Анам

Жарнама

АнамАсыл анам, тентек балаң,
Сені жылатқан.
Асыл анам, ерке балаң,
Сені жұбатқан.
Күнім деген, күлімдеген
Жаныменен мейір берген.
Әнім анам, сәнім анам,
Таппаспын сендей ешбір жерден.
Тентек желдей ерке балаң,
Қадіріңді кеш түсінген.
Алыстарда болғанда мен
Хабарласпай көп кетуші ем,
Өз ісіммен, өз жөніммен.
Ал, сен болсаң, жалғыз дарам,
Бетіңді жудың жасыңменен
Уайымдатқан сені балаң
Жүрді дайым ісіменен.
Бір қоңырау, бір хабар,
Берсем егер кей кезде
Бақытқа толған, нұр шашқан.
Айналдың жанға сен лезде.
Әрдайым мен сағынамын,
Сенің жылы құшағыңды.
Қолымды жайып, жалынамын,
Бақытқа сенің толғаныңды.
Жалғыз анам, алғаш қадам,
Басқанымда қуанып.
Маған алаң, маған алаң,
Етесің сен дұға қып.
Жылуыңды сенің ана,
Көре алмадым ешкімнен.
Болса да адам қанша дана,
Ізетпенен бас иген.
Өзімше болып жүруші ем,
Айтқаныңа көнбей мен,
Жүрегіңді жаралап.
Бәрібір күлуші ең,
Мейірім бөлуші ең,
Еш талмай құшақтап.
Қарным ашып, келгенде даладан.
Қолым кір үстім шаң.
Сол кезде сен мені,
Көргенде анадан,
Көз нұрым келдің деп,
Қолыңа су алып,
Келуші ең қасыма,
Қарнымның тойғанын
Күтуші ең асыға.
Жуынып, киініп,
Кетуші ем қайтадан.
Далаға далбақтап,
Жүгірем қайтадан.
Қайтадан, қайталап,
Кір болып келуші ем.
Қайтадан, қайталап,
Бетімнен сүюші ең.
Сағынамын сол кезді,
Уайымсыз күндерді.
Уақытым тым тезді,
Қайтарсыз ол кетті.
Кірген тікен табаныма,
Маңдайыма кірсін деп
Отырасың сен жасына,
Құдайымнан сен тілеп.
Ей, бауырым, сен тыңда
Біл, қадірін анаңның.
Жұмақ оның астында,
Біл, қадірін панаңның.
Жаратушы бір ием,
Мейір берген анаға,
Қарасын деп балаға,
Ақыл берген санаға,
Ана айналды панаға.
Саған берген бұл сыйлық
Қайыры оның мәңгілік.
Жанға сая ананы,
Құрметтейік, ән қылып!!!

Автор: Шекер


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz