Бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын араб ру басыларының бірінің қызына құда түсіп, сөз байласады. Туған ұясынан ұзатылғалы отырған қызын қасына оңаша алып, анасы мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер ата-ананың байлығы себепті тұрмысқа шығуға мұқтаждық болмаса, сенің де туған ұяңды тастамауыңа болар еді. Өмір біз ойлағандай емес. Біз еркектер үшін жаралғанбыз, ал еркектер біз үшін жаралған.» …