Арулар сайысы ең алғаш 1951 жылы Америкада болған, сол уақыттан бастап «Мисс Вселенная» деген атпен 1971 жылға дейін сол елде жалғасты. Содан 1972 жылдан бастап әр елде өтіп келеді. Бұл байқауға әлем елдерінің арулары қатысып, өздерінше бақтарын сынайды. Соңғы жылдары бұл сынның аясы кеңіп қанатын жаюда. Оған 2002 жылы Қытай, 2004 жылы Вьетнам, 2005 жылы Латвия, 2007 жылы Танзания арулары қатысқан. Осы көштен құр қалғысы келмеген Қазақстан аруы алғаш рет 2006 жылы қатысқан екен. Міне, бұл байқаудың тарихы бүгінгі таңда рухани азғындықтың көшбасшысы болған АҚШ-тан шыққан екен. Ал, оны біздің қазкеңде «арулар байқауы өзінше бір мәдениет деп қабылдап, құшақ жая қарсы алды. Негізінен еліміздің аумағында бұл байқау 1996 жылдан бастап қала аралық деңгейде «Мисс Казахстан» деген атпен өтіп келеді. Тіпті жасөспірімдердің арасында да өткізіледі. Бұған мемлекеттен арнайы қаржы бөлінеді. Сондағы мемлекеттің қаржысы арсыз аруларды дайындауға солардың қатарын көбейтуге жұмсалғаны ма?! Халықтың тілі, діні, дәстүрі дегенде ауызына құм құйылғандай жақ ашпайтын БАҚ жарыса жариялап әуре.
Арулар байқауы дегеніміз — барып тұрған арсыздар байқауы. Өйткені ол жердегі ару сымақ өзінің тәнін сату үшін көпшілік алдына жалаңаштанып шығып, «мені көрдіңдер ма» деген сыңай танытады. Бұл көзі түскен еркек атаулының нәпсісін оятып, қаракөздерімсізді жезөкшелікке жетелейтін бірден-бір жол. Әуел баста бұл байқау осы мақсатта ұйымдастырылған еріккеннің ермегі. Міне, қазақ қыздарын бүгінгі таңда осындай тәрбиенің ығына жығып, көшедегі көлденең көк аттының тақымында кетуге өзіміз себеп болып жатырмыз. Кейде «менің қызым қаланың аруы атаныпты», — деп мәре-сәре боламыз, оны былай қойғанда жуып жататын желөкпелерді де кездестіреміз. Сонда қанаттыға қақтырмай өсірген қызының тәнін саудалауға бара жатқанын қайдан білмей ме? Білсе неге тойлайды. Кеше қызын қызғыштай қорғаған қазақ бүгін намыстан жұрдай болып қызын өз қолымен ел алдына шығарып арзан тауар секілді саудалап жатыр. Бабамыз мен қазақ қыздарына қайран қалам деп, қазақ қызының ибалылығына тамсана баға берсе, бүгін, мен қазақ қыздарына қайран қалам деп қазақ қыздарының арсыздаққа құрбан болғанына бас шайқайсың. Амал не қандай ел болмасын өзінің сал-дәстүрі мен салт-санасы қоғамда салтанат құрмаған жағдайда арсыздыққа жол беретіні белгілі.
Көзге ұрып тұрса ашық құлын мүсін, Дәметіп қарар небір зұлым кісің. Жалаңаш жарнамаға көз үйреніп, Арсыздық жайлап, елім, бүлінді ішің. Қызыңда қызғанатын не қалып ед, Ұяты он жасында жоғалып ед. Намысы он бесінде тоналып ед, Оңаша қалып бөтен бозбаламен, Үйіне түнделетіп оралып ед. Кісіге тік қарамас ұятты қыз, Нұрымен сүйсіндірер шуақты жүз. Қорғаған абыройын ару көрсек, Біз надан сұмпай көрген сияқтымыз. Байыпсыз байбаламын салады ақыр, Дінменен келердей бір заманақыр. Ашық қыз көшеде өскен жеміс сынды, Көрінген қолын созып ала алатын. Санасы кім бар бүгін уланбаған, Қурап бір қалатындай қу болмаған? Қызыңның бетін сүйіп белін ұстар, Суық қол су жыландай сумаңдаған.… Толық оқу »