Қарттар үйін мекен етіп…

Жарнама

Қарттар үйін мекен етіпТа­лай-та­лай қиындықпен өмірі өтіп,
Қарттық де­ген аза­бы келіп жетіп,
Дәрмені жоқ қариялар жүр ғой,
Амал­сыз­дан қарттар үйін ме­кен етіп.
Тұрушы еді ал­ды­мыз­да асқар бо­лып,
Бір кездері жа­зы­лу­шы еді дас­тан бо­лып.
Қарттар үйінде қалыпты қарттарымыз,
Қиналып, жа­нар­ла­ры жасқа то­лып.
Қазір қиын олардың жайы, күйі,
Осы бо­лып, мінекей, жет­кен жері.
Қаншама жәудіреген ақсақалға,
Па­на бо­лып отыр ғой қарттар үйі.
Кетті ғой тек­ке олардың бар бейнеті,
Сағы сы­нып, олардың жа­ны күйреп.
Сондағы өз ба­ла­сы тас­тап кет­кен,
Бетін тілсе, қан шықпайтын безбүйрек.

Иә, менің мақалам осын­дай ауыр өлең жол­да­ры­мен бас­та­ла­ды. Бұл өлеңді са­на­сы жоқ сай­ран­дап жүрген жастардың ар жағына бірнәрсе жетеді де­ген үмітпен жа­зып отыр­мын. Өмірден көргені мен түйгені көп, ала­ры­нан берері мол қарттарымыз біз үшін баға жет­пес байлық емес пе? Жас­тай­ы­нан тағдырдың тауқыметін көріп өскен ақсақалдарымыз бен ақ жаулығы желбіреген әжелеріміздің айтқан әрбір сөзі біздің өмірімізді түбегейлі өзгертіп, қиындыққа қарсы тұрар ба­с­ты қаруымыз бо­ла ала­ды. Біз со­лай деп бағалаған қадірлі ата-әжелеріміздің ғұмыры қарттар үйінде өтіп жатқандығы өте ая­ныш­ты жағдай.

Кішкентайынан әлпештеп өсірген ба­ла­ла­ры ата-ана­сын сол бір қараң қалғыр шаңыраққа апа­рып тас­тап жа­та­ды. Беті бүлк ет­пес­тен ая­у­лы ана­сы­нан, асқар та­у­дай әкесінен бас тартқан балаларға не де­уге бо­ла­ды!? Қандай ша­ра қолданамыз?! Ба­ла­ла­ры­нан баз кешіп, бақытын қарттар үйінен іздеген қарттарымыз қаншама! Өзгеден үміт күтсе де, өзегінен теп­кен ба­ла­ла­ры­нан үміт күтпейтін ата-аналарымыздың сондағы бар ар­ма­ны – балаларының бақыты ғана. Ба­ла­ла­ры әкесін, ана­сын іздеп келеді екен, бірақ оның жалғыз себебі көкейлерін тес­кен ақша екен. Өздері жұпыны киінсе де, баласының жағдайы үшін ай­ы­на бір рет ала­тын зейнетақысын балаларының қолына ұстатып жібереді. Қартайғанда қызығын көрсетудің ор­ны­на қабырғаларын қайыстырып, өмірлерін өксітіп, кең үйлерін ана­сы мен әкесі үшін тар­сы­нып, ая­у­лы жан­дар­ды тағдырдың ауыр сынағына тас­тап, он­сыз да сол безбүйрек ба­ла­ла­ры үшін өткен азап­ты ғұмырлары аз болғандай, қиындықпен беттестіріп қояды. Сондағы ата-аналардың жазығы не? Өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ауы­ра қалса ас­ты-үстіне түсіп, сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын деп бар тәттісін баласының ал­ды­на то­сып, жақсысы мен жайсаңын, қазысы мен жал-жа­я­сын ба­ла­сы­на беріп, бесігінің ба­сын­да та­лай түнін ұйқысыз өткізгендігімен қоймай, түнімен көше кезіп кет­кен ба­ла­сын күтіп көз ілмейді де. Одан қалса, өсіріп, үйлендіріп, үй қылып жағдайын жа­сап бол­дым, енді бейнетімнің зейнетін көрейін де­ген шағында сол қартта үйіне көздерін жәудіретіп тас­тап кетеді. Сон­да ана­сы­на жасаған жақсылығы осы ма? Жоқ әлде анасының қиындықпен кеш­кен ғұмыры тек­ке өткендігі ме?

Ана­ны Мек­ке­ге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың деп құрмет тұтқан ананың бағасын түсірген са­на­сыз жас­тар қаншама. Ал­ла ал­дын­да үлкен күнәға батқан кей жан­дар еш қорықпайтын бол­ды. Ата-ана­сын жылатқандығы үшін сұраққа тар­ты­ла­ты­нын ұмытқандай. Қош делік, әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз қолымен істеген іске өкінетін кез де же­тер.

Менің бұл мақаламдағы айтпақ ой­ым, қиындықты көп көрген ата-әжелеріміз ешқашан жы­ла­ма­сын­шы. Олар не­ге қайғыруы ке­рек? Олар не­ге мұңаюы қажет? Осы жағын біз не­ге ой­ла­май­мыз?

 

Жақсылық Айгерім
Ал­ма­ты облыстық И.Нүсіпбаев атындағы №4 мек­теп-интернаттың 10-сы­нып оқушысы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz