«Мафия» ойыны қоғамға теріс әсер тигізуде

Ел ішінде бүгінгі күні кеңінен та­рап, әсіресе жас­тар ара­сын­да, қоғамдық ұйымдар қызметкерлері ара­сын­да ой­на­лып жатқан «МА­ФИЯ» ой­ы­ны өзіндік орынға ие бо­лып қалды. Қазіргі таңда бұл ой­ын «7» телеарнадағы та­ны­мал бағдарламаларының біріне  ай­на­лып үлгерді. Бұл ойынның ой­ын­шы­ла­ры бо­лып  еліміздің билік ба­сын­да жүрген аза­мат­та­ры, са­я­си тұлғалары мен дүйім жұртты өз ауыз­да­ры­на қаратқан өнердегі жұлдыздарымыз та­бы­ла­ды.

Қазақ елінің та­ри­хын­да, нақты айтсақ КС­РО-ның сөздігіне ХХ ғасырдың екінші жар­ты­сын­да ен­ген бұл «ма­фия» термині сол кез­де өмір сүрген адам­дар үшін қорқынышты, жиеркінішті, бар­ша жамандықтың өзегі, ұйымдасқан топтардың қоғамға кері әсерін тигізетінмағынада бол­са. Көп ұзамай арағы отыз-қырық жыл са­лып, бұл сөз қоғам  ара­сын­да ой­ын ретінде,телеарналардың бағдарламасы ретінде, одан әрі мек­теп бағдарламасында «Өзін-өзі та­ну» пәнінде де оқушылардың та­ны­мын да­мы­ту үшін пай­да­ла­ны­ла­ды.

Мен өз ба­сым бұл ой­ын­мен жетінші сы­нып оқып жүргенімде та­ны­с­тым. Оның қызығы оншалықты болғаны біз сабақ үстінде мұғалімнен «Ма­фия ойнайықшы» деп өтінетінбіз. Үш, төрт сабақ ба­ры­сын­да ойынның ережесін толық меңгердік. Ал екінші рет бұл ой­ын­мен 2010 жы­лы қызметтестермен ойнағанда кездестім. Бұл жо­лы мен ой­ын­ды түсінбейтін адам ретінде ережені сұрай бердім. Себебі, бұл ойынның шар­ты со­лай, өз келбетіңмен, сөзіңмен басқа адамдардың ой­ын өзгерту және сендіру. Осы қылығыммен басқа ой­ын­шы­лар­ды сендіріп, ұзақ ой­ын ойнауға жос­пар құрдым. Бір, екі ой­ын қызық та тар­ты­с­ты өтті. Бірақ, менің бұл ой­ын­ды жетік білетінімді сез­ген басқа ой­ын­шы­лар енді күдікпен қарай бас­та­ды. Келесі ойн ба­ры­сын­да ой­ын­нан алғашқы бо­лып шығып қалдым. Енді ой­ын­шы емес, көрермен ретінде тыңдап отыр­мын. Мен сияқты, өзіммен бірге істейтін жігіт бар еді. Өзі өте са­у­ат­ты, бы­лай айтқанда иман­ды жігіт бо­ла­тын. Көрермен ретінде қарап оты­рып, әлгі ба­у­ы­ры­ма жақтасқым келді. Кез әлгі жігітке де келді. Одан сұрастырып жатқанда, ой­ын­да қалу үшін қолданған тәсілі менің тәсіліме ұқсап кетті, қызықтың көкесі енді бас­тал­ды. Оның қолданған сөздері, жалған ай­туы, сол айтқанына сәйкес бет әлпетінің өзгеруі, өтірікті шындықтай қолданғаны менің ойымдағы әлгі иман­ды жігіт бір теріс мінезді тұлғаға ай­на­ла бас­та­ды. Әр айтылған сөздерінен кейінгі күлкісі, қобалжуы бей­не бір су­айт адамның келбеті іспетті.

Осы­дан оты­рып өзімнің бейнемді ес­ке түсіре бас­та­дым да өз қылықтарыма іштей жиіркенішпен қарадым. Енді ой­ым­ды жи­нап бұл ойынның (ма­фия) адам­дар­ды қалай өтірік айтуға үйрету, шындықты жалғанға шығарып, жалғанды шындыққа ұластырып, өз пай­да­мыз бен ой­ын­да қалу мақсатында ақиқатты өтірікке шығарып, бет әлпетімізді құбылтып бей­не бір өтірікшіге ай­на­лып ба­ра жатқанымызды түсындым. Адамзатқа туа біткен жақсы қасиеттерден айрылудың бір ны­ша­ны, білінбес бо­лып көрінгенмен өте қасіретті фак­тор екеніне көзім әбден жетті.

Ал енді анығында бұл қоғам ара­сын­да кеңінен та­рап ке­ле жатқан бұл ойынның қоғамға қандай әсерін тигізеді. Мек­теп қабырғасындағы оқушыларымыз, кол­ледж бен ли­цей оқушылары, ЖОО студенттері, қоғамдық ұйымдар, ары барғанда билік ба­сын­да жүрген аза­мат­та­ры­мыз, халық қалаулылары мен өнер жұлдыздарының «Ма­фия» ой­ы­нын ой­нап, оған бей жай қарауы ке­ле­шек­те Қазақстанның — «Ма­фи­ястан» бол­мау­ы­на кім кепіл.

Автор: Қоныспаев Жан­дос
[email protected]

+9
0

Share This Post

guest
2 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Жанд
Жанд
5 жыл бұрын жазылды

Асслаумағалейкум! мақала жіберсем деп едім… Қайда жіберсем болады.

Әкімшілік
5 жыл бұрын жазылды
Ответить на  Жанд

Ва алайкум ассалам. Осында https://makala.kz/makala_kosu/