Адам бойындағы қасиеттер бір-бірімен өте тығыз байланысты болғандықтан біз орлардың көбісін ажырата алмай жатамыз не болмаса оның шығу жолын ескермейміз. Осындай туа біткен қасиеттердің бір – қорқыныш сезімі. Бірақ осы нәзік сезім ұлғайса өзінің көлеңкесін көрсете бастайды. Сондықтан, өтірікті айту – қорқыныштан шығады, ал өтіріктен мойындамаушылық, мойындамаушылық тәкәппарлықтың және адам бойындағы екіжүзділіктің есігін ашады. Ендеше осының емдеу жолын қарастырайық.
Біріншіден ең алдымен ата-ана шыншыл болу керек. Өзі өтірік сөздерді қолданатын не өміріндегі барлық сәттерде өтірікке негіздеген адамдардың балаларын шындыққа тәрбиелеуі өте қиын.
Мысалы: Үйге бір адам іздеп келгенде не телефон шалып сұрағанда, өзі сол жерде бола тұрып өзінің жоқтығын айтқызатын адамдарды да көп кездестіреміз. Осы жағдай қалыпты болып үлгерген де отбасылар жоқ емес. Бұл аса мән беріле бермейтін сипат. Ендеше осындай жағдайды көріп өскен балаға «шаншыл бол, әр қашанда шындықты айт» деп үйрететін ата-ананың сөзі бос қалады. Себебі, оның бойына қалыптасқан практикалық сабақ теориялық сабақтан артық әсер етері анық.
Бала болғаннан соң оның бойында кемшіліктер не қателіктер болуы – заңдылық. Балаға тән кейіппен бір затты сындырып қойса, төгіп алса не басқа да кері әсерлі факторлар орын алған жағдайда ең алдымен балаға мойындауды үйреткен дұрыс. Ол үшін әке не ана баламен дұрыс сөйлесіп, уақыт бөліп кінәлі істің мән-жайын сұрастырып, оның алдын алу жолын үйрету керек, сонымен қатар түсіндіру барысында жанашырлық байқалып тұруы шарт. Осы жанашырлық оны жеку, еңсесін төмен түсіру, жігерін жаншу үшін емес, қайта ескерту айтушының оған жанашырлықпен қарайтындығын сездіреді.
Бала өзінің істеген теріс қылығы үшін ата-анасынан жазалау не басқа да оның жеке басына келетін зиянды нәрсені байқаса, онда ол жасалған істі жасыру яки болмаса өтірік айту арқылы мойындамауы мүмкін. Осы жағдайға жеткізбеу үшін мынадай түсінікті қалыптастыру қажет. Бала өзінің істеген кемшілігін мойындаса оған жазалау болмайтындығын оның орнына марапат болатынын білдіру керек. Сонымен қатар, олай жасауға болмайтынын ескерту шарт. Марапаттың түрі оны құшақтау, бетінен сүю, басынан сипау, арқасынан қағу сияқты амалдармен жасалу керек. Бұл оның бойындағы шыншындықты тәрбиелеуге, өмірде кездесетін түрлі сынақтарға төтеп беру қабілеттерін дамытады.
Болашақта осы мән беріле бермейтін шыншылдық сынды қасиеттердің адам бойынан табылмағандықтан өмірде орны толмас қателіктерге бой алдырып, жеке пікірін білдірудегі жасқаншақтығы, тұшымды шешім қабылдаудағы әлсіздігі артады. Өз ұрпағының келешекте елеулі азамат болып өсуін, беделді де мінезі тұрақты, өмірдің түрлі сынақтарына жасымай төтеп беретін адам болып қалыптасуын қалайтын ата-аналар шыншыл ұрпақты тәрбиелеуде баса назар аударуы шарт.
Қоныспаев Жандос Абумуталифұлы
[email protected]
87072255121 whats app