- «Қазақтану» 1-9сынып аралығында оқытылатын негізгі пән ретінде енсе.
- Пәннің оқытылу негізі: қазақ халқының салт дәстүрі, діни ғұрпы, мәдениеті мен өнері және қазақ халқының түрлі құндылықтарын қамтиды.
- Бұл пән оқушыны отанды сүйуге шақырып патриоттық сана қалыптастырып, еліміздің табиғи байлықтарын су,жер, ауа,табиғатты аялауға үйретеді
- Аталмыш пән қазақ және орыс тілінде өтіле береді. Тіпті өзге тілдеде . (жергілікті мектептің ынғайына қарай) Себебі Қазақстанды отаным деп санайтын әрбір оқушы қазақ халқының дәстүрін білуі тиіс.
- Сондайақ Қазақстанға қоныс аударып келген өзге ұлттардың қазақ халқының алдында қарыздар екенін және бүгінгі ұрпақтың ата баба алдында борыштар екенін ұғындыру керек
- Мемлекет қаржысын үнемдеуге электр қуатын тиімді пайдалануға, мелекет меншігіне үлкен жауапкершілікпен қарауға, сондай ақ үнемшілдікке үйрететін пән болып табылады.
Осы ізгі қасиеттерді бойыңа жастайынан сіңіріп өскен бала ертең қайдағы бір секта, болмаса түрлі топтарға еріп кетуі мүмкінбе? Аталған пән енгізілсе біз тек діннен келетін қауіптен ғана емес түрлі елімізге келетін қауіптен сақтанған болар едік. Бір ұлттың өз құндылықтарын жоғалтқан күннен бастап өзгенін құндылықтарын бойына сіңіру процесі басталатыны тарихтан белгілі. Бұл батыстың бұрынан жүргізіліп келе жатқан саясаты. Ащы да болса шындық қазіргі кезде қоғам түгел батыстың субмәдениетіне ынтық болып отыр. Бұлай дейтінім біз батыс десе демократия және ар ұяттан жұрдай қоғамды көз алдымызға елестетеміз. Шын мәнінде батыс олай емес. Ұлыбританя , Германия, Франция т.б батыстың алпауыттарында қоғам мүлде басқаша. Шынайы демократияның нормаларына сай адамгершілік пен жауапкершілікке қатты мән береді. Ал біз тек көлеңкелі жағын ғана көремізде оны асыра орындаймыз. Еліміздің жастары қаншалықты білімді болғаны мен сол білімді бір ойға жиып ұстап тұратын рухани күш жоқ. Тек жан жақты ақпараттар мен жаңа технологияның тілін түсінуге ғана қызығушылығымыз күн санап артып келеді. Бұл әрине жақсы. Бірақ білгенімізді бір ой төңірегіне шоғырландыруымыз керек қой. Жалпы қортындылай келе мен дінтану пәнінің мектепке енгізілгеніне қарсы емеспін, бірақ «қазақтану» пәнін неге енгізбеске. Жаһандану дәуірінде дәстүріңнен бір сәтке көз жазып қалсаң әбсәтте ақ тегіңнен айырылып жұтылып кетуің ғажап емес. Сондықтан біздің ішкі рухымыз мықты болса сырттан келер қауіпте азаяр еді. Ол үшін тек қазақ қана емес бүкіл қазақстандық болып ортақ қазақ мәдениетін бойымызға сіңіру қажет. Бұл өзге ұлттың мәдениетін мойындамау болып саналмайды. Қайта бірлігіміз нығайып көркейе түсеріміз анық.
Ержігітов Марат.
ҚазҰУ. Философия және Саясаттану факультетінің 3-ші студенті.