Көгілдір күмбезді көк аспан әлемінде жаңа ай туып жер бетіне шуағын шаша бастады. Бұл айдың тууын мүміндер аңсап, асыға күтуде еді. Дәл осы ай туғанда он төрт ғасыр бұрын Алла Елшісі адамдарды былайша сүйіншілеген: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көлеңкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол …
Tags: Ораза
Ораза рухани кемелдену мектебі
Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды.
Бәлкім сақсынарсыңдар. (Бақара сүресі 183 аят)
Аллаһ тағала аяттағы айтылған оразаны біздерге Рамазан айында ұстауды парыз етті. Осы аятта айтылған «..бәлкім сақсынарсыңдар..» немесе жалпақ сөзбен айтқанда «бәлкім тақуалыққа жетерсіңдер» сөздері біздерге Рамазан айында ораза ұстаудың мақсатын түсіндіріп тұр. Біздер қазақ тілінде «тақуалық» сөзін тікелей аудармасыз айтып үйреніп қалғанбыз …
Рамазан айы – Алла Тағаланың Ұлы сыйы
Сауаптың сарқылмайтын бұлағы, рухани кемелдену айы Рамазанға жеткізген Алла Тағалаға сансыз мақтау-мадақтар болсын. Адам баласына хақ жолды көрсетіп, иман нұрына бөлеген Алла Тағала шайтандар кісенделіп, тозақтың есіктері жабылатын, жәннаттың есіктері айқара ашылатын берекелі айды құлдарына тарту етті. Өзге айлардан ардақты етіп, ішіне Ұлы нығмет Қадір түнін жасырған Рамазан айының мәртебесі туралы Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі …
Рамазан және әйел
«Әй, мүміндер! Сендерге тақуалыққа жетуде бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара 183)
Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы, айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де қадірлісі Рамазан айы да мұсылмандарға зор қуаныш сыйлап жетіп қалды. Бұл ай – он бір ай бойы кір шалып, тот басуға аз қалған рух пен жүректің қайта тазарып кемелденуі үшін …