Қатерлі ауру

Қазір аурудың түрі көп. Әсіресе, ем­де­уге дәрігерлердің күші жетпейтін қатерлі дерттердің са­ны ар­тып ба­ра­ды. Ме­ди­ци­на ғылым мен техникаға сүйеніп тән ауру­ла­рын емдейтін түрлі жол іздеп жат­са, қазіргі жас­та­ры­мыз қатерлі ру­ха­ни ауруға шалдығып отыр.Сол қатерлі аурудың бірі – м-агент  ауруы. Қатерлі деуіміздің себебі — бұл ауру­дан емделудің қиындығында және оны ем­де­умен ай­на­лы­са­тын маманның бол­мау­ын­да жа­тыр. Интернеттің пай­да бо­луы — ғылым мен өркениеттің арғы-бергі тарихтағы ірі жетістігі деп бағаласақ, осы­нау ғаламдық желіде сәт сай­ын жаңарып, толығып тұратын ақпараттардың то­лас­сыз легі арқасында дүниенің түпкір-түпкіріндегі маңызды уақиғаларды қалт жібермей қадағалайтын болдық. Уақыт пен кеңістікті игеріп, көзді ашып жұмғанша алыс-жақын шет елдердегі адам­дар­мен бай­ла­ны­са алуға зор мүмкіндік алдық.Әйтсе де, ғаламдық ақпарат әлеміне бет қойған қарапайым халық оның негізгі қызметін ұмытып, уақытын өлтіретін құралға айналдырғандай. Ал біле білсек, адам баласының бұл дүниедегі ең қымбат құндылығы – уақыт. Уақыт – ол өмір. Ен­де­ше, аген­т­пен ауы­ру арқылы адам қаншама білім алуға, ғылым іздеуге, еңбек ету­ге, жақсылық істеуге арналған  «өмірін өлтіріп» алып жа­тыр. Сондықтанда бұл ауру­ды қауіпті де­мес­ке ша­ра жоқ. Дәл қазір жас­тар ара­сын­да «аген­т­пен ауы­ра­тын­дар» са­ны күн са­нап ар­тып келеді. Қай жаққа қарасаң да ұялы те­ле­фо­ны­на шұқшиған біреуді көресің. Ай­тыс­кер ақын за­ман­да­сы­мыз Балғынбек Имашевтың:

Бәріміз де mail.ru-дың жас­та­ры едік,
Бәріміз де Мой мирді ашқан едік.
Он­лайн­дар ой­да, Ото­шел­дер той­да,
От­клю­чен­дер, Не­ви­дим­дер  қайда екен?»,

— де­ген өлең жол­да­ры қазіргі көп жастардың өмір тіршілігін аңғартады. Әрине, кез-кел­ген іс өз шеңберінен шығып кет­кен кез­де адамға зи­я­нын тигізе бас­тай­ды. Ал агентті бай­ла­ныс құралы деп емес, ер­мек ретінде қарайтындар агент­ке бағынышты бо­лып қалғандарын сез­бей де қалады. Агент әлеміне сүңгіп кет­кен адам бос әңгіменің қызығымен уақыт ат­ты құнды дүниесін жоғалтып жатқанын байқамай да қалады.  Сту­ден­т­тер мен оқушылардың сабақ үстіндегі  зейіні ұстаздың бер­ген білімінде емес, м-агенттегі серігінің әңгімесінде  бо­ла­тын жағдайға жеттік. Еліміздің болашағы – жас­тар де­сек, бұл- болашаққа «білімсіздік» де­ген қауіп төніп тұрғанының айғағы.

Қазіргі жастардың арасындағы жеңгетай да осы агент бо­лып тұр. Олардың қай-қайсысының да аген­т­те ғашығы бар. Сыр­лы сезімдерін ха­бар­ла­ма арқылы жол­дап жүрген олар бір-бірінің түрін білмесе де, сы­рын біледі. Амандықтарын агент арқылы біліп, тіпті агенттегі өзге адам­дар­дан бір-бірін қызғанып, қырқысып та ала­ды. Агент-жеңгетай арқылы та­ны­сып жатқандар да, таныстықтары махаббатқа ұласып, та­бы­сып жатқандар да жетерлік қазір. Психологтардың ай­ту­ын­ша олардың жұмыс тәжірбиесінде кездесетін ажырасуға бел буған  отбасылардың көпшілігі — ғаламтормен танысқандар екен. Өйткені, мұндай ма­хаб­бат көп рет­те ба­ян­ды бо­ла бермейді. Адам майл-аген­т­пен тілдескенде шы­найы бол­мы­сын көрсетіп, шы­найы сөйлеспейді. Қиялынан бір об­раз­ды ой­лап ала­ды дағы, сол образға еніп алып, өзгелермен хат жа­зы­са­ды. Ал кез­дес­кен­де аген­т­те жазған небір ке­ре­мет сөздердің сол адамның табиғи бол­мы­сы­нан тумағандығы, жа­сан­ды екендігі байқалып тұрады екен. Тіпті, өзі ту­ра­лы жалған ақпараттар беріп, қыздың сеніміне кіріп алған кейбір алаяқтардың әртүрлі қылмыстық әрекеттерге баратындығы да жиі тіркеліп отыр. М-агенттің құрбандары аңқау қыздар ғана емес, со­ны­мен қатар, қазір жігіттерді сан соқтыратын алаяқ қыздар да пай­да бо­лып­ты. Олар агент арқылы жігітті өзіне ғашық қылып, толық сеніміне кірген соң оған тұрмысқа шығып, қалың мал­ды мо­лы­нан төлетіп ала­ды да, бір-екі ап­та, әрі кет­се бір ай­дан соң  әр нәрсені сыл­тау қылып, тіпті кей­де себепсіз кетіп қалады екен. Осы­лай жасандылық пен алаяқтықты ғана өршітіп қоймай, м-аген­т­пен байланған адамдардың  пси­хо­ло­ги­я­сы­на, денсаулығына да зақым келіп отыр.

Жақында бір та­ны­сым бауырының м-агенттегі ғашығының қайта-қайта жазған ауыр сөздерінен соң өз-өзіне қол салғанын ай­тып жағамызды ұстатты. М-агент бет­пе-бет отырмаған соң адамның ауыр сөздерді еркін ай­ту­ы­на да жол аша­ды екен. Аурудың асқынғаны осы бо­лар. Ен­де­ше, емделетін жол іздейік ағайын.

         Айнұр САР­БА­ЛА

+3
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии