Бала тәрбиесіндегі маңызды нәрселер

Жарнама

Әрбір дүниеге сәби әкелген ана өзіне жүктелген жауапкершіліктің аса маңызды екенін сезінуі ке­рек. Баланың болашақта қандай адам бо­ла­ты­ны және Ақыреттегі жағдайы тәрбиеге бай­ла­ны­с­ты. Сондықтан, ана бұл баланың қандай адам бо­ла­ты­ны бірінші Аллаһқа, екінші маған бай­ла­ны­с­ты деп түсінгені аб­зал. Ал енді «тәрбие де­ген не?» де­ген сұраққа жа­у­ап іздеп көрелік.

Тәрбие төрт нәрсеге бай­ла­ны­с­ты:

  1. Тәні;
  2. Ақыл-ой, та­ны­мы;
  3. Ішкі жан дүниесі;
  4. Тұлға ретінде қалыптасуы.

Ба­ла тәрбиесінде ана­лар бірінші тән тәрбиесіне көп мән береді де, қалғандарын ес­тен шығарып алып жа­та­ды. Әрбір ата-ана ба­ла тәрбиесінде осы төртеуіне де жіті мән беруі ке­рек.

Баланың денінің сау болуыанасының жүктілік кезінде өзін-өзі күтуіне, дұрыс тамақтануына, ви­та­мин­дер қабылдауына тікелей бай­ла­ны­с­ты.
Жүктілік кезінде, егер сізге біреу «екі адам үшін жеу ке­рек» де­се сенбеңіз. Шындығында, белоктарға, витаминді және ми­не­рал­ды заттарға сұраныс күшейеді, әйтсе де сіздің денсаулығыңыз үшін бұлардың барлығы 200 калорияға ғана көп ке­рек. Есіңізде сақтаңыз: болашақ ана үшін әртүрлі витаминді тағамдар жеудің пай­да­сы мол. Сол сияқты, аш жүру, тым тоя тамақ жеу және үнемі бірдей тағамдар қолдану зи­я­нын тигізеді.

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану үлгісі:

  • Болашақ ана үшін жиі тамақтанғаны дұрыс бо­ла­ды. Таңертеңгілік жақсылап тамақтаныңыз, түстенуге және кешкі асқа мән беріңіз. Тамақты асықпай, жақсылап шай­нап жегеніңіз дұрыс.
  • Сұйықтықты көбірек қолданыңыз. Күніне 6-8 ста­кан мөлшерінде және тамақтың ал­дын­да не­ме­се ор­та­сын­да. Ас­ты су­мен ішкен дұрыс бол­май­ды.
  • Жүктіліктің бірінші триместрінде қолданған тағамыңыздың са­па­сы­на мән беріңіз. Ол белоктарға және ви­та­мин­дер­ге бай бо­луы ке­рек. Аз-аз­дан бірақ жиі-жиі тамақтанған дұрыс.

Бе­л­ок­тар

Бе­л­ок­тар жа­ну­ар­лар мен өсімдіктерден алынған тағамдарда: ет, балық, жұмыртқа, сүт тағамдарында, дәнді-дақылдарда көп бо­ла­ды. Бұлар денсаулығымыз үшін өте қажетті және салмақ қоспайды.

Еттің түрлерінің ішінде си­ыр еті, тауықтың ақ еті және үндік, қоян етін қолданған дұрыс.
Балық белокқа, каль­ций­ге және фосфорға өте бай. Балықтың май­лы емес сор­т­та­ры пай­да­лы. Қызыл және қара уылдырықтан да құр қалмаңыз.
Сүтті жақсылап қайнатып қолданаған дұрыс.

  • 32- ші ап­та­дан бас­тап сіздің белсенділігіңіз аза­яды, сол себепті ка­ло­ри­я­лы тағамдарға қарағанда жеңіл көмірсу тағамдарын қолданғаныңыз дұрыс. Бірақ бе­л­ок­ты тағамдарды тоқтатып қоймаңыз.
  • 5-ші ай­дан бас­тап ба­ла тез өсе бас­тай­ды, жатырдың көлемі өсіп, қан ұлғаяды. Бұл кезеңде каль­ций­ге, маг­ний, темір, цинк сияқты мик­ро­э­ле­мен­т­тер­ге Д витаминіне сұраныс көбейеді.

Көмірсулар

Көмірсулар ме­та­бо­лизм(зат ал­ма­су) нәтижесінде глюкозаға ай­на­ла­ды. Барлық көмірсулар асқазанға түскеннен соң бірдей жылдамдықпен 20-30 ми­нут қорытылады.

Көмірсуға бай тағамдарға ұннан жасалған қара нан­дар, көкөністер, жеміс жи­дек­тер, дақылдар са­на­ла­ды.
Ботқалардан греч­ка, күріш, та­ры,ар­па, жүгері ботқаларын қолданғаныңыз пай­да­лы. Олар­ды ет­пен, қырыққабатпен, өсімдік май­ы­мен ара­ла­с­ты­рып қолданған жөн.

  • Ащы, тұзды, май­лы және тәтті тағамдарды көп қолданудан сақтаныңыз.
  • Жеміс-жи­дек­тер мен көкөністер сіздің күнделікті ас мәзіріңіз бо­лу ке­рек.
  • Етті тағамдарды асылған, буға піскен күйде қолданғаныңыз дұрыс.(Теф­те­ли, буға піскен кот­лет­тер т.б.)
  • Міндетті түрде ап­та­сы­на бір рет балық жегеніңіз пай­да­лы. Асылған түрде бол­са жақсы.
  • Егер жүктілік бір қалыпта өтіп жат­са, сұйықтықты көп қолданғаныңыз дұрыс.Ми­не­рал­ды су­лар, көк шәй, шөптер және т.б.

Баласының болашағына алаңдаушылық білдірген әрбір ана өзінің ішіп-же­ген тағамының ха­лал ас бо­лу­ы­на, тұтынатын заттарының адал табылған бо­лу­ы­на мән беруі ке­рек. Бұл оның денсаулығына да, ру­ха­ни қалпына да қатты әсерін тигізеді. Бұған мы­на хи­кая мы­сал бо­ла ала­ды: «Бірде бір кісінің ба­ла­сы өте бұзық бо­ла­ды. Ол көршісінің су құятын ыдыс­та­рын тесіп, су­ла­рын далаға ағызып жібере береді. Олар қайта-қайта ес­кер­ту­лер жа­сай­ды. Баланың неліктен мұндай сотқар болғанын түсінбеген әкесі мен ана­сы «қай жер­ден қате жібердік» деп ой­ла­на­ды. Сол кез­де анасының есіне жүкті кезіндегі мы­на оқиға түседі: «Мен осы балаға жүкті бо­лып жүргенде бір зат сұрау үшін көршімнің үйіне бар­дым. Со­дан ол маған сол зат­ты әкелуге кет­кен­де, дас­тар­хан үстінде тұрған анар­ды қатты жегім келіп, шы­да­май, рұқсатсыз оның бір жерін тесіп, шы­ры­нын со­рып, қайта ор­ны­на қойған едім», — дейді. Бұның мән жәйін түсінген әкесі «Де­реу тәубеңе келіп, Аллаһтан кешірім сұра», — дейді.

Осы хи­ка­я­дан көргеніміздей біздің істеген амал­да­ры­мыз, же­ген тағамымыз баланың тәніне ғана емес, ру­хы­на да әсерін тигізетінін байқадық.

Жүктіліктің 17-20 ап­та­сы­нан бас­тап, ба­ла анасының және сырттағы да­у­ыс­тар­ды ес­ти ала­ды. Сондықтан ананың Құранды көп оқуы мен көп тыңдауының маңызы зор. Баланың Құранды жат­тау қабілеті осы кез­ден бас­та­ла­ды. Сол себепті, Құранды да­у­ыс­тап оқуды дағдыға ай­нал­ды­рып, бір іспен шұғылданып, қолыңыз ти­мей жатқанда да, тынығып жатсаңыз да үнтаспаға Құран аят­та­рын қосып тыңдағаныңыз ба­ла үшін өте пай­да­лы.

Айнұр Сар­ба­ла
Медициналық ма­те­ри­ал­дар   «Мать и Ди­тя» кітабынан алын­ды


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

1 Пікір на "Бала тәрбиесіндегі маңызды нәрселер"

avatar
Ulmira
Қонақ

Әрине, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі ғой. Машалла! Алла береке берсін отбасыңызға, Айнұр апке.

wpDiscuz