Азғындыққа қарсы қару

Жарнама

Алыс­тан әкесінің қарасы көрінгенде жүрегі жиірек соғып, «әкем арақ ішіп ал­ды ма екен?» де­ген қорқыныш  тұла бой­ын би­леп алған кіп-кішкентай қыздың жүрегіне үңілетін болсақ: « «Арақ» де­ген жа­у­ыз­ды кім жа­рат­ты екен? Мас кезінде әкем дүниедегі ең жек көретін ада­мы­ма ай­на­ла­ды. Сон­ша ұратындай анамның не кінәсі бар? Біздерге де өштесіп ала­ды. Әкелері арақ ішпейтін ба­ла­лар қандай бақытты! Шіркін  барлық дүкендердегі арақтарды сын­ды­рып, жой­ып жіберсем ғой? Әкем са­тып ала­тын жер қалмаса, сон­да біз ты­ныш, бақытты өмір сүрер едік. Әкем сон­дай жақсы адам бо­лар еді.» деп ойға шомған оны, әкесінің ақырған дау­сы бөліп жібереді. Мөлдіреген көздеріне жас то­лып, ана­сын іздейді. «Қашып үлгерсе, қашып үлгерсе екен.» Осын­дай ар­па­лыс­та жүріп, ана­сы әкесінің қатты соққыларынан зақым алып, өмірмен қош ай­ты­с­ты. Үрей мен се­кем, ар­па­лыс, қорқыныш бітті. Бірақ ба­ла жүрегіндегі жа­ра қалып қойды. Ана­сы­нан ай­ры­лып, шырқырап жы­лап жатқанда, ар­ты­нан ер­ген іні-сіңілдері бұғанасы қатпаған, ал­ды-ар­тын бол­жай ал­май­тын өзіне арқа сүйеп қалғанын сезінді ма екен?

Бұл — өмірдің ащы шындығының бір көрінісі. Мейірімді ана ішкіш әкенің соққыларының за­рда­бы­нан ақыры көз жұмды, ішкіш әкенің де түбіне арақ жетті. Тек солардың куәгерлері ретінде төрт балақай, жетімдіктің ащы дәмін та­тып өмір сүріп келеді…Со­лар­ды көрген сай­ын жүрегімде арақ ішетін адамдарға де­ген өшпенділік оя­на­ды.

Әлішер На­уаи: «Адам­дар ас­пан­да құс боп ұшуды үйренді. Теңіздің ас­тын­да балықтай жүзуді үйренді. Енді жер бетінде адам құсап жүруді үйренсе ғой» — де­ген екен. Адам ат­ты асыл сөзді қор қылып, биік ба­сын төмендетіп, арақтың құлы бо­лып жүргендерге қарап осы сөздерді еріксіз айтқың келіп тұрады. Тіпті, ана­сы­на, әкесіне қол жұмсап жатқандарды да көзіміз көрді. Өз бетімен кез-кел­ген адам са­на­лы түрде бұндай іске бар­ма­сы анық. Ен­де­ше арақтың, шайтанның құлы бол­ды де­ген осы. Ал сол құлдықтан шығатын жол бар ма?

Біреулер емші, тәуіпке ба­рып, енді біреулер дәрігерге жүгініп жа­та­ды. Бұл уақытша көмектескенімен, шайтанның азғыруын иман­сыз жүрек жеңе ал­май, бәрібір қайтадан құрбан бо­ла­ды. Сондықтан адамның жүрегінде шайтанға қарсы ең үлкен қару – ИМАН бо­луы тиіс. Ал­ла тағала адам ба­ла­сын жер бетіне Өзіне құлшылық ету үшін жаратқан еді. Қазір көптеген ба­у­ыр­ла­ры­мыз арақтың құлы бо­лып, соның әмірлеріне толық бойұсынып жүргеніне куәміз.

Әрбір адам өзінің үміт етіп отырған баласының болашақта арақ де­ген азғындықтан алыс болғанын қалайды. Сондықтан, өсіріп отырған өреніміз арақтың емес, Алланың құлы бо­луы үшін кішкентайынан жүрегіне иман нұрын ұялатуымыз қажет. Иман – кез-кел­ген жамандыққа қарсы тұра ала­тын жалғыз қару . Бұл қару арақтың ар­ба­у­ы­на, шайтанның азғыруына төтеп бе­ре ала­ды. Адамдықтың ақ жо­лы­мен жүріп, азғындықты жеңу үшін — адамдардың жүрегінде азай­ып ба­ра жатқан ізгіліктің бас­та­уы иманның сәулесін жас ұрпақтың жүрегіне се­бе білейік. Соз соңын Тұрмағамбет Ізтілеудің мы­на өлеіңімен бітіргім келеді:

 Есіріп отырсыңдар ішіп арақ,

                            Итсіңдер иесіне үрген барақ.

                            Нәрседен сор­ла­та­тын бой­ды сақтап,

                            Жүргендер көлеңкелі гүжім дарақ.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz