АЙНҰР САРБАЛА
(Монолог)

Ардақты Пайғамбарым(с.ғ.с.)! Өміріңізбен терең танысып, ғибратты ғұмырыңызды оқыған сайын өзіңізге деген сүйіспеншілігім, сағынышым күннен-күнге арта түсті. Тағдырдың түрлі сынағы келіп, қиындықтарға тап болған әрбір сәттерде өзіңіз қалдырған көркем өнегені есіме аламын. Халыққа дін әлі тарай қоймаған, ең алғаш иман келтірген жылдары, әртүрлі сөздермен балағаттап, орамалымызға тиісетін жандар кездесетін еді. Сол кезде қарапайым сөздердің өзі жүйкемізге тиіп, қиналатынбыз. Әйтсе де, Алланың аманатын адамзатқа жеткізу жолында талай соққыны көріп, төбеңізге түйенің ішек-қарнын ақтарған кездерді де басыңыздан кешірген сіздің қиындыққа толы ғұмырыңызды есіме аламын. Тіпті, бет-аузыңыз қанға боялып, Таиф қаласынан шыққан сәтіңізде де қауымыңызды жамандыққа қимай, алақаныңызды жайып жақсылық тіледіңіз. Бұл сіздің жер бетіне мейірім етіп жіберілгеніңіздің дәлеліндей еді.
Сүйікті Пайғамбарым (с.ғ.с.)! Күнделікті тіршілікте әртүрлі адамдармен кездесіп жатамыз. Бірде қарама-қарсы тұратын көршіміз қоқысын біздің есік алдына тастап жүретінін байқадым. Бұл оқиға бірнеше рет қайталанды. Бір күні үйіме келе жатып, сол көршінің есік алдындағы
қарларын күреп, біздің есік алына үйіп жатқанын көрдім. Шыдай алмай: «Аға, бұныңыз не?» деп қалдым. Ол өзінің уәждерін айтып жатты. Ал сол сәтте менің есіме Өзіңіз түстіңіз, иа, Алланың елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)! Көршіңіздің күніне есік алдына тастаған қоқысын қолыңызбен жинап, ал ол тастамаған күні ауырып қалғанын біліп, хал-жағдайын сұрап барған едіңіз. Дәл осы мінезіңіз оның дінді қабылдауына себеп болып еді. Бойыңыздан шыққан осыншама жақсылық, жан дүниеңіздің шынайы көрінісі екені даусыз.
Ардақты Елші (с.ғ.с.)! Адамдармен қарым-қатынас жасай жүріп, біреудің қатты сөзін көтере алмай қалатын кездеріміз болады. Осындай сәттерде, иа, Ардақты Елші (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жағаңызды келіп жұлқылаған бәдәуи есіме түседі. «Әй, Мұхаммед, қасыңдағы Алланың малынан бер!», — деп қатты жұлқығаны соншалық, шапаныңыздың жағасы мойныңызды қиып кетіп еді. Дәл сол сәтте оған күлімсірей қарап: «Сұрағанын беріңдер», — деп едіңіз. Бұл – кез-келген жанның қолы жете бермейтін – ұлы мінездің айғағы болса керек.
Ардақты Пайғамбарым(с.ғ.с.)! Бірде сіз менің түсіме кірдіңіз. Өзіңізбен бірге қажылыққа сапар шегіп бара жатыр екенмін. Дәл жаныңызда отырдым, таң намазын оқуға сахабаларыңызбен бірге дайындалып жатқанда оянып кеттім. Көз жасымды тыя алмай, Аллаға сансыз шүкірлер айттым. Бұл менің жер басып жүрген күндерімнің ең бақыттысы десем қателеспеспін. Себебі, шайтан сіздің бейнеңізге ене алмайды.
Сүйікті Пайғамбарым (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)! Сахабаларыңызды мазалаған уайым мені де мазалайды. Ол — жәннатта сіз ең биігінде болып мен соған жете алмай қаламын ба деген қорқыныш… Әйтсе де, Алла Тағаланың Ұлы аятындағы «Ал және кім Аллаға, Пайғамбарға бойұсынса, міне, солар Алла Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады». (Ниса, 69- аят) – деген сөздерінен үміт етемін.
Алла Тағала Өзінің Ұлы дидарымен қауышуымызды және Сүйікті елшісімен (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Фердаус жәннатында бірге болуымызды нәсіп еткей!
Алла істеріңізге береке берсін!


Бәрекелді! Жаратушы Иеміз қаламыңыздың ұшын мұқалтпай ұшқыр еткей! Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Адам сүйгенімен бірге» — деген
MashaAlla!!!
Allah Ar bir isinizge sauaptan jazsyn! Rahymyna bolesin!
Paigambarymyzda degen sezimimdi arta tusti. Koruge kushtarmyn. ALLA barshamyzga Uly tulgamen korshi boluymyzdy nasip etsin!
Жаксы жазылган екен, Пайгамбарымыз га канша макала жазылса да артык болмас деп ойлаймын. Тагы макала коссаныз дар деген умиттемин.Аллах билимдеринизди арттырсын.
Тілегіңіз қабыл болсын. Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Мен Пайғамбарлар тарихын оқи бастадым. Бүгінгі күнге дейін «124 000» я «224 000» пайғамбар адамзатқа жіберілген екен.