Көтеріңкі көңіл-күй ауру жолатпайды

Жарнама

Көтеріңкі көңіл-күй ауру жолатпайдыҚатысты зерттеулер көрсеткендей, тамаша, көтеріңкі көңіл-күй адам денсаулығына ең демеуші болатын бір түрлі күш екен. Егер көңіл-күйді реттеудің ебін біліп, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі де жадыраңқы ұстай білгенде, аурудың алдын алып, сырқатты әу бастан емдеудің өнімін көруге болады.

АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің зерттеушілері мынаны байқаған: ғашықтық сезіміне шомған адамның денесінде бір жылдай «нерв өсу факторы» дейтін заттың деңгейі арту жағдайында тұрады екен. Гормон сияқты осы зат жаңа ми клеткаларын тітіркендіріп, олардың өсуін жебеп, жүйке жүйесінің қалпына келуіне, әрі есте сақтау қуатының артуына игі ықпалын көрсетеді. Ал шынайы қарқылдап күлу адамның психологиялық қысымының жеңілденіне мүмкіндік жасап, қан тамырдың ішкі қабырғасын қорғауға, жүрек ауруының қозғалу ықтималдығын азайтуға тиімді келеді. Бұдан басқа, шын қайғырып қатты жылағанда да, неғұрлым мол гормон мен нервтік жеткізуші заттар бөлініп шығып, денедегі жабығу тудыратын химиялық құрамдарды жойып жібереді екен. Ғашықтық сезіміне шомған, қарқылдап күлген, разылық көңіл — күйіне бөленген адам қуанышқа шомып, өзін бақытты сезінеді, былайша айтқанда, қуанышты көңіл — күйде болады. Қуанышты жүрек меңгереді, сондықтан «Қуаныш» жүрекпен қатысты болады. Қытай дәстүрлі шипагерлігі теориясында: «Жүрек қанды меңгеріп, рухты сақтайды», рухпен нұрланған жүрек — адам денесінің тіршілік қимылының әміршісі іспетті, ішкі ағзалар жүректің біртұтас қолбасшылығында болғанда ғана, бірыңғай сәйкесті тіршілік әрекетін жасай алады – делінеді. Шат көңілді, рухы көтеріңкі, ойы сергек, дене мүшелері қалыпты жұмыс істейтін адамның дені әрине сау болады. Сонымен бірге, жылаудың өзі көңіл – күйі жағынан алғанда оңды нәрсе емес, бірақ адам жылағаннан кейін, ішкі шері тарап, мұңы азайып, дене мүшелерінің рөліне жасайтын кері ықпалы жеңілдеп, денсаулыққа пайдалы болады.

Екпін Сабырұлы


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz