, ес білдік. Анамыз балапандарын жеткізді, жетілдірді. Бірақ әкенің асыл бейнесі, дарқан пейілі, әлі күнге есімізде… …
Еңбегі құрметке лайықты мамандық
Білім мен тәрбие беру – мәңгі ескірмейтін ардақты іс. Ардақты істің атқарушылары да өз ісінің хас шеберлері болуы керек. Педагогика классиктерінің «ұстаздық – қиялы бай адамдарға жарасты мамандық» дейтін дәуірлер талқысынан өткен сөзі бар. Мұғалім қызметі сипаты жағынан өнер саласына жатады делінеді. Өнерге жаңашылдық қажет. Баламен жұмыстың өзі жаңашылдықты қалайды. Мұғалім – жан-жақты білімді, рухани …
Білім сапасы туралы ой
Әлемге “мұнайлы ел, шикiзат базасы” деген атағымыз әйгiлi болғанымен, “Ақылды болсаң, неге кедейсiң?” демекшi, біліктілік жағымыз iлгерi баспай келедi. Бiздiң университеттердiң берген білімі халықаралық стандарттың шарттарына толмайды деп, тiптi Бiлiм министрлiгiнiң өзi де қынжыла айтады. Ең таңдаулы дейтiн университеттi бiтiрген маманның да бiрсыпырасы “халықаралықты” былай қойып, бiр бет мәтiндi қатесiз, сауатты жаза алмайтындар бар екенін …
Балалар әлемін түбегейлі тани білсек….
«Өнерге – педагогика, педагогикаға — өнер шеберлігі керек» деген аталы сөз бар. Педагогиканың субъектісі де, объектісі де адам. Басқа ешбір мамандық адам жан әлемімен тікелей байланысқа түспейді. Баланың жан дүниесі — өмірдің шаң-тозаңдары қонбаған кіршіксіз әлем. Бала жан дүниесі жасандылық пен жалғандықсыз ақиқатты аңсайды. Баламен қарым-қатынаста шындық үстемдік етуге тиіс. Мұғалімге баланың білуге тиіс ақпараттарды …
Ұстаз ағаға хат
Қадірлі аға !. «..Ауыл мұғалімі жазбалары» деген кітабыңызды қызыға оқып шықтым. Қоңыр мұқабалы кітапты қолға алып парақтағаннан-ақ көз алдыма өткен күндерім көлбеңдеп, көңіл сарайым сергек тартып сала берді. Әр бөліміне зейін аударсаң, анау «желаяқ жылдардағы» жастық жалыны жүзімді шарпып, жиырма бесті толтырып, ордабұзар отызға аяқ басқан, өзіңізбен әріптес болған мұғалім ретінде сарабдал сана мен шуақты …
Жылойдың дәрігер қызы
«Қыз өссе – елдің көркі» деп бабаларымыз айтқан өнегелі сөздің астарында «елге көрік болатындай өссе екен» деген ізгі тілек жатқандай. Елдің көркі болу үшін ел аңсаған жақсы қасиеттердің бәрі адам бойынан табылуы тиіс. Қадір ақынның : —
«… Құр жылтырақ сақталмайды есте де,
Шын сұлулық тереңдікте емес пе?» ,- деген сөзі бар.
Барлығының түйіні бір тереңдік. Ол – …