Жалқаулық – қабілет пе, әлде дерт пе?!

Бүгін біз  адам баласына қажетті, заманауи проблемалардың бірі – жалқаулық туралы, оның соңы неге апарып соғады, және жалқаулықтан құтылудың айла – тәсілдерімен сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмын.

Жалқаулық – ол адам бойындағы жаман сипаттардың бірі. Ешкім жалқау болам деп болмайды. Ол келе – келе  пайда болатын дерт. Мысалға, » Мен бүгінге біраз жұмыстарды бітіруім керек! Мә, түкке үлгермей қалатын сияқтымын. Жарайды, қазір инстаграммга, фейсбукке бір 5 минутқа кіріп шығайын, сосын барлығын бітіремін…..  Ойбу, сағат түнгі 23-30 болыпты ғой. Қой ұйықтайын, ертең ерте тұрып жұмысқа баруым керек. Қазір жатпасам, ертең тұра алмаймын. Ал бүгін бітпей қалған  жұмыстарымды ертен бітіремін, уәде беремін! » —  деп әр күні осылай жалғаса берсе, онда біз жалқаудың нақ өзі болғанымыз. Жалқау адамның сөздері көбіне мынадай болады:

  • Шамам келмейді, әлсізбін, мен істей алмаймын, уақыт жоқ, ешкім үйретпеді, кейін істеймін, біреу істей салар, білімім жетпейді, т. б. осындай сөздер, ойлар адамды құртады, жалқаулыққа апарады.

Негізінде барлық адам баласының қолынан бәрі келеді. Адам істеген нәрсені басқа адамда істей алады. Егер » жоқ » десеңіз, қателесесіз. Шындап келсе, егер басыңызға бір іс түссе, жаныңыз шынымен қиналса, өзіңіз үшін- ақ сол істі істеп, бітіресіз. Тек, мақсатын, ниетін, өзіне не қажет екенін дұрыстап, жүйелеп, жоспарлауы қажет.

Егер  сізге жалқаулық  келіп қойған жағдайда, одан арылу, онымен күресу жолдары сізді мазаласа, Онда сіз өзіңізге мақсат, талап , күндлікті болмаса айына бір жоспар құрып отыру қажет. Жалқаулықтан арылу мен оны жеңудің бірнеше жолдары бар. Біріншіден, жалқаулықпен күресуде, қалай таң аттырамыз содан бастайық?!

  1. Күніне 7 сағаттан кем ұйықтамауға тырысыңыз. Толыққанды ұйқы күн ұзаққа адамға күш береді;
  2. Будильнигіңіз шырылдаған кезде, кейінге қалдырмаңыз. Сол уақытта тұруға дағдыланыңыз.
  3. Ұйқыдан тұрған соң кішігірім жаттығу болса да жасауға тырысыңыз. Өйткені жаттығу сіздің  сергек болуыңызға   септігін тигізеді. Және де  ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, күнде ертеңгісін 10 минутыңызды  жаттығуға арнасаңыз, жұмыс істеуге қиыншылықтар туындамайды, жалқаулық та келмейді екен.
  4. Суға түсіңіз. Сергек жүресіз.

Өстіп, таңыңызды бірінші сергектікпен бастаған дұрыс.

Негізінде,жалқаулықтың зиян жақтары өте көп, сол туралы кішкене айта кетсек. Жалқаулық — көптеген ауруларға дұшар етеді. Мысалға, тек жата берсек, қимылсыз қалған денеге аурулар жиналады екен. Сүйек ауруы,  семіздік, дипрессия, бас ауруы, уайымшылдық, көп ойланып жүрек ауруы, т. с. с. және адам босаңсып қалады. Осы кері әсерлердің туындамауы үшін адам бірінші күнделікті жоспар құруы қажет. Және күніне ерінбей осы әдістерді қолдансаңыз, жалқаулық деген жаман нәрседен айырыласыз.

