Аллаға сенген құстай ұшады…

Қыран қанатына сеніп биікке самғайды, адам ба­ла­сы да ша­ма-шарқынша өмірдің биік белестеріне же­ту­ге ты­ры­са­ды. Әркімнің сенетін нәрсесі әртүрлі. Әйтсе де тулаған теңіздің ор­та­сын­да жа­па­дан жалғыз қалған сәтте кез-кел­ген адамның жал­ба­ры­нар күші – біреу ғана. Әрине, ол – Жа­ра­ту­шы Иесі.  Адам баласының тәкаппар кеудесі ақиқатты қанша итер­се де, тұңғиыққа тірелген сәтте өз дәрмесіздігін мой­ын­дай­ды.Жоғарыдан басқаратын Ұлы күштің бар екенін сезіп, алақандарын жай­ып жәрдем сұрайды. Өзін әлемнің раб­бы­сы­мын деп жариялаған Фирғауынның өзі Алланың құдіретімен теңізге батырылғанда: «Мұсаның Раб­бы­сы­на жал­ба­ры­на­мын»,- деп өз әлсіздігін мойындаған еді.

Дұға — діннің негізі, құлшылықтың өзегі әрі ру­хы мен қайнар бұлағы. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын) бір хадисінде:«Кімде-кімге дұғаның есігі ашы­лар бол­са, оған мейірім есіктері ашыл­ды де­ген сөз. Алланың ең жақсы көретін нәрсесі –  Өзінен кешірім тілеу. Дұға бар­ша бәлеге тосқауыл. Сондықтан,  дұғаға бет бұрыңдар» (Тир­ми­зи), — дегені дұғаның маңызы мен мәнін аңғартқандай. Тағы бір хадисінде Ал­ла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын): «Дұға — құлшылықтың дәл өзі», — де­ген­нен кейін: «Раббыларың: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Ра­сын­да, Маған құлшылық ету­ден  паңсынғандар, олар қор бо­лып, тозаққа кіреді» («Ғафыр» сүресі, 60-аят) де­ген аят­ты оқыған.

Адам баласыесігін қағып, қайыр сұрап кел­ген адамға ал­ды­мен бірнеше ретжомарттық та­ны­туы мүмкін, бірақ  қайта-қайта сұрап ма­за­сын ал­са, пенделік шы­да­мы тау­сы­лып, ақыр соңында: «Бұл адам не­ге сұрай береді» деуі мүмкін. Ал Аса Жо­март Ұлы Раб­бы­мыз алақан жай­ып дұға сұраған пендесін жақсы көретіні жөнінде Қасиетті кітабында бы­лай дейді:«Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.) оларға: «Егер құлшылықтарың, дұғаларың, жалбарынуларың бол­ма­са, Раб­бым сендерді не үшін бағаласын, — деп айт!» («Фурқан» сүресі, 77-аят). Бұл жөнінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын): «Алланың жа­нын­да дұғадан асқан құнды нәрсе жоқ» (Тир­ми­зи) дейді.Осы­ны терең түсінген халқымыз да «Аллаға сен­ген құстай ұшады, Адамға сен­ген мұрттай ұшады» деп кемеңгер ой түйген.

Бұл өмір – сынақ алаңы. Қайғысы мен қуанышы, қиындығы мен жеңілдігі қатар жүреді. Сол өмір алаңында адам­ды ада­с­тыр­май Раб­бы­сы­на жеткізетін има­ны бол­са, қиындыққа мой­ыт­пай, қайғыға қамықтырмайтын сенімді серігі – са­быр. Ал осылардың барлығына же­ту­де кедергілерді бұзып өтетін ең үлкен қару – дұға. Бұған Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі бол­сын) мы­на сөздері дәлел бо­ла­ды:«Сен­дер­ге дұшпаннан  қорғайтын әрі ризықты мо­лай­та­тын бір нәрсені ай­тай­ын ба? Күндіз-түні Аллаһқа дұға етіңдер. Өйткені, дұға — мүміннің қаруы» (Хай­са­ми).

Ерліктері аңызға айналған Ұлы Отан соғысының ба­ты­ры Талғат Би­гель­ди­нов ата­мыз ерліктері ту­ра­лы әңгімелеген сұхбатында дұғаның құдіретін бы­лай­ша ба­ян­дай­ды: «Менің апамның үлкен әпкесі 101 жыл жа­са­ды. Ортаңғы әпкесі 98-ге келіп қайтыс бол­ды. Өз ше­шем, апам 93-ке келіп дүние сал­ды. 101-ге кел­ген апамның әпкесі мені жақсы көретін еді. Осы кісі маған «ей, ба­лам, мен саған бір дұға үйретіп берейін. Күн күркіреп, найзағай ойнағанда осы дұғаны оқып жіберсең, саған жа­сын тимейді. Ту­ра­лап кел­се де, сені ай­на­лып өтеді» деді. Жүзге кел­ген адам сол дұғаны маған жат­тат­ты. Бірінші рет са­мо­лет­ке оты­рар ал­дын­да, осы дұға ой­ы­ма сарт ете қалды. «Оһ! Маған жа­сын ойнағанда осы дұғаны оқы деп еді ғой! От пен оқ та бір жа­сын емес пе!» деп өзімше ой­ла­дым да, апам жаттатқан дұғаны оқыдым.  «Ләәхаулауәләәқууатаилләбилләәһилъалийлъазиим. Машааалллаһукәәнауәмәәләмяша’ ләмукян. Әл-имәәнуиқрарун бил-лисааниуәтасдииқун бил қалби, бимәәжәә-а биһи мин ъиндилләәһи.

Му­хам­ма­дун расулуллаһ саллаллааһ уәлайһи уәсаллам. (Қазақшамағынасы: Нағызкүш-қуатұлы да үстем Ал­ла­да. Ал­ла тағала қалаған нәрсесі бо­ла­ды, ал қалмағаны бол­май­ды. Иман – ол Алланың құзырынан Мұхаммедке (с.а.с) кел­ген дінді тілмен ай­ту әрі жүрекпе нрас­тау) деп, ұшаққа отыр­дым.» Иә, Барлық Құдіреттің Иесі Ал­ла Тағалаға мақтау-мадақтар бол­сын.
Қазақ батырының үш жүзден аса шайқасқа қатысып, ерлік көрсетуі, қанды қырғыннан аман қалуы – Раб­бы­сы­на шы­найы жалбарынған дұғасының арқасы де­сек қателеспеспіз. Да­на халқымыздың «Аллаға сен­ген құстай ұшады, Адамға сен­ген мұрттай ұшады» де­генн ақыл сөзінің терең мәнісін осы оқиғадан анық аңғарғадай бол­дым.

Әрбір адам дәрменсіздікке тап болғанда Ұлы Құдіретті іздейді, әрбір адам қиналған сәтте жал­ба­ры­нар күшке мұқтаж бо­ла­ды, әрбір адам алақанын жай­ып шын ықыласымен сұраса, кез-кел­ген тілегінің қабыл бо­ла­ты­нын жүрегімен сезеді. Тек ру­хын тәкаппарлы қдерті мең де­ген жанғана оны сезетұра мойындағысы келмейді. Ал­ла Тағала Өзінің Құдіретін сезетін жүрек, нығметтеріне шүкірлік ететін тіл, шы­найы ықыласпен құлшылық ететін иман берсін деп тілейік.

   Айнұр САР­БА­ЛА

+8
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии