Ұлттық сана

Көзқарас

Бізде ел тағдырын, дәуір ты­ны­сын са­рап­тап, саралауға міндетті фи­ло­со­фия ілімі дамымаған. Бұл кемшілікке әдебиет сын­шы­сы да, фи­ло­соф та кінәлі емес. Кінә ұзақ жыл бойы отар­ла­у­шы ел жүргізген са­я­сат­та. Тіпті, осының өзі-ақ бізде ұлттық философияға сүйенген эстетикалық талдаудың өз міндетін атқара ал­май ке­ле жатқандығының айғағы емес пе?

Егер ұлт тәуелсіздікке же­те ал­ма­са, ол жай­ын­да сөз қозғаудың өзі қисынсыз. Себебі қаналушы елдің та­ри­хы қашанда қанаушы ел идеологиясының ықпалымен бұрмаланып жа­зы­ла­ты­ны дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

Ұлт тәуелсіздігін қорғай алған жағдайда сол сәттен бас­тап, халықтың шын та­ри­хы жа­зы­ла бас­тай­ды. Сон­да фи­ло­си­фия ілімінің өркендеуіне негіз  қаланады. Де­мек, шындықты суреттейтін туындылардың жа­зы­лу­ы­на жол ашы­ла­ды.

Қай за­ман­да қамсыз жатқан ұлтты басқалар өз тілінде сөйлетіп, дәстүрін жалғастырып, дінін қастерлетіп, ата қонысында еркін тайраңдатып қойған? Тіптен, іштен ірітушілерді айтпағанда пай­да іздеп қасқырдай анталаған сыртқы жаудың ты­ныш жа­туы мүмкін бе? Әрине, жоқ. Осын­дай­да сыртқы жау ба­сып алған кез­де ұлттың бұрынғы қалыптасқан ты­ныс-тіршілігі дерліктей бүліншілікке, бүліншілік кедейлік пен кемсітушілікке жалғаспай ма?

XX ғасырда жа­зу-сы­зу­сыз үгіт-насихаттың пәрменді жүргізілуі мүмкін бе еді? Әрине мүмкін емес! Алғашында өлең, әңгіме жазған Ах­мет Байтұрсынұлының қазақ әрпін түзіп, онан әрі грам­ма­ти­ка­ны, әдебиет те­о­ри­я­сын жа­са­у­ды мой­ны­на алуы – ұлы істі қайта жаңғыртуы еді. Әттеген-айы – бұл жетістіктердің ұзаққа со­зыл­май, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін бірте-бірте тал­мау­сы­рап, ақырында күйреуі еді. Оның үстіне дер­бес мем­ле­кет бо­лу­ды ар­ман­да­у­шы­лар­ды бы­лай қойғанда, көкірегі ояу де­ген азаматтардың көзін жой­ды. Осы­дан кейін ру­ха­ни жұтаған, үмітсіздік пен ашаршылықтан есеңгіреген халықты коммунистік идеологияның тезінен өткізіп, са­на­ны өзгерту арқылы орыстандыруға бірыңғай  кірісті. Ел басқарған хан, аға сұлтан, бо­лыс, би, бай­лар жемқор бейнесінде суреттелді. Алаштың арқа тұтқан көкірек көзі ашық аза­мат­та­ры «ұлтшыл» деп қараланды.

Қазақ халқының бір замандағы тұтастығына сы­зат түсірген бір фак­тор – ұлтымыздың орыс және қазақ тілді бо­лып, іштей бөлшектенуі. Біз қазір тап осын­дай қоғамда өмір сүріп жа­тыр­мыз. Мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, тез қамданбасақ, мәселе ушығып кетуі кәдік.

                                                                            Жұмамұрат Шәмші 

+3
-1

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии