Қабірден хат

Жарнама

2012-12-12_110657Қайғыдан қамкөңіл болған ана жа­сы жи­ыр­ма бес­ке жет­кен­де қыршынынан қиылған қызын ой­лап дөңбекшіп жа­та ал­ма­ды. Ба­у­ыр еті баласының көз жұмғанына ап­та­дан ас­са да, әлі де көне алар емес. Қызының жарқын күлкісі, жадыраған жүзі көз ал­ды­на елес­теп, енді көрмейтініне се­не ал­май­ды, сенгісі келмейді… Жы­лай-жы­лай көз жа­сы да таусылғандай. Ой тұңғиығына ба­тып жа­тып, бір ме­зет­те көзі ілінді. Құлағына қызының талықсып жет­кен да­у­ы­сы естілді…

«Ана­шым, сіздің мені жоқтап жы­лап жатқаныңызды көріп, жа­ным қатты қиналды. Ана­шым, сіз есінізден та­нып, әкемнің жүрегі ауы­рып, ба­у­ыр­ла­рым  жы­лап жатқанда менің жа­ны­ма түрі тым суық, қап қара түтіккен өте қорқынышты бей­не келді де жа­ным­ды өзегімді жұлым-жұлым етер­дей су­ы­ра бас­та­ды. Осын­дай қорқынышты көріністен үрейленген менің жа­ным де­нем­нен шығуға қарсылық көрсетіп, денемнің әрбір бұрышына ба­рып, тығыла бас­та­ды. Жа­ным қаншалықты қарсылық көрсетсе, періштелер де мені соншалықты соққының ас­ты­на ал­ды. Өзегімнің жұлма-жұлмасын шығарып, ақыры жа­ным де­нем­нен ажы­ра­ды.

Ана­шым, жа­ным не­ге қиналып жа­тыр, құтқарыңдаршы мені. На­маз­да­рым, құтқарыңдаршы мені, садақаларым, ора­за­ла­рым не­ге келмейсіңдер.

Көзі соқыр, аяғы ақсақ, өте жұпыны бір шал көзіме көрінді. «Сен кімсің?» деп сұрағанымда «Мен сенің амалдарыңмын» «Сен не­ге маған бағанадан бері келмедің?» дегенімде, ол маған: «Сен амал­дар­ды немқұрайлы, на­маз­дар­ды ықылассыз кешігіп оқушы едің ғой. Оразаларыңда тек ішіп же­уден ғана тыйылатынсың. Сондықтан мен саған осын­дай бей­ша­ра күйде келіп тұрмын» деп жа­у­ап берді.

Ана­шым, сол кез­де менің өзегімді өкініштер өртеді. Өмірімде сезініп көрмеген өкініш, өзгертуге бол­май­тын өкініш. Не­ге, сол кез­де на­маз­да­ры­ма немқұрайлы бол­дым, не­ге амал­да­рым аз, әлсіз бол­ды, ана­шым, ана­шым маған, киіміме, тамағыма мән бер­ген­ше не­ге на­маз­да­рым­ды, құлшылығымды қадағаламадың. Сен кигізген кебін шіріді, сен жегізген тамақтар бой­ым­нан құрт шаянға жем бол­ды. Денемді әр жерінен тескілеп, өздеріне азықтарын та­у­ып жеп жа­тыр.

Ана­шым, маған екі періште келді де өмірде мен  көп естіп жүрген сұрақтарды қоя бас­та­ды, бірақ менің тілім күрмеліп, аузы­ма сөз түспеді, не­ге… Мен олар­ды білемін ғой… Ай­та ал­май жа­ным қиналды, Ана­шым сон­да олар мен қатты соққының ас­ты­на ал­ды, бұл өмірде адам ба­ла­сы сезінбеген қатты ауыр соққы, шыңғырған, ышқынған дау­сым шықты.

Құтқарыңдаршы,құтқарыңдаршы…. Бірақ бәрінің кеш екенін түсіндім. Енді ештеңені түзете ал­май­мын ғой. Сол кез­де маған тозақтағы ор­ным көрсетілді. Қандай жа­ман орын. Ал­ла­дан қиямет күніңді жақындата көрме деп қатты жал­ба­ры­нып сұрадым.

Ана­шым, маған сенің жақсы амал­мен жасаған дұғаларың ғана жәрдем бе­ре ала­ды. Ана­шым, сенің өкінішке ұрынғаныңды қаламаймын.. Ана­шым, бәрі хақ, бәрі шын.

Ал­ла­дан жәрдем сұра,ана­шым..»

 

 

 

 

 


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz