Алдымен мен бір мәселенің басын ашып алайық. Біріншіден, қазіргі кезде мұсылмандар араб тілі деп тәжуидті түсінеді. Ал, негізі ол екеуі екі бөлек сала. Тәжуид Құран оқу ережесі. Бұл ғылым Құранды дұрыс оқуды үйретеді. Грамматиканы, синтаксисті және лексиканы тәжуид қамтымайды.
Екіншіден араб тілінің өзі бірнеге топқа бөлінеді: классикалық араб тілі (фусха), заманауи классикалық араб тілі және диалектілер. Классикалық араб тілі- Құран мен ислами әдебиеттердің тілі. Шейхтардың бәрі өз еңбектерін классикалық араб тілінде жазады, уағыздар да КАТ жүргізіледі. Заманауи классикалық араб тілін оқыған арабтар ауыз екі тілде және жазбаша тілде пайдаланады. Жиырма екі араб еліндегі ресми тіл. Сонымен қатар ЗКАТ радио, теледидар (атақты араб Әл Джазира) және газет-журналдардың тілі. Ал диалек- арабтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігенде пайдаланылатын тіл.
Араб тілін қай жерде немесе кімнен оқу керек
Араб тілін тіл курстарында немесе мұғалімнен жеке сабақ алу арқылы оқыса болады. Қазіргі таңда араб тілін көптеген тіл курстары ұсынады. Солардың ішінде ең танымалы- «Әлем тілдері» курсы. Бұл курстың ерекшелігі- тек шығыс тілдерін ғана үйретеді, ал артықшылығы сабақты қазақ тілді ұстаздар береді. Сонымен қатар, Орталық мешіттің қасында тұрған тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатында араб тілінің курсы бар. Онда Мысырда оқыған қыз сабақ береді, алайда ол сабақты орыс тілінде жүргізеді. Егер сабақ тек араб тілінде болғанын қаласыз, онда Мысыр мәдени орталығына барыңыз. Мұнда ұстаздардың барлығы арабтар. Тілдік курстарда пайдаланылатын тәсілді «топтық сабақтар» немесе «интеграциялық әдіс» деп аталады. Аты айтып тұрғандай мұндай әдіс-тәсіл топтық сабақты тиімді өткізуге бағытталған. Оның незігі идеясы топтағы барлық шәкірттерді саббақа жұмылдыру. Топтық сабақтардың өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылығы жеке оқығаннан гөрі арзанға түседі, топта басқа шәкірттермен сөйлесуге болады, пікір алмастырасыз. Кемшіліктеріне тоқталатын болсақ, біріншіден топта мұғалім әр оқушыға көңіл бөле алмайды, себебі сабақтың уақыты шектеулі. Нәтижесінде кейбір шәкірттер бағдарламадан артта қалып қояды. Екіншіден мұғалім сабақты жоспар бойынша өтеді, одан ауытқи алмайды. Мысалы, ағылшын курстарында бір деңгейді төрт айда бітіреді. Тақырыпты түсіндіңіз бе, жоқ па, ол жағы мұғалімді қызықтырмайды. Әйтеуір бітіру керек болды. Көп жағдайда топты тілді бір деңгейде білетін адамдардан жасақтағанымен, шәкірттердің жеке қабілеті ескерілмейді. Біреу материалды жылдам қағып алса, екінші бір адамға көбірек уақыт қажет. Мұның нәтижесінде сабақ кейде артта қалған бір шәкірт үшін «тоқтап қалуы» мүмкін. Бұл да топтық сабақтардың кем тұсы. Айта кететін жайт, топ құрған кезде курстар жас ерекшелігіні назар аудармайды. Кейде бір топқа оқушы және студенттермен қатар жасы қырықтан асқан адамдарды да жинайды.
Жеке өткізілетін сабақтарға келетін болсақ, мұнда ен маңыздысы- жақсы мұғалім табу. Жалпы жеке сабақтарды беретін мұғалімдерді біздің қоғамда репетиторлар деп атайды. Өз тәжірибемнен байқағаным, КазГУдың ұстаздары көбіне грамматикаға көңіл бөлсе, КазГУМОиМЯның ұстаздары тілді практикалық тұрғыдан үйретуге ден береді. Өзіңзге репетитор таңдаған кезде мына критерилерді ұстаныңыз: жақсы мұғалім бағдарламаны сіздің мақсатыңыз бен қабілетіңізді ескере отырып құрастырады, материалды сіздің психологиялық портетіңізге қарап өткізеді, негізгі оқулықпен қатар басқа да материалдарды пайдаланады. Сонымен қатар, репетитор оқушымен бірінші күннен бастап жақсы қарым-қатынас орната білуі тиіс, себебі шәкірт өзін сабақта өзін еркін сезінуі керек.
Жеке сабақтардың кемшіліктерінен гөрі оның артықшылықтары басым. Біріншіден мұғалім тек қана бір оқушыға көңіл бөледі, әр тақырыпты бүге-шүгесіне дейін түсіндіреді (оқушы бір тақырыпты толығымен түсінбегенше, жаңа сабақты бастамайды) және де уақыт шектеулі емес- қажет болған жағдай бір деңгейді бес-алты ай бойы оқытуға болады.
Екіншіден, бағдарламаны шәкірттің мақсаты мен қалауы бойынша өзгертуге болады. Мысалы, шәкірт сөйлеуді үйренгісі келсе немесе сөйлеп үйрену оған қиын болса сабақтың жетпіс сексен пайзын сөйлеумен өткізсе болады. Көріп тұрғаныңыздай, жеке сабақтар оқушының әлсіз тұстарын жоюға жақсы көмектеседі.
Үшіншіден, жеке сабақтардың бағдарламасымен қатар олардың кестесін те өзгертіп тұруға болады. Оқушы сабақ кестесін көбіне өзі таңдайды.
Алайда, жеке сабақтардың тиімділігі мұғалімге байланысты. Мұғалімдер көп болғанымен олардың арасында сапалы білім беретін педагог өте аз.
Қазақ тілді мұғалімді таңдаған дұрыс па, әлде міндетті түрде араб мұғалімді таңдау керек пе?
Бастапқы деңгейде міндетті түрде қазақ тілді ұстазбен оқу керек. Қазақ тілді ұстаз:
– грамматиканы тиімді және оңай түрде түсіндіре алады;
– сөйлемдерді құрастыруға көмектеседі;
– өздері де кезінде араб тілін оқығандықтан оқушыда туындайтын қиындықтарды шешу жолдарын біледі;
– кейде квалификация жағынан тіл иелерінен кем түспейді
және араб тілі грамматикасының ерекшелігін түсіндіре біледі. Соңғысы оның артықшылығы.
Егер сіз араб тілін жоғары деңгейді білсеңіз, онда «тіл иесін» таңдаған дұрыс, себебі сіз тілді қолданғыңыз келеді, ал шет елдікпен сөйлескен қызық. Оның үстіне тіл иелері, яғни арабтар өзінің елі, халқы, мәдениеті, салт-дәстүрлері және басқа да қызықты дүние туралы айтып бере алады. Мұнда «арабатардың бәрінен сабақ алуға болады» деген ойдан ада болу керек, себебі тіл білу бір, ал оны үйрету- екінші мәселе. Сабақты тек мұғалімдікке оқыған арабтардан алу қажет.
Тіл иелерінен «нөлден» оқу орынсыз. Тіл иелері араб тілінің грамматикасын сізге дұрыс түсіндірмейді, ал оның ерекшелігіне мүлдем назар аудармайды.
Оқулықтар
Араб тілінің оқулықтарын шартты түрлде екіге категорияға бөлінеді. Біріншісі- аутентикалық, яғни араб елдерінде шығарылған оқулық. Мұндай оқулықтардың артықшылығы — практикалық тілге көп көңіл бөледі және көбіне арабтардың күнделікті тұрмыста пайдаланатын лекискасын қамтиды.Аутентикалық оқулықтардың ішінде ең көп падаланатыны: «Араб бәйнә йәдәйк» (араб тілі сенің алдында). Бұл кітапты мына жерден жүктеп ала аласыз:
Араб тілінің грамматика оқулықтары:
Қазақ тілінде жазылған оқулық- Тасымовтың «Араб тілі» оқулығы. Өкінішке орай ана тілімізде араб тілі оқулықтары жоқтың қасы. Өткен сенбіде оқулық сатып алу үшін кітап дүкенге бардым, кітап сөрелерінде кілең ресей авторларының еңбектері. Ең өкініштісі «кәпірлер» араб тілін үйретуден де бізден озып кетіпті.
Орыс тілінде шығарылған оқулықтардың ерекшелігі олар «академиялық тілде» жазылған. МГИМОның (Ресейдің болашақ дипломаттарын дайындайтын оқу орны) ұстаздарының көп жылдар бойы жинаған тәжірибесіне сүйене отырып шығарылған бұл оқулықтар қарапайым оқушыға қиын болады. Егер де қазақ тілін жақсы білсеңіз немесе бұрын бір шет тілін оқыған болсаңыз, онда ресей авторларының еңбектері сіз үшін.
Төмендегі сайттардан орыс тілінде шығарылған араб тілі оқулықтарын жүктей аласыз:
http://www.ar-ru.ru/kutub
www.twirpx.com
www.rutrack.org
Айтпақшы тіл оқимын деген жандарға ескерте кетейін: егер сіз зат есімді есімдіктен, сын есімді үстеуден ажырата алмасаңыз, онда бірінші кезекте қазақ тілінің грамматикасын қайталап шығыңыз. Араб тілінің грамматикасы өте күрделі, ана тілінізді дұрыстап меңгермесеңіз қиналасыз. «Өзге тілдін бәрін, өз тілінді құрметте» деген мақал бекерден айтылмағанын
Инетрнет кеңістігінде араб тілін қай жерде оқуға болады?
Қазірге кезде араб тілін Интернетте де оқыса болады.
Төменде көрсетілген сайттар араб тілі сабақтарын ұсынады:
ағылшын тілінде:
www.livemocha.com
http://www.arabic-studio.com/online_arabic.html
орыс тілінде:
www.alfarabinur.kz
http://www.internetpolyglot.com/russian/lessons-ar-ru
Араб тілін оқитындарға арналған форум
http://www.arabic.ru/info/index.php
Араб тілін оқыған кезде ең бастысы не қажет?
Жәңе соңында кішкентай, бірақ басқаларға қарағанда маңыздырақ, кеңес бергім келеді. Білім алғанда табыстың 80% сізге байланысты, қалған 20% ғана мұғалімге тәуелді. Кейде оқушылар «жақсы ұстаз» болса болды, іс бітті деп ойлайды. Бұл қате пікір. Мұғалімнің функциясы- cізге дұрыс бағыт беру. Дана халқымыз «білім алу — инемен құдық қазғандай» деп бекер айтпаған болса керек.
Автор: Магрипа Огланова
Фото: http://islamdag.ru http://alfarabinur.kz
сәлем, мақалаңыз жақсы екен… егер сайтымзға және жеке блогыма көшірсем рұқсатпа? егер рұқсат болса Е-поштама жауап жаза аласыздарма?
Болады, сілтемесін қосыңыз…
араб тілін үйрететін қазақша сайттар жокпа екен грамматикасымен арабшадан қазақшаға аударатын сөздіктер де болса жақсы болар еді. почтама жауабын жаза аласыздарма егер сілтемелер болса жіберіңіздерші. сіздерге Аллах разы болсын!
сөздік маган да керек еды
Мүмкіндік пен уақыты бар бауырлар мен қарындастарымыз болса Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 9 медресесінде оқыса ғажап болар еді. Ал қыздар үшін Шымкентте және Қарғалы (Фабричный) ауылында қыздар медресесі бар
Сәлеметсіз бе? Құрметті Мағрипа xаным сізге өтініш осы оқулықтар болса Basic arabic grammar @mail ма жіберіп берінішші раxмееет
Жақсы. Бірақ қате өте көп.
Мақалаларды шығарарда 1-2 мәрте қайталап шыққаныңыз абзал болады. Іске сәт!
Сонда қалай ?
Мен Араб тілін,жазуын үйренгім келеді.
Мақалаңызда орыстарды «кәпірлер» деп қалыпсыз. Орыстардың негізгі діні Христиан дінінің ішіндегі Православиелік бағытында. Жалпы ғылымда иудейлер мен христиандарды «кәпір» деп атамайды. Әрине орыстардың барлығы дініне берік деп айта алмаспыз. Бірақ анығына жетпей «кәпір» деп атағанымыз дұрыс емес
Яһудилер мен Христиандар кəпірге жатады.Олардың кəпірлігіне күмəнданбау керек.