Сәждеге бару – ең үлкен бақыт,
Көп адам оны сезбей жүр,
Байлығын жұмсап, бар малын сатып,
Бақытты қайдан іздеп жүр?Бақыттың дәмін сездірді Алла,
Сәждеге басым тигенде,
Жер жоқ қой маған, әлемде мына,
Жайнамаздағы сол жерден.Жанымды Раббым сәждеде алсаң,
Арманы жоқ қой құлыңның,
Көзімнің жасы көл болып ақса,
Тазарғаны ғой жанымның.Раббымнан қорқып, түндерде жалғыз,
Сәждеде болсын маңдайым,
Жайнамазымды көз жаспен жуғыз –
Сәждеде атсын таңдарым.Жәннатқа кіріп, нұр болып жүзім,
Дидарыңды көру арманым,
Сәжденің тәтті ләззатын сезіп,
Өмірден өтсін құлдарыңМаңдайым тиген,
Ең ұлы мекен,
Раббыма мені
Жап-жақын еткен -Сәжденің ұлы нығметі,,Иманның кемел,
Ләззатын сезген,
Жанымды жаспен
Тазартып өткен — Сәжденің ұлы нығметі,,
Сәжденің ұлы нығметі,,
Сәжденің ұлы нығметі…
+7
0