Көреалмаушылық- бағалау, қадірлеу

Жарнама

Атақты әнші Қайрат Нұртас бір тойға шығып, бар болғаны 3 минут ән айтып, 1000 доллар алады деседі мына жұрт. Ал бұл кей қазақ елінің азаматтары бақандай бес жыл ақ тер, көк тер болып табатын ақшасы ғой. Ал ол 3 ақ минутта алады. Ойлаңызшы! Қандай ә?

Осы ақпаратты оқығанда бәрі болмаса да, біреуінің іші қылп ете түсті білемін. Біреуі таңдана қараса, екіншісі « Құдай бәрін осы бір адамға үйіп- төгіп бере салған» деген ойда болғаны мәлім. Бұл жағдайды қазіргінің тренд сөзімен айтар болса, көреалмаушылық деп атайды.

Жапон ғалымдары арнайы зерттеу жұмысын жасаған екен. Жаңа туылған он маймылды торға қамап, оларға үш айға жуық бақылау жүргізеді. Үш айда олар тату өмір сүреді. Үш айдан соң тордың қақ ортасына саты қойып, сатыға шыққан маймыл қолы жетер-ау деген жерге бір үйме банан іліп қояды. Қарыны аш маймылдың бірі саты арқылы шығып, бананға қолы жете бере, құлап түседі де, қайта шығуға жүрегі дауаламайды. Сол, сол-ақ екен. Келесі бір маймыл саты арқылы көтеріліп, банан алмақ ниете бола қалса бітті, әлгі алғашқы экспериментші оны төпештей жөнеліпті. Солай үшіншісі де, төртіншісі де, тағысын тағы тепкі астында қалады екен. Маймылдар- инстинкт арқылы санасыз әрекет ететін жануар.

Бірақ эволюцияның ең кемел дәрежесі, діндарлар айтатын жаратылыстың ең көркемінің, кейде осы маймылдар әрекетіне айна қатесіз ұқсайтын әрекет етуі қалай?

Құрбымыз қымбат көлік мініп жүрсе, бай кавалері алып берген дейміз. Жолдасымыз жоғарғы жақтан қызмет алса Бәкесі көмектескен дейміз. Ағамыздың қызы қызыл диплом алса, сатып алған дейміз. Әріптесімізбен бастықтың әңгімесі жарасса, жағымпазданып жатыр дейміз. Бір шетінен қарап көрсек, мұның бәрі еңбек етіп соның нанын жеп жатқандардың ісін сынау дер едім мен.

Көреалмаушылық сөзін жеке-жеке алып қарасақ, осы қасиеттің философиясын этно таным түрғысынан теңдесіз ашып тұр. «Көре» және «Алмаушылық» сөздері біріге тудырып тұрған сөз көзбен көру, көре алу деген түсінік аясында айтылды. Яғни, көршің жаңа автокөлік алып жатса, әріптесіңнің лауазымы көтеріліп жатса оның бұл жетістігін көру, көре тұра іштарлық таныту.

Қазақтың « көкірегі ояу, көзі ашық» тіркесімен ұштасып жатқан бұл сөз талайдың қасиетіне айналыпта үлгерген. Көкірегінде сәулесі бар, имани нұрдың иегерлері мен адамзат атаулының саналылары осы қасиеттен бойын аулақ ұстайды.

Көреалмаушылықтың шыққан тегі адамзаттың қашаннанда тойымсыз дүниеқоңыздығы салдарынан туындаған деп ойлаймын. Алсам, көрсем, білсем, шықсам, жесем, ішсем атты қалаудың шектен шыққан формасы. Барға қанағат ете алмау мен жалқаулық қосылып ботқа болғанда, жүректің саңлауын қара перде жауып, қасиеттер тағына көреалмаушылық отырады.

Дәл осы қасиет бауырлар арасында араздық тудырып, доспен досты көрместей етіп, көршілерді амандастырмас, өкінсе де орынына келмес әрекеттердің мотивіне айналды. Кейінгі кезде қазақ атты қаны таза халыққа сүліктей жабысып алған бұл қасиетті жеңу- сіз бенен бізді егемен елдің батырларына айналдырады.

Қайсыбір жиында басы біріге қалған қазақтар түптеп келгенде туыс болып шығатыны бар емес пе? Бұл дегеніміз иісі қазақ жерін мекен еткен әрбір адам баласы бір біріне бауыр дегенді айғақтайды. Ал бауыр деген кім?

Бауыр- бір бірі үшін жан алысып, жан бергендер. Өзінің ішіерге суы, киерге киімі болмаса да бауырына қара нанын қақ бөліп беретін бір туғандар. Адам баласында бауыр атты орган біреу ғана болғандықтан да, біз бір-бірімізді бауыр деп атаймыз дейтін түсінікте бар қоғам арасында.

Олай болса, бауырым деген иігі жақсыларымызға іштарлық танытып, ішіп отырған су мен тамағына дейін талдап, оның қалтасындағы тиын-тебенін тексеруіміз біз үшін сын.

Жерді жеті айналып шықсаң да, мұхит асып Америкаға оқуға кетсеңде сені өз бауырына басып, жатсынбай құшақ жаяр қазақ қана. Әр қазақ менің жалғызым деп, әрбір азамат өз қандасын қадірлеп, оның бағасына жете білсе көреалмаушылықтың тамырына балта шабылар еді.

Кенесары Қасымұлы Оңтүстіктегі қазақ қызын өзге ұлттың жігіті қорлағанын естіп, араға бір күн салмай Батыстан жетіп келген екен. Бұл бабамыз әр қазақ үшін өліспей беріспеген оғлан болғанына дәлел болып, өзінің ұлтының сүйенер таянышы бола білгендігі. Сол Кенесарының артында қалған мұрагерлері, бүгінгінің Кенесарылары бір бірінің алған автокөлігін көре алмай жүр десе, бабамыз бетімізге түкірер еді-ау.

Сіз жетпеген қазақтың қадіріне, Ресейден бір орыс, Корейден бір кәріс, Африкадан бір үндіс келіп жетер деймісіз?


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz