Алыстан әкесінің қарасы көрінгенде жүрегі жиірек соғып, «әкем арақ ішіп алды ма екен?» деген қорқыныш тұла бойын билеп алған кіп-кішкентай қыздың жүрегіне үңілетін болсақ: « «Арақ» деген жауызды кім жаратты екен? Мас кезінде әкем дүниедегі ең жек көретін адамыма айналады. Сонша ұратындай анамның не кінәсі бар? Біздерге де өштесіп алады. Әкелері арақ ішпейтін балалар қандай …