Көзбояушылық-шынайылық, қарапайымдылық

Жарнама

Тайганы мекен еткен Уш есімді жылан бар еді. Уш аш құрсаққа азық іздеп жүріп, тау басындағы асқар шыңда орналасқан қыран ұясын көзі шалады. Қыран қос қанаттын сермеп, ұша жөнелгенде оған тең келер ешбір жаратылыс жоқтай көрінді. Саңқ еткен даусын естіп, тіптен түлкі, қоянда тығылар еді-ау. Уш Қыранның болмысына қарап көп ойланды. Ол қанатын бір серміп ұшқанда күндік жердегі азықты көреді. Қарны ашып ешқашан тарықпайды. Қыран сияқты ұша алсам ғой деген арман пайда болды. Күн өте Уш арманын орындамақ болып, биік жартастың төбесіне шықпақ болды. Бұл ойын Тайганы мекендеп жүрген жан-жануардың бәріне дерлік жариялап шықты. Келесі күні жылан баласы Уштың қырандай қалықтағанын көруге айуан атаулы жиналып келді.

Уш өзінің жұлдызды сәті осы екен деп, жартасқа көтеріліп: «Уа, жарандар! Бізде Қырандардай бола аламыз!»,-деп ұрандап, жартастан төмен секірді. Құз астына құлдилап бара жатқанда қырандай қалықтар қанатының жоқ екенін ұқты. Қыран боламын деген жылан құз астындағы сүйір тастың біріне барып, жалп етіп құлады да, тұрмады.

Бұл оқиғадан шығаратын қорытынды көп. Соның бірі көзді алдандырып, жоқты бар етіп көрсеткісі келетіндер бойында кездесетін сұрқия қасиет. Көзбояушылық- аталатын ол қасиет осы бір мысалда анық көрсетілген.

Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде, он екі мүшесі сау, «қағанағы қар, сағанағы сарқ» адамдардың өз дүниесіне, өз денесіне, өз жаратылысы мен болмысына қарсы шығып, көзбояушылық танытатынына куәгерміз.

Қарапайым өмірдегі қарапайым мысал:

* Бойы қысқалау қыздар өзін өзгеден төмен санамас үшін , бірнеше сантиметрлік биік өкше киеді;

* Шашы селдір-селеу, тіптен шашы өспейтін жігіттер шашы қауғадай жігіттерден қалмас үшін арнайы парик киеді;

* Абысыны тон алғанын көріп, жеңгеміз несиеге кәмшат тон алып киеді;

* Көршісі жаңа автокөлік алғанын көріп, несиеге салонан су жаңа автокөлік алып мінеді;

* Сыныптасы жаңа ұялы алғанын көріп, еден жуушы анасының соңғы тиынына соңғы моделдегі айфон алып ұстайды.

Осылай тізімді ұзын сонар етіп, ұзарта берумізге болады.

Біреуден қалып қалмас үшін алынған бұйымдар мен оларды кигеннен алған ләззат, сол заттың несиесін төлеуге кеткен он жылыңыздың емес, бір сағатыныңыздың да құнындай болмайды.

Неге юіз осындай көзбояушылықпен өзімізді анау аййтқандай элитаның құрамдас бөлігі сияқты көрсеткіміз келеді?

Қарапайым халық болсаң, қарабайыр қазақ болсаң бағың жанбайды, бақыттың ауылы алыстайды деген біреу бар ма?

Осы тұрғысынан «жұрттан қалмас үшін бұйым алған» азаматтарымыздан сауалнама алып көрдім.

Сауалнама бойынша бар болғаны үш сұрақ қойылды?

1. Сіз белгілі бір тұлғаның «жұрттан қалмау үшін» қымбат бұйым алғанын көрдіңіз. Сондағы сіздің пікіріңіз?

2. Адам баласының өзін өзгелермен салыстыра қарап, мейлінше өзін төмен бағалайтынының түпнегізі қайда деп ойлайсыз?

3. «Жұрттан қалмас үшін» алынған бұйымдардарды алмаяқ қойғанда не болар еді?

Сауалнама ортақ есеппен 15 адамнан алынды:

-2 егде жастағы апалар;

-9 жастар;

-4 жасөспірім.

Он бесінің 12ісі бұл қалыпты жағдай екенін айтты. Тіптен жасөспірімдердің бірі:

«Ата-анам менен жұрттан қалмас үшін оқуымды да жақсы оқуымды талап етеді» деп қорытты.

Жұрттан қалу, жұрттың қатарынан қалып қою- қазақ азаматтары үшін қатерлі дертпен тең.

Ал бұл ұлттық диагноздың пайда болуына бірегей себепкер-ата-ана. «Көрдің бе, ана Асхаттың қызы қызыл диплом алыпты»,-деген сөздер мен «Жұрттың балалары қашан көрсең тыным таппай еңбек етеді»,-деген сөздер сіздерге таныс шығар. Ата-ана өз баласын жастайынан өзге біреудің баласымен салыстырып, кемсітіп, төмен түсіріп өсіреді де, баласы анасы я болмаса әкесі қойған сол «жұрттың баласы» атты стандартқа сай болу үшін «жұрттан қалмас үшін» көзбояушылықтарға барады.

Десекте, баласын қаншалықты дәрежеде өзге біреудің баласымен салыстырған ата-ана шын мәнінде өз баласын өзгелерден артық көреді. Жастар тілімен айтқанда әрбір ата-ана үшін өз баласы-идеал.

Идеал баласын «жұрт баласымен» салыстыра отырып, баланың өзін өзі бағалауы мен өзіне өзі сенуін жойып, баланың өзіне көзбояушылық танытатындай ата-анада қандай түрткі болуы мүмкін?

Ол тағы, бітпес шырмауық «жұрттан қалмаудың» әлегі дер едім. Балаға бере алатын барша махаббат атаулыны шынайы түрде балаға беріп, қарапайым ғана мадақтау арқылы балаңызды «жұрт мақтан етер» елеулә тұлғаға айналдыра

аласыз. Шырмауықты келген жерінен үзіп, жас шыбықты шынайылықпен қарапайымдылықты біріктіре өсірер болсақ, жайқалған алып емен өз жұртына сая болар еді.


Жарнама

Share This Post

Сіз не дейсіз?

Пікір жазып бірінші болыңыз!

avatar
wpDiscuz