Жүкті кезде темекі қауіп-қатер өсіреді:
- Баланы өлі туу
- Түсік тастау
- Күні жетпей босану
- Жатырдан қан кету
- Кенеттен нәрестенің қайтыс болу синдромы
- Нәресте салмағының төмен болуы
- Нәрестенің тыныс алу жолдары ауруы
Сіз темекіні тастасаңыз анадан іштегі балаға қанмен баратын никотиннен, токсикалық заттардан, көміртегінен және басқа улы заттардан өз балаңызды қорғайсыз. Темекіні тастаған күннен бастап жақсы жүктілікті және іштегі нәрестенің дұрыс дамуына мүмкіндікті ұлғайтасыз. Жүктіліктің қай уақытында да болса да темекіні тастау кеш болмайды. Баланың дұрыс өсуіне ата-ананың екеуі де ықпал етеді. Кімде кім жүкті әйелмен немесе баланың жанында тұрып, бір бөлмеде темекі тартса, олардың денсаулығына зиян келтіреді. Пассивті темекі тарту тыныс алу инфекциясына, астма болуына, құлақ ауруларына, керең болып қалуына дейін қауіп төндіреді. Отбасы мүшелері мен достарыңыздан баланың жанында тұрып темекі тартпауын сұраңыз.
Б. Хабдрахманов
/психиатр-нарколог/