  • 5 митуттық жұмыс болса да, кейінге қалдырмаңыз. «Ертең » деген сөзді айтпаңыз. Ертеңнің өз жұмыстары бар, кейінге қалдыра берсеңіз, көбейіп, жұмысыңыз ауырлап кетеді. » Жалқаудың ертеңі бітпес » .
  • 1-2 сағаттық әлде одан да ұзақ жұмыстар болса, 1 күннің ішіне бөліп тастаңыз. Арасында бір 5 минут сергіп, демалып алыңыз.( кофе ішіңіз, далаға шығып таза ауа жұтып келіңіз, т. с. с.)
  • Күніне 1,5-2  литр су ішіңіз. 2 сағатта бір 1 стақан су ішуді әдетке айналдырыңыз. Неге? Су — мидің жақсы жұмыс істеуіне және сізге қуат берді.
  • Егер сіздің жұмыстарыңыздың барлығы күшті өтуін қаласаңыз, бәрін уақытпен бөліп қойған абзал;
  • 1 айлық кесте жасаңыз.
  • Күніне өзіңізге бір сағат арнаңыз. Серуендеңіз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кітап оқыңыз, жатып демалып алыңыз, кофе ішіңіз. т. б. өзіңізді жұмыстан бір уақыт сергітіңіз.

Жалқаулық келмей тұрып оның алдын-алу керек. Егер сізде әлсіздік болса, іш  пысса және ұйқыға тартса біліңіз — ол жалқаулық.

  • Жалқаулықты жеңу үшін өзіңізді шабыттандырыңыз, алдағы жетістіктеріңізді ойлаңыз және шабыттандыратын видео көріңіз!
  • Жұмыстан келіп, тамақ ішіп, 15 видео коріп, бірдеңеге магазинге бару, жұлдыздар туралы жаңалықтар оқу, әлеуметтік желілерде отыру — бұның барлығы сізді босаңсытып, уақытыңызды босқа өлтіреді. Сізді басқа жұмыстарыңыздан алаңдатады. Сондықтан мына қағиданы естен шығармаңыз: » Жалқаулық – ақырын келеді, ал кедейлік оның құрбысы, ол жалқаулықты қуып жетіп сізге келсе  екеуі де бірақ келеді » .
  • Алдыңызға мақсат қойып, сол мақсатқа ұмтылыңыз, соны ойлап жүріп істеңіз, шабыттаныңыз, қайтпаңыз, әлсіздік танытпаңыз.
  • Өзіңізге аптасына бір рет демалыс күнін арнаңыз. Жақындарыңызбен тауға шығыңыз, қыдырыңыз, серуендеңіз, ескі суреттерді көріңіз.
  • Өзіңізге аяушылық көрсетпеңіз.
  • Кешкіге қонақ шақырыңыз.
  • Үйіміздің жұмысымен айналысыңыз. Ол ешқашанда бітпейді, сізге жұмыс табылады.
  • Ештеңеге ерінбеңіз, қазір істеңіз, ертеңге қалдырмаңыз. Ертеңнің өз жұмыстары бар.
  • Жұмыстан қашпаңыз.
  • Өзіңізге сыйлық жасаңыз, мақтаңыз.
  • Өмірді сүйіңіз. Сіз өмірді сүйсеңіз өмірде сізді сүйеді.
  • Шүкір етіңіз, жабықпаңыз, мұңаймаңыз! Көңілді жүріңіз. Ол сіздің күні бойы істейтін шаруаларыңызға әсер етеді.

Жалқаулықтан құтылудың осы ең оңай тәсілдерін қолданып,  жігерленсеңіз, есіңізде болсын –сіз бағындыра алмайтын ешқандай белес жоқ. Сізге жалқаулық келмек түгілі, ол туралы ойлайда алмайсыз! Ерінбеңіз, жетістікке жетесіз! ! !

Жалқаулық туралы қызықты факторлар:
1 . Америкалық психиаторлық ассоциация — жалқаулықты ресми түрде жүйке ауруына қосқан.

  1. Ең қызығы жалқаулықты зертеушілер зерттеп, оны « тұқым қуалайтын жалқаулыққа » жатқызыпты. Сондықтан, егер сіз жалқаулансаңыз балаларға да берілетінін ұмытпаңыз.
  2. Жалқаулықтың табиғи ауру екенін 20 жыл бұрын америкалық психолог Милграм Ноа тауыпты.

Сіз өзіңізді жеңуге тырысып, күш салмасаңыз, ешкім сізге көмектесе алмайды. Жоғарыда айтылғандарды орындап, өзіңізге мақсат қойып, бастысы ниеттенсеңіз, сізден жақсы, сізден пысық адам жоқ! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Өзіңізге сеніңіз ! ! !

 

                                                                                                                              Авторы
Ақмолдаева Ғалия

+6
0

Share This Post

guest
1 Комментарий
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Алия
Алия
2 жыл бұрын жазылды

Тамаша