Сыраға сылқиған сылқымдар…

Қолы қалт етсе, сыра сіміру сәнге айналған заман болды бүгінде. Кәрі үлкендігінен ұялмайды, жас қатарынан қымсынбайды. Ғибадатханаға  уақыт таппайтын адамдар,сырахана баруға келгенде алдына жансалмайды. Артық айтқандығымыз да емес, жала жабу да емес.Көзбен көргеннен кейінгі жәйттердің жаңғырығы бұл. Жақыны жоғалса да сол жақтан іздейтіндерді жасыра алмайсың. «Сыныққа сылтау көп», — дегендей бастарында жылт еткен жаңалық пайда болса жиналатын жерлері де осы мекен. Мауқын басып, мауығып отырғандардың сыртынан қарасаң ақын ағаларымыздың «сыра тасып сыйлайды бірін-бірі, дәрет алып жатқандай зыр жүгіріп» деген өлең шумақтары ойыңа оралады.  Шындығында да нағыз күна мен жамандықтың бастау алатын ордасында сыйластық пен махаббат қайдан болсын?! Соны біле тұра ішкілікке ден қойғандардың көбі жастар екен. Сыраханаға келіп, кетіп жатқандарға қарап осындай ойға келдік. Оның себебін сол  азаматшалардың өзіне сұрақ қою арқылы аңғардық.

Әйгерім — жасы 22 шамасындағы қазақ қызы

Сөзі: «Мұнда келгенде не істейміз, сыра ішіп демаламыз. Әркім әртүрлі себеппен келеді, мысалы танысуға. Адам бақытын кез-келген жерден іздеуге болады ғой…».

Иә, қарындасымыз бізге осындай уәж қайтарды ақыл айтқансып. Тойып алғаннан кейін, тауып айттым деп отырғаны шығар бәлкім.Қазақ қызының солай жөнсіз сөйлегеніне қынжыласың, ұялады да екенсің. Сенің ұялғаныңды олар теріс қабылдайды. Сонда олар үшін «жігіттің сұлтаны» ар-ұяттан безген, иман дегеннен жұрдай азаматтар болғаны ғой…Тақырыпты зерттеу мақсатында, көп нәрселерге көз жеткізу үшінбас сұғыпта көрдік. Көпшілігі қаракөз қыз-келіншектер. Не жоғалтты екен деп қойдық.

Сары шашты қыз:

Сөзі: «Ой, қазір қай кафеге, қай сыраханаға барсаңда 70-80 пайызы әйел адамдар ғой. 25-35 жас аралығындағы қыздар шетінен. Топырлап отырамыз. Басқа не істейсің?! Не бай алмайды, дұрыс жігітте жоқ. Отыз беске келдік. Бұл бергі жағы. Тағы кафелерді аралай берсең бұдан зорын көресің.»

Асқар – сыра ішуді тастағандардың бірі.

Сөзі: «Бізде кезінде ақиқатты білмеген кезде іштік қой. Бұл кәдімгі ауыру секілді нәрсе. Жолгүреден қиналып, дым таппай тұрсаң да сыраға келгенде ақша қайдан шығатынын әйтеуір табасың ғой. Сол сыраханаға бірдеңе тартып тұратын. Бармай қалсақ аңсайтынбыз. Қызық секілді де. Бірақ, соған тойтарыс берген намаз болды. Ораза ұстап, намазға жығылғалы өзімді содан арашалап қалдым. Немесе оны тастау жәй жүре берсең қиын екен әрине.»

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Сыра сіміруді мәдениет санап жүргендік, мақтанатын жәйт емес. Сондағы отырғандар біріміздің руласымыз, біріміздің қарындасымыз немесе анамыз, енді біріміздің туысымыз. Кім жақынының сыраға бөгіп, қисайып отырғанын қалайды?! Ешкімде қаламайтыны анық. Сондықтан  өзің үшін де, өзгелер үшін де сондай ойда бол замандас!

Фото: http://www.kemerovo.ru/administration/antipivo.html
Автор: Ormanbai Bagban

+4
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии