8-ші НАУРЫЗ. Нәзік жандыларымызға дұрыс күнде бұйырмапты.

Жарнама

8-ші НАУРЫЗ.Бүгінгі «Әйелдер мерекесінің» тарихына көз жүгіртсек 1857   жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілері өткізген шеруге келіп тіреледі. Олар – он сағаттық жұмыс күнімен қоса еркектермен бірдей еңбек ақы алуды талап еткен болатын. Шын мәнінде аталмыш шеруді бастаған тігіншілер емес, жеңіл жүрісті әйелдер өздеріне қарыз болып қалған теңізшілерден жалақыларын алу үшін ұйымдастырған еді.  Үкімет  демонстрацияны тарқатып жібергенімен, артына  өшпес із қалдырып кетті. 1894 жылы Париж жезөкшелері демонстрация ұйымдастырып, өз құқықтарын қорғайтын кәсіподақ ұйымын құруды талап етеді. Ол кездедедемонстранттар полиция күшімен таратылады. Одан кейін 1910 жылы төңкерісшіл неміс қыздары Роза Люксембург пен Клара Цеткин 8-наурыз күнін  жезөкшелерді – полиция тарапынан қудалауды  тоқтатып,  басқа да мамандық иелерімен теңестірілген дербес кәсіподақ ұйымын құруды талап етіп,  тағы да шеру ұйымдастырады. Және бұлар дегендеріне жетеді 1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен  Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып,  дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді атау туралы ұсыныс жасап 8-наурыз күнін белгілейді.  (К.Цеткиннің туған күні де 8-наурыз).  Коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесі Совет елінде қалыптасуына бұрындық болған Леонид Ильич Брежневті айтса болады. Кеңес кезінде  – жоғарыдағы жезөкшелер демонстрациясы «еңбекші әйелдер» демонстрациясы деген атауға алмастырыоып, Л.И.Брежневтің тапсырысымен 1966 жылы 8-наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде  бекітілді. Көтерілістің түп төркіні болған Америка мен Еуропаның біраз мемілекеттері бұл күнді  мереке ретінде есептемейді. Дегенмен оларда нәзік жандылар үшін  арнаулы бір күнді жоқ деп айта алмайсыз. Атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда  – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген атаулы күндер бар.

Тағы бір айта кететін жағдай 8-наурыз күнін еврейлер басқа бір мақсаттағы мереке ретінде бөлекше атап өтеді. Оның тарихы –  еврей сұлуы Есфирь мен парсы патшасы Ксеркстен бастау алады. Есфирь ханым өзінің Ксеркске әсер еткен әдемілігінің арқасында, өз халқы еврейлерді жойылып кетуден құтқарып қалған-мыс.  Алғаш рет 8-наурызды мереке ретінде тойлауды ұсынған Клара Цеткин де еврей ұлтынан. Сол себепті ол,  8-наурызды мереке ретінде ұсыну арқылы еврейлердің мерекесін әлемдік дәрежеге көтеруді де ойластырған дейді зерттеушілер.

  Жеңіл жүрісті әйелдердің құқын қорғаудан бастау алған бұл күнді ары таза нәзік жандыларымызға атап  «керемет мерекеге» айналдырғанымыз қалай? (жылдың басқа күні жетпегендей) Аяулы жандарымыздың құқын қорғау емес  қорлауға жақын келмеймe бұл?  Халқымыз  арнаулы күнді белгілемей-ақ әрқашанда қызға төрінен орын беріп оны өзінің абыройы санаған. 365 күннің  бір күнін олар үшін арнасақ артық емес әрине. Болмасын емес, Болсын басқа күні-ақ. Өкінішке орай, Әйелдер мерекесінің тарихын көбіміз біле бермейміз. Бүгінде ақылы бар кісінің өзіне айтсаң: «тек мен емес, бәрі де солай жасайды» деп, ақталады. Осындайда  «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мақалдың жолы болып кетеді.. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сахабасы  Умар ибн әл-Хаттаб р.ғ айтқандай: «Біз Ислам арқылы дәрежемізді жоғарылатқан халықпыз. Ал, егер де,  басқа дүниеден дәреже іздейтін болсақ, онда Алла біздің дәрежемізді түсіреді». Алла дәрежеңді түсіретін болса өзіңнен асқан жаман адамды іздеудің қажеті де жоқ. Алла жарылқамағанда адам жарылқайма?

Ержігіт Марат


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz