Тәрбие төрт нәрсеге байланысты:
- Тәні;
- Ақыл-ой, танымы;
- Ішкі жан дүниесі;
- Тұлға ретінде қалыптасуы.
Бала тәрбиесінде аналар бірінші тән тәрбиесіне көп мән береді де, қалғандарын естен шығарып алып жатады. Әрбір ата-ана бала тәрбиесінде осы төртеуіне де жіті мән беруі керек.
Баланың денінің сау болуыанасының жүктілік кезінде өзін-өзі күтуіне, дұрыс тамақтануына, витаминдер қабылдауына тікелей байланысты.
Жүктілік кезінде, егер сізге біреу «екі адам үшін жеу керек» десе сенбеңіз. Шындығында, белоктарға, витаминді және минералды заттарға сұраныс күшейеді, әйтсе де сіздің денсаулығыңыз үшін бұлардың барлығы 200 калорияға ғана көп керек. Есіңізде сақтаңыз: болашақ ана үшін әртүрлі витаминді тағамдар жеудің пайдасы мол. Сол сияқты, аш жүру, тым тоя тамақ жеу және үнемі бірдей тағамдар қолдану зиянын тигізеді.
Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану үлгісі:
- Болашақ ана үшін жиі тамақтанғаны дұрыс болады. Таңертеңгілік жақсылап тамақтаныңыз, түстенуге және кешкі асқа мән беріңіз. Тамақты асықпай, жақсылап шайнап жегеніңіз дұрыс.
- Сұйықтықты көбірек қолданыңыз. Күніне 6-8 стакан мөлшерінде және тамақтың алдында немесе ортасында. Асты сумен ішкен дұрыс болмайды.
- Жүктіліктің бірінші триместрінде қолданған тағамыңыздың сапасына мән беріңіз. Ол белоктарға және витаминдерге бай болуы керек. Аз-аздан бірақ жиі-жиі тамақтанған дұрыс.
Белоктар
Белоктар жануарлар мен өсімдіктерден алынған тағамдарда: ет, балық, жұмыртқа, сүт тағамдарында, дәнді-дақылдарда көп болады. Бұлар денсаулығымыз үшін өте қажетті және салмақ қоспайды.
Еттің түрлерінің ішінде сиыр еті, тауықтың ақ еті және үндік, қоян етін қолданған дұрыс.
Балық белокқа, кальцийге және фосфорға өте бай. Балықтың майлы емес сорттары пайдалы. Қызыл және қара уылдырықтан да құр қалмаңыз.
Сүтті жақсылап қайнатып қолданаған дұрыс.
- 32- ші аптадан бастап сіздің белсенділігіңіз азаяды, сол себепті калориялы тағамдарға қарағанда жеңіл көмірсу тағамдарын қолданғаныңыз дұрыс. Бірақ белокты тағамдарды тоқтатып қоймаңыз.
- 5-ші айдан бастап бала тез өсе бастайды, жатырдың көлемі өсіп, қан ұлғаяды. Бұл кезеңде кальцийге, магний, темір, цинк сияқты микроэлементтерге Д витаминіне сұраныс көбейеді.
Көмірсулар
Көмірсулар метаболизм(зат алмасу) нәтижесінде глюкозаға айналады. Барлық көмірсулар асқазанға түскеннен соң бірдей жылдамдықпен 20-30 минут қорытылады.
Көмірсуға бай тағамдарға ұннан жасалған қара нандар, көкөністер, жеміс жидектер, дақылдар саналады.
Ботқалардан гречка, күріш, тары,арпа, жүгері ботқаларын қолданғаныңыз пайдалы. Оларды етпен, қырыққабатпен, өсімдік майымен араластырып қолданған жөн.
- Ащы, тұзды, майлы және тәтті тағамдарды көп қолданудан сақтаныңыз.
- Жеміс-жидектер мен көкөністер сіздің күнделікті ас мәзіріңіз болу керек.
- Етті тағамдарды асылған, буға піскен күйде қолданғаныңыз дұрыс.(Тефтели, буға піскен котлеттер т.б.)
- Міндетті түрде аптасына бір рет балық жегеніңіз пайдалы. Асылған түрде болса жақсы.
- Егер жүктілік бір қалыпта өтіп жатса, сұйықтықты көп қолданғаныңыз дұрыс.Минералды сулар, көк шәй, шөптер және т.б.
Баласының болашағына алаңдаушылық білдірген әрбір ана өзінің ішіп-жеген тағамының халал ас болуына, тұтынатын заттарының адал табылған болуына мән беруі керек. Бұл оның денсаулығына да, рухани қалпына да қатты әсерін тигізеді. Бұған мына хикая мысал бола алады: «Бірде бір кісінің баласы өте бұзық болады. Ол көршісінің су құятын ыдыстарын тесіп, суларын далаға ағызып жібере береді. Олар қайта-қайта ескертулер жасайды. Баланың неліктен мұндай сотқар болғанын түсінбеген әкесі мен анасы «қай жерден қате жібердік» деп ойланады. Сол кезде анасының есіне жүкті кезіндегі мына оқиға түседі: «Мен осы балаға жүкті болып жүргенде бір зат сұрау үшін көршімнің үйіне бардым. Содан ол маған сол затты әкелуге кеткенде, дастархан үстінде тұрған анарды қатты жегім келіп, шыдамай, рұқсатсыз оның бір жерін тесіп, шырынын сорып, қайта орнына қойған едім», — дейді. Бұның мән жәйін түсінген әкесі «Дереу тәубеңе келіп, Аллаһтан кешірім сұра», — дейді.
Осы хикаядан көргеніміздей біздің істеген амалдарымыз, жеген тағамымыз баланың тәніне ғана емес, рухына да әсерін тигізетінін байқадық.
Жүктіліктің 17-20 аптасынан бастап, бала анасының және сырттағы дауыстарды ести алады. Сондықтан ананың Құранды көп оқуы мен көп тыңдауының маңызы зор. Баланың Құранды жаттау қабілеті осы кезден басталады. Сол себепті, Құранды дауыстап оқуды дағдыға айналдырып, бір іспен шұғылданып, қолыңыз тимей жатқанда да, тынығып жатсаңыз да үнтаспаға Құран аяттарын қосып тыңдағаныңыз бала үшін өте пайдалы.
Айнұр Сарбала
Медициналық материалдар «Мать и Дитя» кітабынан алынды
Әрине, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі ғой. Машалла! Алла береке берсін отбасыңызға, Айнұр апке.