Қыз бала жағадағы құндыз

Біздің қазақ халқы отбасы тәрбиесінде қыз баланың тәрбиесіне өте ерекше көңіл бөледі.Қыз баланың бойына әдептілік, көргенділік деген қасиеттер нәресте кезінен ана сүтімен тез сіңеді.

«Қызы бар үйдің , қызығы бар » — демекші қыз бала отбасының ең басты қазығы болып саналады. Себебі біз қыздар болашақ анамыз. Ал болашақ ана болу алдында, қыз баланың отбасы тәрбиесінде өзіңдік міндеттері бар. Ең бірінші міндеті: ата-анасын күтіп,бауырларды сыйлау. Үй ішіндегі барлық шаруаларды атқарып, яғни анасына үнемі көмектесу. Анасындай сабырлы болып, қабақ шытпай жүру. Ешқашанда дөрекі сөйлемеу, орынсыз сөз айтпау. Міне осының бәрі қыздар үшін орындауға тиіс ең басты міндеттер.

Ал қыздың намысы мен ары, адамгершілігі оның оқуға, отбасына, құрбы құрдастар қарым – қатынасына байланысты. «Қызды төрге отырғыз, төрендей күт» — деп халқымыз қыздарды бақыт құсына балап, әлпештеп, аялаған.Қыз балаға бағынышты болсын деп дөрекі сөйлеуге болмайды. Себебі қыз бала қазір-нәзік жан, ертен болашақ ана. Қыз баланың әдептілігі оның сөйлеген сөзінен, ісінен, міңез-құлқынан, өзің-өзі ұстай білуінен байқалады. « Анасын көріп қызын ал » — деп бекерге айтпаса керек.

Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып өмір деген үлкен әлемге қанат қағады. Ал сол әлемде әдептілік тәрбиесін көрсету мен өзіңе тиесілі міндеттерін орындау қыз үшін басты міндет. Отбасыда қыз бала міндеттері әрқашан да оң жаққа қойылуы қажет. Себебі қыз бала халқымыздың ең басты гүлі!

Аканова Меруерт

+4
0

Share This Post

guest
0 комментариев
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии